1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


Төменгі көкет венасы, v. phrenica inferior



Pdf көрінісі
бет32/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   119
Төменгі көкет венасы, v. phrenica inferior
, жұп, көкеттің төменгі бетінде аттас 
артериялармен қосарлана жүріп, көкеттің астында томенгі қуыс венаға құйылады. 


 
Ағзалық веналар 
Төменгі қуыс венаның ағзалық тармақтары келесі: 
1. Атабез венасы v. testicularis, атабездің меншікті веналары түрінде ұмада басталады. 
Соңғылары атабездің артқы бетіне шығып, атабез қосалқысының веналарымен қосылып, 
бірнеше кішірек сабаулар түзеді. Олар өзара анастомоз түзіп, сабақты өрім, plexus 
pampiniformis, құрайды. 
Сабақты өрім шап өзегінде a. testicularis-пен бірге жүреді. Бұл өрімнің тармақтары шап 
өзегінің терең сақинасына жақындаған сайын азаяды және іш қуысына тек екі сабау 
кіреді. Соңғылары ішастар артымен т. psoas major-дың алдыңғы бетімен жоғары және 
медиалді жүріп, articulatio sacroiliaca деңгейінде бір сабау, v. testicularis, түзеді. 
Оң атабез венасы, v. testicularis dextra, жоғары бағытталып, тікелей төменгі қуыс венаға, ал 
сол атабез венасы, v. testicularis sinistra, бүйрек венасына, v. renalis, құйылады. 
Әйелдерде анабез венасы, v. ovarica, ерлердің атабез венасына сәйкес келеді. 
Анабез венасы анабез кақпағы аймағында без қабығынан шығатын көптеген веналармен 
басталады. 
Анабез шажырқайында аталмыш веналар анастомозданып, қалың (қою) анабез өрімін 
түзеді. Бүл өрім жалпақ жалғаманың қалыңдығына енген соң, сабақты өрім, plexus 
pampiniformis {ovarii), атауын алады. Сабақты өрім жатырдың жалпақ жалғамасы 
жапырақшаларының арасында орналасып, жатырдың веналық өрімімен, plexus venosus 
uterinus, және жаиыр түтігі веналарымен анастомоз түзеді. 
Сабақты өрім v. ovarica-ra жалғасады, аттас артериямен қосарлана жүріп, алғашында lig. 
suspensorium ovarii, кейін ішастар артымен жоғары көтеріледі, қақпақтары аз. 
2. Бүйрек венасы, v. renalis, бүйрек кақпағынан шығатын үш- төрт венаның бірігуінен 
бүйрек қақпағы аймағында түзіледі. Бүйрек веналары бүйрек қақпағынан медиалді жаққа 
бағытталып, I және II бел омыртқаларының арасындағы омыртқааралық шеміршек 
деңгейінде тік бұрыш жасап төменгі қуыс венаға құйылады (сол оңға қарағанда кішкене 
жоғары). 
Бүйрек веналары бүйрек пен несепағардың майлы капсуласынан веналарды қабылдайды. 
Сол бүйрек венасы, v. renalis sinistra, оңнан ұзын; ол v. suprarenalis sinistra et v. testicularis-
ті қабылдап, қолқаны алдынан кесіп өтеді. 
Бүйрек веналары бел веналарымен, vv. lumbales, сыңар және жартылайсыңар веналармен, 
v. azygos et v. hemiazygos, анастомоз құрайды. 
3. Бүйрекүсті веналары, vv. suprarenales sinistrae, v. renalis sinistra-га', оң бүйрекүсті 
веналары, vv. suprarenales dextrae, жиі v. cava inferior-ға, кейде v. renalis dextra-ға', сонымен 
қатар кейбір бүйрекүсті веналары сәйкес төменгі көкет веналарына құйылады. 


4. Бауыр веналары, vv. hepaticae - төменгі қуыс вена қабылдайтын ең соңғы тармақтары. 
Бауыр веналары бауыр артериясы мен қақпа венасы капилляр жүйесінен қанды жинап, 
төменгі қуыс вена жүлгесі аймағында бауырдан шығады және сол жерде төменгі қуыс 
венаға құйылады. Бауыр веналары үлкен және кіші бауыр веналарын қабылдайды. 
Ірі бауыр веналары үш мөлшерінде қанды алып келеді: бауырдың оң үлесінен – оң бауыр 
венасы; шаршы және құйрықты үлестерінен - ортаңғы бауыр венасы, сол үлесінен - сол 
бауыр венасы. Соңғысы, төменгі қуыс венаға түсер алдында, веналық жалғаммен 
байланысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет