1. Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Қантамырлардың жіктелуі, дамуы. Қантамырлардың гемодинамикалық жағдайларға байланысты құрылысы, тіндік құрамы мен өзара байланысы


в) Бұлшықет элементтері жақсы дамыған веналар



бет8/31
Дата22.04.2023
өлшемі66,31 Kb.
#85681
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
2.в) Бұлшықет элементтері жақсы дамыған веналар
Локализациясы: аяқ пен дененің төменгі бөлігінің ірі веналары – сан венасы, төменгі қуыс венасы.
Құрылысы: Н.А. миоциттер барлық қабықшаларында бар. Сан венасықақпақшалары болады, қанның кері ағуын бөгейтін.
Олар жұптасып орналасқан.
1)ішкі қабықша (t. intima) – эндотелий астында ұзына бойлық бағытталған тегіс миоциттері бар. t.мediaменшектескен жерінде эластинді талшықты құрылымдар жиынтығы бар.
2)ортаңғы қабықша (t. мedia) –борпылдақ талшықты дәнекер тінінде шиыршықты бағытталған тегіс миоциттері бар.
3) сыртқы қабықша (t. externa) ұзына ұзына бойлық бағытталған тегіс миоциттері бар, тамырлардың тамыры бар борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады.
Төменгі қуыс венасы – бұлшықет элементтері жақсы дамыған веналар қатарына жатады, бірақ құрылысы жағынан бірнеше ерекшеліктері бар. Оларға тоқтала кетсем:

  1. жоғары қуыс венасындай қақпақшалары болмайды;

  2. сыртқы қабықшасы өте қалың болып келеді ішкі және ортанғы қабықшамен салыстырғанда.

Веналардың артериялардан айырмашылығына тоқталар болсам, бірнеше айырмашылықтары бар:

  1. қан қысымы және қанағымы жылдамдығы төмен;

  2. сыртқы және ішкі эластинді мембраналары жоқ;

3)вена қуысы жалпақ, тегіс, (анық пішінделмеген) үлкендеу болады;
4) қабырғасының қалыңдығы жұқалау болады;
5)бұлшықетті қабықшасы көбінде ұзына бойлық бағытта орналасқан, ал шиыршықталып орналасуы аз;
6) адвентиция қабықшасы жақсы жетілген; 7) қақпаққшалары бар.
Лимфа тамырлары осы вена мен артерия қантамырлары тәрізді сұйықтық өткізетін жұқа жақтаулы тамырлар. Лимфа тамырлары қанайналым жүйесін толықтырады. Олар негізінен ұлпалардан интерстициальды сұйықтықты сорады деп есептеледі. Лимфа қылтамырлары тамыр жүйесінің қылтамырларына қарағанда біршама үлкен болады. Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытқа қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы вена канымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады. Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың айналасында орналасады. Лимфа түйіндерінің пішіні - домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді (иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер). Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде артерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналаскан жері: қолтық, шап, мойын,құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақсүйeк және т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет