1. Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Қантамырлардың жіктелуі, дамуы. Қантамырлардың гемодинамикалық жағдайларға байланысты құрылысы, тіндік құрамы мен өзара байланысы



бет14/31
Дата22.04.2023
өлшемі66,31 Kb.
#85681
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
гисторк2

Миокард және эпикард мезодермадан, яғни– спланхнотомның висцеральді жапырақшасы, яғни миоэпикардиальді пластинкалардан дамиды. Миокард- жүректің ең мықты,етті қабығы.Бір-бірімен байланысқан тұсында көлденең жолақты ет жасушалары кардиомиоциттерден тұрады.Ал ,кардиомиоциттер аралығында борпылдақ дәнекер тіні,нервтер және қан тамырлары орналасады.Миокард құрамы бойынша 3 түрлі кардиомиоциттерден тұрады:жиырылғыш немесе жұмысшы кардиомиоциттер;өткізгіш және секреторлы кардиомиоциттер.
Миокардтың көп бөлігін осы жиырылғыш кардиомиоциттер алып жатыр.Ұзындығы шамамен 50-120 мкм құрайды,пішіні төрт бұрышты болып келеді.Сыртын сарколеммамен қапталады.Сарколемманың құрамында кардиомиоциттердің плазмолеммасы мен базальді мембранасы болады.Сарколемманы кардиомиоциттердің сыртқы қаңқасы деп те атайды.Кардимиоцттердің базальді мембранасында Са+ байланысатын гликопротеиндер болады.Қарынша мен жүрекшедегі кардиомиоцттердің айырмашылығы болады.Мысалы,пішіндері жағынан.Жүрекшедегі кардиомиоциттердің пішіні – өсінділі,ал қарыншадағы –цилиндр тәрізді болады.Жүрекшедегі кардиомиоциттер гликопротеиндерге бай болады.Ал, гликопротеиндер қанның ұюын тежейді.
Келесі кезекте жүректің сыртқы қабаты-эпикард.Перикардтың вицеральді жапырақшасы түрінде болды.Бұл дәнекер тінді, миокардпен тікелей бірігіп кеткен,жұқа шамамен -0,3-0,4 мкм құрайтын пластинка.Сырты мезотелиймен қапталған.50%- ын коллаген мен эластин талшықтары құрайды.Перикардта дәнекер тіні эпикардтқа қарағанада жақсы дамып ,жетілген әрі эластин талшықтары да көбірек болады.Мұнда қан тамырлар бойында май жасушаларының жиынтығы кездеседі.
Коронарлы артерияларда ішкі және сыртқы эластинді мембранасы тығыз каркас түзеді.Жүректің клапандарының негізінде қантамырлары қақпақшаларға бекілетін жерінде капиллярларға айналады.Ал ,бұлар барады да,коронарлы венаға жиналады.Айта өткеніміздей жүрек қабырғасында бірнеше нерв өрімдері сонымен қатар ганглилер болады.Ең тығыз орналасқан тұсында оң жақтағы жүрекшемен синустік –жүрекше түйіндері байқалады.Жүрек қабырғасының бос жатқан және капсулалы нерв ұштары да кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет