1. Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Қантамырлардың жіктелуі, дамуы. Қантамырлардың гемодинамикалық жағдайларға байланысты құрылысы, тіндік құрамы мен өзара байланысы



бет9/31
Дата22.04.2023
өлшемі66,31 Kb.
#85681
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Байланысты:
гисторк2

Құрылысына байланысты: лимфа тмаырлары талшықты,талшықсыз болып бөлінеді.Диаметрі қан тамырына қарағанда улкендеу, қабылғасында базальды мембрана мен перициттер болмайды. Лимфа капиллярлары гемотологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.
Лимфа жүйесінің қызметі:

  1. Ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі.

  2. Лейкоциттер түзеді.

  3. Ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық сүзгі қызметін атқарады.

  4. Аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады.

Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей, жояды. Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде
«қарсыдене» деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ қуысында орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа сұйықтығы жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Ол сол жақтағы қолтықасты вена тамырларына келіп қосылады.
4. Микроциркуляторлы арнаның қантамырлары. Гемодинамикалық жағдайына байланысы құрылысы, зат алмасудағы маңызы. Артериолалар, олардың құрылысы және қанайналымдағы маңызы.
Жүрек қантамырлар жүйесі ағзалары 3 қабықшалардан тұрады. Оларға артериялар, микроциркулярлы арна тамырлары және веналар жатады. Қантамырлардың құрылысы гемодинамикалық жағдайларға, яғни қанағысының жылдамдығына және қан қысымына байланысты болады. Микроциркулярлы арнаға капиллярлар, артериолалар,венулалар мен артериоло-венулярлы анастомоздар жатады.Бұл қан тамырлар ұсақ болып келеді, себебі олардың диаметрі 100 мкм құрайды және микроскоппен көзге көрінеді.Функциясына қан толуды реттеу, транскапиллярлы алмасу, дренаж деполық қызмет жатады.
Артериоло-венулярлы анастомоздар (ABA) – бұл артериалық қанды капиллярлардан айналып өтіп, веналарға апаратын тамырлардың жүйесі болап табылады. Барлық ағзаларда кездеседі, қанайналымның мөлшері капиллярлармен салыстырғанда көп, жылдамдығы да шапшаң келеді.
Өз кезегінде анастомоздардың екі тобын ажыратады:

  1. нағыз ABA - таза артериальдық қан өтеді. Сыртқы пішіні әртүрлі болуы мүмкін — қысқа, түзу салалы, ілмегі тармақталған тамырлар, екі топқа жіктеледі: қарапайым және күрделі. Күрделі АВА арнайы жиырылғыш құрлымдармен,бұлшықетті немесе эпителиальді құрылыммен жабдықталған.

  2. атиптік ABA - аралас қан өтеді. Артериола мен венуланың қысқа және жуан, капилляр арқылы байланысқан қосылыс. Сондықтан венозды қанайналымға өтетін қан таза артериальді емес, аралас қан болады.

Венуланы үшке бөліп қарастырамыз : посткапиллярлық, жинақтаушы және бұлшықетті. Посткапиллярлық капиллярлардың веноздық бөлігіне құрылысы бойынша ұқсас, бірақ қабырғасында перициттер капиллярларға қарағанда көбірек болады. Бұлшықетті ортаңғы қабықшасында бір-екі тегіс қабат бұлшық ет жасушалары орналасады және оның сыртқы қабықшасы жақсы дамыған. Жинақтаушы венулаларда жекелеген тегіс бұлшықет жасушалары бар және сыртқы қабырғасы жақсы дамыған.
Артериолалар ең ұсақ бұлшық етті артериялар. Олар бір ұшымен артериялармен байланысса, екінші ұшы капиллярларға жалғасады. Артериолалардың қабырғасы да үш қабықшадан тұрады, бірақ артерияларға қарағанда жұқа болып келеді. Ішкі қабықшасы базальды мембранада орналасқан эндотелиоциттерден және жұқа эндотелий асты қабаты мен ішкі эластикалық мембранадан тұрады. Ортаңғы қабықша спиральді орналасқан тегіс бұлшық ет жасушаларының екі қабатынан тұрады, араларында аз аздан эластикалық талшықтар орналасқан. Прекапиллярлық артериолаларда жазық бұлшық ет жасушалары жеке-жеке орналасады. Жалпы, артериоланың капиллярға айналатын жерінде тегіс миоциттерден түзілетін қан ағымын реттеуші сфинктер қысқыштары бар. Прекапилляр деп осы бөлікті атайды. Артериолаларда эндотелийдің базальды мембранасы мен ішкі эластикалық мембранада перфорация байқалады. Ол арқылы эндотелиоциттер мен тегіс бұлшық ет жасушалары өзара тығыз байланысады. Мұндай байланыстар ақпараттың тікелей эндотелиоциттерден тегіс бұлшықет жасушаларына өтуіне ықпалын тигізеді. Мысалы, бүйрек үсті безі қанға адреналин бөліп шығарғанда, эндотелий жазық бұлшық ет жасушаларының жиырылуына әсер ететін фактор бөледі. Бұлшық ет жасушаларының арасында аз мөлшерде эластикалық талшықтар орналасады. Сыртқы эластикалық мембрана болмайды. Сыртқы қабықша немесе адвентиция борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады.Қан айналым кезіндегі маңызын айтып кетсек, эндотелиоциттер мен миоциттер арасында,ы нексустар арқылы, қан құрамы жайындағы ақпаратты эндотелийден миоцитке жетеді. Мысалы, оттегінің азаюы туралы ақпаратты жеткізер кезінде, артериола қабырғасы босаңсиды және қуысы кеңейеді. Осылайша, тінге оттегімен қаныққан қан жетеді.
Капиллярлар кең таралған ұсақ қантамырлар. Капиллярлардың құрылымдық қызметтік ерекшелігіне байланысты үш түрін ажыратады: 1. Соматикалық- эндотелий мен базальды мембранасы тұтас орналасқан. Бұлшықет, нерв жүйесінде, дәнекер тіні мен экзокринді ағзаларда болады.

    1. Фенестрлі-эндотелий жасушаларының цитоплазмасының жұқарған аймақтары немесе фенестрлері бар. Саңылаулары бар, олар диагфрагмамен жабылған, эндокринді ағзаларда, қоңыр май тінінде, бүйрек денешігінде кездеседі.

    2. Синусоидты базальды мембрана мен эндотелий қабаттарында үзіктер пайда болады. Қабырғасында үлкен жасушалық және перфорация немесе трансцелюлярлы тесіктері болады. Сүйек қызыл кемігінде, көкбауырда және бауырда кездеседі.

Қабырғасы 3 қабаттан тұрады: ішкі қабаты-эндотелий, базальді мембранаға бекінеді. Ортаңғы қабаты – базальды мембрана мен оның екіге ажыраған жерінде орналасқан перициттерден тұрады. Сыртқы қабат - адвентициальды жасушалардан және аморфты затта орналасқан жіңішке коллаген талшықтарынан құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет