1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет15/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§2. Иірімжіптердің қасиеттері

Стандартта көрсетілген иірім жіп пен жіптердің қасиетіне олардың сызықтық тығыздығы, ширатылуы, мықтылығы, созылғыштығы, тегістігі жатады. Талшықтардікі сияқты иірілген жіп пен жіптердің сызықтық тығыздығы текспен сипатталады.


Иірілген жіптің жуандығы текс жүйесінде 1 км жіпке келетін грамм өлшеміндегі салмақ шамасымен анықталады. Текстің сандық мәні неғұрлым жоғары болған сайын, жіп те соғұрлым жуан болады. Штапельді мақта және шөткелі иірілген аралас жіптің (бір қабаты да, араласы да) сызықтық тығыздығы 16-41 текс, қылшық және жартылай қылшық жүннен иірілген тарақты жіптің сызықтық тығыздығы 28-85 текс, зығырдан иірілген жіптің сызықтық тығыздығы – 18-300 текс. Аппаратты иірілген жіптің сызықтық тығыздығы: мақта – 85-250 текс, биязы жүн – 125-670 текс.
Текс пен метрикалық нөмерді анықтау үшін иірілген жіп таразыға немесе квадрант деп аталатын арнайы аспапта өлшенеді. Квадранттар салмақтық және гөмерлік болып бөлінеді. Рычактың ілгегіне жүз метрлік пасманы ілгенде рычагтың екінші басындағы бағдарша тиісті салмақты не нөмерді көрсетеді.
Жуандығы бірдей жіптерді ширатқанда олардың сызықтық тығыздығын, тексін және нөмерін мына формула бойынша анықтайды:



Ткр – ширатудағы жіптің сызықтық тығыздығы, текс;


Т – құрамындағы жіптің сызықтық тығыздығы, текс;
n – қабат саны;
Nкр – ширатылған жіптің нөмері;
N – құрамындағы жіптің нөмері.




10-сурет. Квадрант

Кейде құрамындағы жіптің жуандығы әрқалай болады. Бұл жағдайда сызықтық тығыздық пен нөмерді төмендегі формулалар анықтайды:





Жіптердің диаметрін жуандық өлшегіш немесе сызықтық тығыздық бойынша есептеу арқылы анықтауға болады.


Жіптің көлемдік салмағы бірдей жағдайда сызықтық тығыздығы көлденең қимасының орташа ауданына тура пропорционал. Ал шебердің ауданы болғандықтан, жіптің сызықтық тығыздығы шамамен оның шаршы диаметріне пропорционал болады, яғни


немесе

Мұнда, а – тұрақты сан (талшықтар түріне қарай).





Иірілген жіптің ширатпасы оның 1 м ұзындығына келетін бұралу санымен сипатталады. Ширатпаның өсуіне байланысты иірілген жіп тегіс, мықты, серпімді болады. Ары қарай жіптің мықтылығы артпай кемісе, оны ширату шегі деп атайды. Ширатылған мөлшерді анықтау үшін иірілген жіптің үлгісін арнайы аспапта – ширатпа өлшеуіште тарқатады (11-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет