1. Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Қантамырлардың жіктелуі, дамуы. Қантамырлардың гемодинамикалық жағдайларға байланысты құрылысы, тіндік құрамы мен өзара байланысы



бет2/31
Дата22.04.2023
өлшемі66,31 Kb.
#85681
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
ішкі қабықша - интима (tunica interna s. intima);

  • ортаңғы қабықша - медия (tunica media);

  • сыртқы қабықша - адвентиция (tunica externa s. adventitia).

    Олардың қалыңдығы, тіндік құрамы мен қызметі әртүрлі болады. Қан тамырлары артерияларға, артериолаларға, гемокапиллярларға, венулаларға, веналарға, артериоловенулярлық анастомоздарға бөлінеді. Артерия мен веналардың арасында микроайналым арнасы болады. Артериялар бойынша қан жүректен мүшелерге қарай ағады. Бұл қан оттегіне қанық болады, өкпе артериясы венозды қан тасмалдайды. Веналар бойынша қан жүрекке келеді.
    Артериялар.Құрылысының ерекшеліктеріне байланысты артериялардың 3 түрін ажыратамыз:Эластикалық артериялар ,Бұлшық етті артериялар, Аралас артериялар. Эластикалық артериялар ортаңғы қабықшаларында эластикалық құрылымдардың (мембраналар, талшықтар) жақсы дамуымен ерекшеленеді. Оларға ірі артерияларды жатқызуға болады. Мысалы, қолқа және өкпе артериясы. Эластикалық элементтердің көп болуы бұл тамырларға жүректің систола кезінде созылуына, ал диастола кезінде қалпына келуіне мүмкіндік береді.
    Бұлшық етті артериялар.Бұлшық етті артерияларға (aa. myotypicae) орта және ұсақ калибрлі тамырлар жатады. Бұл тамырлардың қабырғасында көп мөлшерде жазық бұлшық ет жасушалары орналасады, олар мүшелерге қанның келуін реттеуге қатысады. Ішкі қабықшаның құрамына эндотелий, эндотелий асты қабаты және ішкі эластикалық мембрана кіреді. Эндротелий жасушалары базальды мембранада орналасады. Эндотелий асты қабаты борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады, жіңішке эластикалық және коллаген талшықтары бойлай орналасқан. Кейбір артериялардың (жүректің, бүйректің, аналық жыныс бездерінің, жатырдың, өкпенің) ішкі қабықшасында бойлай орналасқан жазық миоциттер кездеседі.
    Бұлшық етті-эластикалық немесе аралас артериялар. Құрылысы және қызметтік ерекшеліктері бойынша бұлшық етті-эластикалық немесе аралас артериялар (aa. mixtotypicae) бұлшық етті және эластикалық артериялардың аралық түрі болып табылады. Оларға ұйқы және бұғана асты артериялары жатады. Ішкі қабықшаның құрамына эндотелий, эндотелий асты қабаты және ішкі эластикалық мембрана кіреді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет