1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары



бет33/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

Таламус. 40 шақты ядролардан тұрады. Бұлар функциялық маңызына қарай арнамалы, бейарнамалы, ассоциативтік, қозғалтқыш деп бөлінеді.

Арнамалы ядроларына жұлынның өрлеме жүйке талшықтары арқылы дене рецепторларынан келетін түрлі сезімдік ақпараттар мен бірге көзден, кұлақтан шығатын сезім серпіністері жиылып,оданәрі ядролардың талшықтары арқылы ми қыртысына жеткізіледі. Бұл ядролар бұзылса, рецепторлардан келетін әсерлер сезілмейді. Арнамалы ядролар нейрондарының тері, ет-сіңір және ішкі ағзалар рецепторларымен байланысына қарай ядролардағы орны,қызметі әртүрлі. Осы түрлі функциялы нейрондар ми қыртысыныңсезімтал зоналарындағы функциясы сәйкес нейрондармен байланысады. Таламустың арнамалы нейрондары сезімдік хабарларды

ми қыртысына тек өткізіп қана қоймай, оларды талдап құрамыстайды. Сондықтан кейбір сезім серпіністерінен таламуста жабайы түйсік пайда болады. Нақтылы түйсік ол ми қыртысының қызметі. Ауруды сезу түйсігі таламусы сақталған (жарты шарлар алынып тасталған) жануарларда пайда болатыны байқалған.

Латеральды иілмелі дене көру сезімі жүйесінің, ал медиальды иілмелі дене дыбыс есту жүйесінің арнамалы ядролары.Ассоциативтік ядроларға түрлі серпіністер таламустың арнамалы ядроларынан келіп түседі. Бұл ядролар қызметі мн қыртысындағы осындай зоналар қызметімен тығыз байланысты. Бұлар жоғары анализдік, синтездік процестеріне, ми қыртысының итегратив-тік қызметіне қатысады.

Бейарнамалы ядролар ми қыртысына тұтас активті әсер етеді,оның қозғыштық қасиетін, ырғақты электрлік белсенділігін реттейді. Бұл ядролардан ми қыртысына барған серпіністер қыртыс қозғыштығын жоғарылатып, арнамалы ядролардан келгең. әсерлерге қыртыс жауабын күшейтеді.

Бейарнамалы ядролар ми бағанынан торлы құрылымның жоғары қарай бағытталған активті әсерін ми қыртысына жеткізеді деген пікір бар. Ми бағанының торлы құрылымы тәрізді ми кыртысының белсенділігін тұтас күшейтеді. Мұнымен қатар таламустың , ми қыртысымен байланысы екі жақты. Ми қыртысы да таламус қызметіне әсер етеді.

Қозғалтқыш ядроларға мишықтан және қыртысасты базальдық ядролардан серпіністер келіп түседі және ми қыртысының қозғалтқыш зонасына проекциялық серпіністер жеткізеді, Сондықтан бұл ядролар қимылды реттейтін жүйе қатарына кіреді.

Ми қыртысы таламустың арнамалы және бейарнамалы ядролар кызметін тежеуші және жеңілдетуші әсер ете алады. Мұндай екі жақты байланыстардың ми қыртысының интегративтік қызметін іске асыруда және физиологиялық маңызды жағдайларды реттеуде маңызы өте зор.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет