Гипоталамус көру төмпешігі астында орналасқан көп ядролы (32 жүп) құрылым. Бұл ядролар жатқан орнына қарай преоптикалық, алдыңғы, ортаңғы, бүйірдегі және артқы деп 5 топқа бөлінеді.
Гипоталамус ми сыңарлары қыртысы, лимбиялық қыртыс, торлы құрылыммен, сопақша мидың парасимпатикалық және симпатикалық ядроларымен, жұлынның бүйір мүйізіндегі вегетативтік
ядроларымен қатар таламус, гипофизбен эфференттік байланыста.Мұнымен бірге оған базальдық ядролардан, мишықтан афференттік жүйкелер, ішкі ағзалардан кезеген жүйке арқылы хабарлар келіп тұрады. Гипоталамусқа ішкі ортадан да көптеген ақпараттар келеді. Оның әрбір нейроны 2-3 капиллярмен түйіскен (капиллярлар өте қалың). Капиллярлардың қабырғасы үлкен молекулалы заттарға өтімді. Сондықтан гормондар мен басқа да химиялық белсенді заттар қаннан гипоталамус тканіне қарай өтіп, оған тікелей әсер етеді. Гипоталамустың кейбір ядролары мидың үшінші қарыншасының қабырғасын құрады. Мұндағы сұйықтықтан да заттар гипоталамусқа өте алады. Гипоталамус орталық жүйке жүйесінің құрылымдары мен бірге шеттегі ағзалар, тканьдермен екі жақты (афференттік және эфференттік) байланысының арқасында организмнің көптеген функцияларын реттей алады.
Ішкі ағзалардың қызметіне гипоталамус вегетативтік жүйке жүйке-йесі және эндокриндік бездер арқылы әсер етеді. Ол жүрек-тамыр жүйесінің қызметін, зат алмасуын, ішкі сөлініс бездер қызметін, ас қорыту, бүйректер қызметін, несепті шығаруды реттейді. Мұнымен қатар ішкі орталык және дене қызу тұрақтылығын сақтайды. Гипоталамус сомалық функциялардың (қимылдардың) вегетативтік өзгерістерін қамтамасыз етеді.
Гипоталамус қыртыс және қыртысасты құрылымдармен бірге организмнің сыртқы орта құбылыстарына бейімделуін және ұйқы мен сергектіктің кезектесуін реттеуге де катысады. Оның осы аталған функциялары жануарларғажасалған тәжірибелерде далелденді.
Гипоталамус ядроларын тітіркендіру не оның әр жерін кесіп алып тастау арқылы бұл ағзаның жүрек-тамыр жүйесіне, ас қорыту ағзаларына, зат алмасуына, қызуды реттеуге, несеп бөлінуіне,ішкі сөлініс бездер қызметіне әсер ететіні анықталды. Гипоталамус Осы шеткі ағзалар процесіне, вегетативтік ядролары --- симпатикалық (артқы) және парасимпатикалық (алдыңғы ядролар) бөлімдері, торлы құрылым арқылы және гипофиздің гормон шығару қабілетін өзгерте отырып әсер етеді.
Гипоталамус ядролары жүйкелік серпіністерге ғана емес, физико-химиялық әсерлерге де сезімтал келеді, Оның құрамында көптеген осмостық-рецепторлық клеткалар және қысым рецепторлары,қан қызуын қабылдамайтын терморецепторлар бар. Бұлар ішкі ортадан қанның химиялық құрамындағы өзгерістерді қабылдайды.
Демек, ішкі ағзалардың тіршілігі, мұндағы өзгерістер гипоталамусқа әсер ете алады. Осының арқасында ол ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Гипоталамустың артқы ядроларында симпатикалық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімі, ал алдыңғы ядроларында парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталығы, ал ортаңғы ядроларда зат алмасуын реттейтін орталығы орналасқан.
Гипоталамуста көптеген мотивация (яғни мақсатты іс әрекет -месел) тудыратын орталықтар бар. Мәселен, ортаңғы бүйір ядро- ларда «тойыну» орталығы орналасқан. Оны тітіркендірсе жануаралдындағы азыққа қарамай, алдына қойылған асты ішпей, жүдей бастайды. Осы орталықты алып тастаса, жануар тамақты қанша .ішсе де тоймайтын болады, Тамақты көп жеу (гиперорагия) - салдарынан адам (жануар) денесін май басады. Бүйірдегі ядроларда «аштық» орталығы орналасқан. Оны тітіркендірсе жануар алдындағы азықты қанша болса да жей береді (тоймайды). Ал бұл .орталықты алып тастаса, аш болса да ол азыққа қарамайды (гипофагия), жүдейді. Паравентрикулярлық ядрода, супраоптикалық ядролардан жоғарырақ жерде «шөлдеу» орталығы орналасқан.Осы орталықты тітіркендірсе адам (жануар) шөлдейді, қайта-қай-та су іше береді (полидепсия) шөлі қанбайды. Осы аталған орталықтар мақсатты және бағытталған әрекеттерді (мотивацияны) меңгереді.
Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларында (алдыңғы) нейросекреторлық клеткалар бар. Бұлардың гормондары нейрондар аксоны құратын тамыр мен жүйке синапсы арқылы қанға өтіп гипофиздің алдыңғы бөлігінің троптық гормондарының бөлінуін күшейтеді (либириндер) не төмендетеді (статиндер). Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары гипоталамустың көбінесе супраоптикалық ядроларындағы нейрондарда түзіледі де, олардың аксондарының бойымен ағып гипофиздің артқы бөлігінде жиналып қанға өтеді.
Гилоталамус гипофиз арқылы шеткі сөлініс бездерінің гормон шығаруын бірде күшейтіп, бірде азайтып организмнің көптеген функцияларын реттейді. Сөйтіп гипоталамус гипофизбен біріккен функциялы гипоталамустық-гипофиздік жүйе құрады. Гипоталамустың кейбір жерлерін тітіркендірсе, денеге жағымды (ұнамды) сезімдер туады. Егеуқұйрықтың осы ядроларына микроэлектрод бекітіп, оны токпен байланыстыратын кнопка қойылған бөлмеге қоя бергенде байқаусызда кнопканы басып қалып жаңағы ядроларды
тітіркендірсе, ол сол жерден кетпестен кнопканы баса береді .Бүйір ядроларды тітіркендіргенде мысықта жалған ашулану белгілері пайда болады. Мұның бәрі гипоталамустың мотивация мен эмоцияны калыптастыруға қатысатынын көрсетеді. Оның бұл кызметі бүкіл лимбиялық жүйенің қатысуымен іске асырылады.Гипоталамус осы жүйенің құрамына кіреді. Қысқасы, ішкі ортаның тұрақтылығын, вегетативтік, эндокриндік сомалық функцияларды біріктіретін күрделі құрылым.
Достарыңызбен бөлісу: |