1. Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Қантамырлардың жіктелуі, дамуы. Қантамырлардың гемодинамикалық жағдайларға байланысты құрылысы, тіндік құрамы мен өзара байланысы



бет6/31
Дата22.04.2023
өлшемі66,31 Kb.
#85681
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
3. Аралас типті. Құрылысы бойынша бұлшықетті және эластикалық артериялар арасында аралық орын алады. Оларға бұғанаасты, ұйқы артериясы мен мықын артериясы жатады.
Ішкі қабықша құрамына базальді мембранада орналасқан эндотелий, эндотелийасты қабат және ішкі эластикалық мембрана кіреді.
Ортаңғы қабақша құрамында тегіс бұлшықет жасушалары (спиральді орналасқан) мен эластикалық талшықтар тең мөлшерде болады. Тегіс бұлшықет жасушалары мен эластикалық элементтер арасында аз мөлшерде фибробласттар мен коллаген талшықтары кездеседі.
Артерияның сыртқы қабақшасы екі қабаттан тұрады: құрамында бұлшықет жасушалардың жекелеген шоғырынан тұратын – ішкі, және бойлай-қиғаш орналасқан коллагенді және эластикалық талшықтар шоғыры мен дәнекертіндік жасушалардан тұратын – сыртқы қабат ажыратылады.
Сыртқы қабықша құрамында тамырлардың тамырлары мен нерв талшықтары орналасады.

3. Веналар. Гемодинамикалық жағдайына байланысы вена қабырғасының құрылысы. Веналардың түрлеріне байланысты (бұлшықетті, талшықты) құрылыс ерекшеліктері. Вена клапандарының құрылысы. Лимфа тамырлары. Құрылысы және классификациясы.
Қан тамырлар дегеніміз диаметрі әр-түрлі тұйықталған түтікшелер. Қан тамырлар артерияларға, артериолаларға, гемокапиллярларға, венулаларға, веналарға, артериоловенулярлық анастомоздарға бөлінеді.
Қанды ағзалардан жүрекке алып келетін тамырларды веналар деп атаймыз. Веналардың құрылысы гемодинамикалық жағдайларға және дененің жоғарғы немесе төменгі бөлігінде орналасуына байланысты болады. Веналарда қан қысымы мен қанағымы жылдамдығының төмендеуі, вена қуысының үлкен және пішінсіз болуын сипаттайды. Венада бұлшықетті және эластинді элементтерінің аз болуының нәтижесінде қабырғасы жұкалау болып келеді. Көптеген вена тамырларының ішінде жұптасып орналасқан, айшық тәрізді қақпақшалары (клапаны) болады және ол ішкі қабықшаның туындысы болып табылады. Әсіресе, дененің төменгі бөлігіндегі тамырларда көбірек кездеседі. Себебі қан жүрген кезде ашылады да қан өз салмағымен кері кетпес үшін жабылып қалып кедергі жасайды. Дененің жоғарғы бөлігінде, мойында, бас веналарда қақпақшалары болмайды.
Веналарды терең және беткейлік (тері астында көзге көрініп тұрады)
деп ажыратамыз. Барлық терең веналар артериялармен қатарласа ілесіп жүріп нерв-тамырлар шоғырын түзеді. Көбіне
ұсақ және орташа артерияларда екі вена, ал ірі артерияларда – бір вена қоса ілесіп жүреді.
Веналардың жіктелуі олардың қабықшаларындағы бұлшықет жасушалары ара қатынасына негізделген. Веналар бұлшықетті элементтерінің дамуына байланысты 2 топқа бөлінеді:
1.Бұлшықетсіз (талшықты) типті вена – қабықшалары құрамында тегіс миоциттері болмайды;
2. Бұлшықет типті вена.
Бұлшықет типті веналар өз кезегінде бөлінеді: бұлшықеті әлсіз, орташа, жақсы дамыған түрлерге.
а) бұлшықет компоненті әлсіз дамыған – тегіс миоциттері тек t.mediaда орналасқан (шиыршықты)
б) бұлшықет компоненті орташа дамыған – тегіс миоциттері t.mediaда (шиыршықты) және де t. еxternaда да (ұзына бойлық) орналасады.
в) бұлшықет компоненті жақсы дамыған – тегіс миоциттері барлық үш қабықшалар құрамында бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет