Сапа көрсеткіштер
Сызықтық тығыздығы, текс
|
Қалыпты салыстырмасы
|
Сорт
|
Жалаң қабат жіпті сынағанда
|
Келепті сынағанда
|
Р0, сН/текс
|
Ср, %
|
Сапа көрсеткіші, кіші емес
|
Салыстырмалы үзу жүктемесі, сН/текс
|
Сызықтық тығыздық бойын
ша вариациялық коэффицент, %
|
Сапа көрсеткіші, одан кіші емес
|
Кардалық желіс жіп
|
18,5
|
+2
|
І
|
11,9
|
13,8
|
0,86
|
12
|
3,8
|
3,16
|
21,6
|
-25
|
ІІ
|
11,2
|
16,2
|
0,69
|
11
|
5
|
2,2
|
|
|
ІІІ
|
10,7 төмен емес
|
18,8 жоғары емес
|
0,57
|
10 төмен емес
|
6,2
жоғары емес
|
1,61
|
25
|
+2
|
І
|
12,1
|
13,8
|
0,88
|
12,8
|
3,8
|
3,36
|
29
|
-2,5
|
ІІ
|
11,4
|
16,2
|
0,7
|
11,8
|
5
|
2,35
|
|
|
ІІІ
|
10,7 төмен емес
|
18,8 жоғары емес
|
0,57
|
10 төмен емес
|
6,2
жоғары емес
|
1,73
|
Кардалық арқау жіп
|
15,4
|
+1,5
|
І
|
11,9
|
13,8
|
0,86
|
9,5
|
3,8
|
2,5
|
16,5
|
+2,5
|
ІІ
|
10,9
|
16,2
|
0,67
|
8,8
|
5
|
1,75
|
|
|
ІІІ
|
9,8 төмен емес
|
18,8 жоғары емес
|
0,52
|
7,8 төмен емес
|
6,2 жоғары емес
|
1,25
|
25
|
+2
|
І
|
11,7
|
13,8
|
0,85
|
9,5
|
3,8
|
2,5
|
29
|
-2,5
|
ІІ
|
10,8
|
16,2
|
0,67
|
8,8
|
5
|
1,75
|
|
|
ІІІ
|
9,8 төмен емес
|
18,8 жоғары емес
|
0,52
|
7,8 төмен емес
|
6,2 жоғары емес
|
1,25
|
Жіңішке талшықты мақтадан тарақты желіс жіп
|
5,9
|
+1,5
|
жоғары
|
14,1
|
12,5
|
1,13
|
11,2
|
3,1
|
3,63
|
|
-2,5
|
І
|
13,2
|
15
|
0,88
|
10,2
|
3,8
|
2,6
|
|
|
ІІ
|
12,3 төмен емес
|
17,5 жоғары емес
|
0,7
|
9,8 төмен емес
|
52 жоғары емес
|
1,95
|
10
|
+1,5
|
жоғары
|
16,6
|
12,5
|
1,33
|
13,5
|
3,1
|
4,35
|
|
-2,5
|
І
|
15,3
|
15
|
1,02
|
12,5
|
3,8
|
3,29
|
|
|
ІІ
|
14 төмен емес
|
17,5 жоғары емес
|
0,8
|
11,5 төмен емес
|
5 жоғары емес
|
2,3
|
Жіңішке талшықты мақтадан тарақты арқау жіп
|
5,9
|
+1,5
|
жоғары
|
13,8
|
12,5
|
1,1
|
11
|
3,1
|
3,54
|
|
-2,5
|
І
|
12,5
|
15
|
0,83
|
10,2
|
3,8
|
2,7
|
|
|
ІІ
|
12 төмен емес
|
17,5 жоғары емес
|
0,68
|
9,5 төмен емес
|
5 жоғары емес
|
1,9
|
7,5
|
+1,5
|
жоғары
|
15,2
|
12,5
|
1,3
|
12
|
3,1
|
3,87
|
8,5
|
-2,5
|
І
|
14,2
|
15
|
1
|
11,2
|
3,8
|
2,96
|
|
|
ІІ
|
13,2 төмен емес
|
17,5 жоғары емес
|
0,78
|
10,5 төмен емес
|
5 жоғары емес
|
2,1
|
§4. Жіп иіру өндірісінің негізгі кезеңдері
Иіру үрдісінің мақсаты талшықтардан жіп өндіріп алу. Мақта тазартылған түрінде өлі де болса құрамында біршама қоқыс қалдықтар, ақаулар және қысқа талшықтар болады. Сығымдалған мақта будаларынан біркелкі жіп алу үшін оларды қоқыстардан тазартады, бір біріне параллель орналастырылады, жіңішкертеді және жіп иіру үшін ширатады. Бұл үрдістерді бір кезеңде орындау мүмкін емес. Сондықтан жіп иіру – аталған үрдістерді жүйелі түрде орындауды қажет етеді.
Алғашқыда сығымдалған мақта қабаттары тарту, инелердің, сабаулардың тақтайшаларының қағып-соғу әсерлерінен бөлшек-бөлшек шүйкелерге бөлінеді. Сонымен қатар ірі қоқыс қоспалардан және ақаулардан тазартылады.
Қопсыту-түту машиналары әдетте бір агрегатқа тіркескен түрде талшықтарды механикалық немесе пневмомеханикалық әдіспен тасымалдайды. Мақта талшықтарының ағынын біркелкі қамтамасыз ету үшін және алынатын жайғақтың біркелкі болуын автоматтандырылған қондырғылар орындайды.
Машиналар инелері мен тістерінің әсерлерінен мақта шүйкелері жеке талшықтарға бөлініп, ұзындығы бойынша жуандығы бірдей таспа қалыптасытырылады. Тарау машинасында талшықтар ұсақ қоқыстардан және ақаулардан тазартылады.
Келесі кезеңдер таспалық машиналарда орындалады. Оларда түзілген және параллель орналасқан талшықтардан тұратын біркелкі таспа дайындалады. Бірнеше таспаны біріктіру арқылы біркелкілік, ал созу арқылы талшықтардың түзетілуі және параллель орналасуы қамтамасыз етіледі. Таспалар бірнеше айналып тұратын білікшелер мен цилиндрлер тобынан өтіп созылады. Әрбір келесі жұптың жылдамдығы алдыңғы жұптың жылдамдығынан жоғары болады. Таспалық машинадан өнімді 1-2 рет өткізеді.
Әрі қарай таспадан одан да жіңішке зат – созбаны алады. Созба берік болу үшін оны аздап ширатады. Кейінгі өңдеулерге және тасымалдауға ыңғайлы болу үшін оны ораушыға орайды. Мұндай кезең пневмомеханикалық иіру машиналарында өткізіледі, өйткені машина таспамен қамтылады.
Соңғы кезең таспадан немесе созбадан пневмомеханикалық немесе сақиналы иіру машиналарында жіп дайындау. Иіру машиналарында зат берілген сызықтық тығыздықпен жіңішкеленеді, берік болу үшін талшықтарды ширатады, одан кейін иіршікке немесе патронға орайды.
Қазіргі уақытта қопсыту-түту және тарау машиналарын автоматтандырылған желі жүйелеріне енгізіп, жіп дайындау бойынша өту санын 4-5-тен 2-3-ке қысқарты кең қолданылады. Мұндай желілірді қолдану кезінде өнімділік жоғарылап, өнім сапасы жақсарады және қайтымды қалдықтар мен қалдық тозаңдар азаяды.
§5. Иіру жүйелері
Иірім жіптің түріне қарай әртүрлі иіру жүйелері қолданылады. Олардың тарау тәсілдері бойынша және талшықты созу әдістері бойынша айырмашылығы бар. Жүйе түрлері үшке бөлінеді:
кардалық немесе шөткелік;
тарақтық;
аппараттық.
Кардалық жүйе орташа талшықты матадан орташа сызықтық тығыздықпен (100-ден 12 текске дейін) иірімжіп өндіруге қолданылады. Бұл жүйе бойынша шүйкелерді жеке талшықтарға бөлу, яғни тарау, кардалық тарау машиналарында өткізіледі. Барлық өткелдерде затты созу арнайы созу қондырғыларында орындалады.
Кардалық жүйе бойынша мақтаны өңдеу жүйелігі төменгі кестеде көрсетілген.
12-кесте
Кардалық иіру жүйесінің негізгі кезеңдері
Өңдеу кезеңдері
|
Жабдықтар және жасалған өнім
|
Сақиналы тәсіл
|
Пневмомеханикалық тәсіл
|
І. Қопсыту, түту, тазарту
|
Қопсыту-түту агрегаты, жайғақ
|
Қопсыту-түту агрегаты, жайғақ
|
ІІ. Тарау
|
Кардалық тарау машинасы, таспа
|
Кардалық тарау машинасы, таспа
|
ІІІ. Біркелкі таспа дайындау
|
Таспалық машина (екі рет өткізу), таспа
|
Таспалық машина (екі рет өткізу), таспа
|
IV. Созба дайындау (жіңішкелету)
|
Созбалық машина
|
-
|
V. Иірім жіп дайындау
|
Сақиналы иіру машинасы, жіп
|
Пневмомеханикалық иіру машинасы, жіп
|
Жаңа үш кезең кардалық жүйенің пневмомеханикалық иіру әдісі «буда-таспа» үздіксіз тізбегі бойынша орындалады.
Тарақты иіру жүйесі бойынша жіп беріктігі жоғары, 12 текстен төмен немесе орташа сызықтық тығыздықпен иіріледі. Көбіне жіңішке талшықты мақтадан иіріледі. Бұл жүйе бойынша мақта кардалық тараудан кейін қосымша тарақты тарау машиналарында таралады. Соның нәтижесінде мақта таралған ұсақ қоқыс қалдықтардан, ақаулардан және қысқа талшықтардан тазартылады. Ұзын талшықтар тарау кезінде қалдық тозаңдарға кетіп қалмауы үшін арнайы дайындалады. Ол үшін кардалық тарау машиналарынан кейін таралған таспа екі машинадан – таспалық және таспа біріктіруден өткізіледі. Таспа біріктіру машинасынан біркелкі жіңішкеленген жайғақ алынады.
13-кесте
Тарақты тарау тізбегінің кезеңдері
Өңдеу кезеңдері
|
Жабдықтар
|
Алынатын өнім
|
І. Қопсыту, түту
|
Қопсыту-түту агрегаты
|
Жайғақ
|
ІІ. Тарау
|
Кардалық тарау машинасы
|
Таралған таспа
|
ІІІ. Тарақты тарауға дайындау
|
Таспа біріктіру және жайғақ созу машинасы
|
Жіңішкеленген жайғақ
|
IV. Тарақты тарау
|
Тарақты тарау машинасы
|
Тартақты таспа
|
V. Біркелкі таспа дайын- дау
|
Таспалық машина (2-3 рет өткізу)
|
Таспа
|
VI. Созба дайындау
|
Созбалық машина (1 немесе бірнеше рет өткізу)
|
Созба
|
VII. жіп дайындау
|
Сақиналы иіру машинасы
|
Жіп
|
Аппараттық жүйе бойынша бос, үлпілдек жіп иіріледі. Оның беріктігі және қойылатын талаптары төмендеу. Шикізат ретінде ұзындығы әртүрлі қалдықтар, әртүрлі талшықтар қоспасы қолданылады. Қоспаның әрбір компонентін қопсытып араластырылғаннан кейін олардың шүйкелерін тарау 2-3 тарау машинасымен біріктірілген аппаратта бірінен соң бірінде орындалады. Бірнеше рет тарау нәтижесінде талшықтар жақсы бөлініп араласады. Соңғы тарау машинасынан шығатын тарам таспаға қалыптастырылмай жіңішке бойлық жолақтарға бөлінеді. Олар ширатылады, тығыздалынады да созбаға айналады. Сондықтан аппараттық жүйе бойынша затты жіңішкелеу созу әсерінен емес тарамды бөлу нәтижесінде орындалады. Тарау машинасынан созба иіру машинасында сәл ғана созылып (1,8 есеге дейін) жіпке айналады. Бұл жүйе бойынша дайын жіп иіруге болады.
14-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |