1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет16/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   98
11-сурет. Ширатпа өлшегіш.



12-сурет. Ширатпа түрлері.

Ширатпа өлшеуіште иірілген жіптің үлгісін бекітуге арналған екі қысқыш (2 және 1), тарқатқан кезде жіптің ұзаруын көрсететін тартылу күшін өлшегіш, (4), жіптің тарқатылуын қарауға арналған лупа (3) және айналу санын есептегіш (5) бар. Қысқыштың біреуі қозғалмайды, екіншісі, айналатыны есептегішпен жалғанған. Мақта, штапель жіптерінің, басқа талшықтардың барлық түрінен жасалған құрама, бұралған иірме, сонымен бірге жалаң иірілген жіптердің ширатпасын анықтау үшін талшықтардың қатар түсуіне дейін тарқату әдісі қолданылады. Жіптерді оңға және солға ширату әдісі бар. Егер тарқату оң қолмен өзіңнен сыртқа қарай жүргізілсе оң ширату дейді. Оң ширату латынның Z әрпімен, ал сол ширату латынның S әріпімен белгіленеді (12-сурет).


Иірілген жіп пен жіптерді, талшықтарды созғандағы мықтылық мөлшері оларды үзуге жеткілікті ең аз салмақпен сипатталады. Үзу салмағы жіп үлгісін үзу машинасында созу арқылы анықталады. Бұл жағдайда үзу салмағын ұзындығы 100 м бір тал жіп үшін де, бүкіл ширатылған жіп үшін де анықтауға болады.
Иірілген жіптің созылғыштығы динамометрде жіптің үзілердегімықтылығымен анықталады. Созылғыштығы жіптің үзілер кездегі ұзаруымен сипатталады және талшықтың құрамына, жуандығына және иірілген жіптің ширатылымына байланысты болады.
Беркелкісіздік – иірілген жіп н жіптердің жуандығының, ширатуының, мықтылығының және ұзаруының бірдей еместігі. Иірілген жіптің біркелкісіздігі лабораториядағы эталондармен (үлгілермен) қатар қойып салыстыру арқылы немесе олардың тиісті аспаптардағы бірнеше көрсеткішін өлшеп, сонан соң формула бойынша біркелкісіздік пайызын есептеу арқылы анықталады.
Жіптің қасиеттерінің біркелкісіздігін вариациялық кожффиценті арқылы бағалайды. Жіптің бір қасиетінің бірнеше өлшеулерін деп белгілесек, оның орташа мәнін анықтайды:



Мұнда: n - өлшеу саны.

Әрбір өлшеудің орташа мәннен ауытқуы оның шаршысының қосындысын n – 1-ге бөлу арқылы, орташа квадратты ауытқуды есептеп алуға болады.




,

S – арқылы вариациялық коэффицент есептеледі.



Таза талшықтан иірілген жіп пен құрама жібек жіптерге қарағанда химиялық және штапельдік талшықтардан жасалған жіптер қасиеті біркелкі келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет