1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Он екі елі ішектегі асқорыту. Химустың асқазаннан он екі ішекке өтуі



бет147/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

80.Он екі елі ішектегі асқорыту. Химустың асқазаннан он екі ішекке өтуі.

 

Астың адам қарнында корытылу мерзімі 6-8 сағат онын құрамына байланысты. Қарында әсіресе майы, белогi көп тағамдар ұзак жатып калады, бірак көмірсулы тағамдар тезірек жылжып, он екi елi iшекке бұрынырақ ауысады. Сұйык тағам қарында тоқтамастан тез ішекке өтедi, ал жасанды корек карында жылжымай жатып калады. Пилорустың ашылып жабылуына қарай ас қарыннан он екі елі ішекке бөлек-бөлек сығымдалып өтедi.



 

Пилорус сфинктері жиырылып жабылса ас карында токтап калады, тек сфинктер босаған сәтте ғана он екі елі ішекке өтіп кетеді. Ал сфинктер рефлекстік жолмен жиырылып жазылады, яғни пилорустың ашылып жабылуы рефлекс аркылы іске асады. Қарын тарапынан келген рефлекс сфинктерді босатады, ал он екi елi iшектен келген рефлекс, керісінше, сфинктерді жиырады. Пилорустың ашылып жабылуына карындағы және он екі елі ішектегі гидростатикалык кысым, химустын қышқылдык дәрежесі әсер етеді. Мұнымен катар карындағы астың осмостык кысымы жоғары болса, пилорус сфинктері көпке дейiн босамайды. Астын карыннан он екі елі ішекке өтуiн iшек гормондары да реттейді. Он екi елi iшекке химус кышкыл күйiнде өтсе, көп мөлшерде секретин мен панкреозимин бөлiнедi. Бұл гормондар карын кимылын тежейдi, бiрак ұйкы безiнiн сөл шығару қабілетін күшейтеді, осыган орай ішекте рН жоғарылап, пилорустын ашылуын тездетедi.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет