1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі



бет67/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   169
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі

Симпатиқалық жүйке жүйесінің түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқаның екі жағында тізбектелген және омыртқалар алдында алысырақ орналасқан үш мойын ганглийі, оның ішінде жұлдыз тәрізді түйін, құрсак қуысында шажырқайлық ганглийлер бар.

Симпатикалық жүйке жүйесі зат алмасуды күшейтеді, көптеген тіндердің қозуын арттырады, белсенді қызметке ағзаның күшін жұмылдырады. 

Симпатикалық бөлім адреналин әсерінен қозады.

 

Вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі

Парасимпатикалык жүйке жүйесінің ганглийлері- ағзалар ішіндегі интрамуральдық түйіндер түрінде орналасқан.

Парасимпатикалық жүйе жұмсалған энергия қорын қалпына келтіруге ықпал етеді, ұйқы кезінде ағзаның жұмысын реттейді.

Парасимпатикалық бөлімі ацетилхолиннің әсерінен қозады.

 

Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің жеке органдарға әсері



СИМПАТИЧЕСКИЙ БӨЛІМІ:

• жүректің жиырылу жиілігі мен күшін арттырады;

• адреналин шығарылуын ынталандырады;

• қандағы глюкоза деңгейін арттырады;

• қан қысымын арттырады;

• бас миының, өкпенің және коронарлық артериялардың кеңеюін тудырады;

• ішектің перистальтикасын және ас қорыту бездерінің (сілекей) жұмысын тежейді, тегіс бұлшықет сфинктерін азайтады;

• несепағардың перистальтикасын азайтады, бұлшық етті босаңсытады және қуық сфинктерін азайтады;

• бронхтар мен бронхиолдарды кеңейтеді, өкпе желдеткішін күшейтеді;

• көз қарашықтарын кеңейтеді;

 

ПАРАСИМПАТИКАЛЫҚ БӨЛІМ:

• жүректің жиырылу жиілігі мен күшін азайтады;

• қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді;

қан қысымын төмендетеді;

• ішектің перистальтикасын күшейтеді және ас қорыту бездерінің (сілекей) жұмысын ынталандырады, тегіс бұлшықет сфинктерін босаңсытады;

• несепағардың перистальтикасын күшейтеді, бұлшық еттер мен қуық сфинктерін босаңсытады;

• бронх және бронхиолды тарылтады, өкпенің желдетілуін азайтады;

• көз қарашықтарын тарылтады.

 

 

38.Гипофиздің алдыңғы бөлімінің гормондары және олардың басқа эндокриндік бездер функциясының реттелуіне қатысуы.



 

Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан , салмағы 0,5—0,6 г, алдыңғы , ортаңғы , артқы бөліктерден тұрады .

 Алдыңғысы- аденогипофиз , ортаңғысы - меланогипофиз , артқы бөлігі- нейрогипофиз деп аталады .

 

Құрылысы және қызметі жағынан олар әртүрлі , сондықтан олардың әр қайсысын бөлек без деуге де болалы .



Адам және жануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы . бар екенін білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастайды (экстирпация) . Гипофизді алып тастаса өсімтал жас бала өспей қалады , жыныс бездері кеш жетіледі , ал ересек адамның бездерін алып тастаса , жыныстық шабыты төмен дейді . Белок , май , көмірсу алмасуы бұзылады , қалқанша без , бүйрекүсті бездер кішірейеді , қызметі нашарлайды . Несеп бөлінуін де тәуліктік диурез күшейіп , шыжыңдық белгілері пайда болады . Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді . Осы айтылғандарың бәрі гипофиздің гормон шығару қызме тінің нашарлауының ( гипосекреция ) салдары . Ал гипофиздің қыз меті күшейсе ( гиперсекреция ) мұндай өзгерістердің сипаты қара мақарсы . 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет