1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет14/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

ІІ. МАҚТАНЫ ИІРУ

Мақта талшықтары тоқыма кәсіпорындарында тазартылған үлкен будаға түйілген түрінде келіп түседі. Жіп иіру фабрикасында олардан иірімжіп шығарылады. Мақта жіптерінен мата, трикотаж, беймата, тігін жіптері өндіріледі.


§1. Иірімжіп және оның қасиеттері


Иірімжіп көп талшықтардың тіркесу күші және ширату арқылы байланыстырумен алынады. Жіптің ұзындығы тікиршіктің өлшемдеріне байланысты.


Иіру фабрикасында түзетілген және бір біріне параллель орналасқан талшықтардан тұратын созбадан ширату арқылы иірімжіп дайындалады. Ширатқанда талшықтар бір біріне жабысып, бойлық өске белгілі бір бұрышпен винттік сызық түзеді (9-сурет).


9-сурет. Иірімжіпке талшықтардың орналасу сұлбасы.

Көп ұзын талшықтардан жіп ширатылғанда олар тығыз байланысып, беріктігі жоғары болады. Иірімжіптер әртүрлі белгілері бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді. Талшық түріне байланысты біртекті, аралас болып бөлінеді. Біртекті талшықтарға таза мақта, жүн, жібек, вискоза және т.б. жатады. Аралас жіптерге мақтаның вискозамен, лавсанмен, капронмен және т.б. қосындысы жатады.


Иіру әдістері бойынша мақта жіптері тарақты, шөткелік (кардтық) және аппараттық болып жіктеледі. Тарақты жүйемен өндірілген жіптердің сапасы жоғары болады. Мұндай жіп берік, біртегіс, біркелкі және жіңішке келеді.
Көптеген мақта маталары тарақтық тәсілмен алынған жай жіптен тоқылады. Аппараттық жіп қүрылысы бос, үлпілдек, беріктігі және біркелкілігі басқа жіптерге қарағанда төмендеу болады.
Сызықтық тығыздығы бойынша иірімжіп үш түрге бөлінеді:

  • жиі таралған (11-30 текс) орташа сызықтық тығыздықты жіптер;

  • 11 текстен төмен жіптер;

  • Сызықтық тығыздығы үлкен, 30 текстен жоғары жіптер.

Жіңішке жіптерден тігін жіптерін және жұқа маталар – батист, марказит және т.б. дайындайды. Маталардың көптеген түрлерін сызықтық тығыздығы орташа жіптерден тоқиды. Құрылымы бойынша жіп жалаң қабат (жай жіп), ширатылған немесе фасонды болып бөлінеді. Ширатылған жіп екі немесе бірнеше жіптерді қосып ширату арқылы алынады. Фасонды жіп ширату кезінде бір жіпті аз тартып немесе көбірек жіберіп отырса, онда біреуі екіншісін орап ілмектер, спираль, қатты ширатпалар жасайды. Мұндай жіп фасонды деп аталады.
Қолданылуына қарай жіп мата тоқуға (тоқымашылыққа), трикотажға, тігін жіптерге және арнайы мақсатқа (торлар, балық аулау жабдықтары) арналған жіптер болып бөлінеді. Мата тоқуға арналған жіптер негіз немесе желі және арқау жіптер болып бөлінеді. Негіз жіптері таза, біркелкі, берік болуы қажет. Тоқыма станогында көп қайталанатын үйкеліс деформациясына төзімділігі жоғары болуы тиіс. Сондықтан олар сапасы жоғары мақтадан иіріліп, арқау жіптерге қарағанда ширатпасы жоғары болады.
Трикотажға арналған жіптің ширатпасы аз, таза және біркелкі болады. Трикотажды тоқығанда ілмектегі жіптің тартылуы міндетті түрде өзгеріп тұрады да, жіптің жоғары дәрежеде ширатылуы оның бойында қатты ширатпалардың пайда болуына әкеп соғады.
Өңдеу әдістері бойынша жіп шуда жіп, боялған, меланж, сурет басылған болып бөлінеді. Меланж жіптер түрі әр түске боляған талшықтар қоспасынан дайындалады.
Иірімжіпке қойылатын талартар:
өте кішкентай ауытқулармен берілген сызықтық тығыздықтары болуы тиіс. Кез келген кесіндіде жіп біртегіс болуы қажет. Олай болмаса, матаның сапасы, өңдеу үрдісі нашарлап, мақтаның шығыны көбейеді;
ерілген беріктігі және беріктігі бойынша біркелкі еместігі неғұрлым төмен болуы қажет. Кері жағдайда тоқыма станогында жіптің үзілуі көбейеді;
созғанда берілген ұзаруы және қатаңдығы, олардың ұзындығы бойынша ауытқуы ең кіші болуы тиіс. Ұзаруы, әсіресе серпімді ұзаруы, қатаңдығы матаның құрылымын, тұтыну қасиеттерін анықтайды;
берілген ширатпасы және сол бойынша біркелкі болуы қажет. Жіптің көп қасиеттері ширатпаға байланысты;
таза, қоқыс қоспалар өте аз және сыртық түрінің ақаулары болмауы тиіс.
Жіптің тік иіршіктері мүмкіндігі бойынша үлкен, дұрыс формалы, берілген тығыздықтан болуы қажет.
Осы талаптар орындалмаса жіптің үзілуі көбейіп, бұйымдардың сапасы төмендейді, шығын көбейеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет