1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


Аппараттық иіру жүйесінің негізгі кезеңдері



бет19/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   98
Аппараттық иіру жүйесінің негізгі кезеңдері



Өңдеу кезеңдері

Жабдықтар

Алынатын өнім

Шикізат түрлерін қопсыту және түту

Шикізат түріне қарай қопсыту-түту құрылғысы

Қопсытылған талшық массасы

Араластыру

Қолмен немесе механикалық тәсілмен шикізат компоненттерінен төсем дайындау

Талшықтар қоспасы

Тарау және созба дайындау

Тарау машинасы

Созба

Жіп дайындау

Иіру машинасы

Жіп

Меланж иіру жүйесі меланж жібін өндіруге қолданылады. Меланж сөзі француз тілінен аударғанда қоспа деген ұғымды білдіреді. Бұл жүйе бойынша тарау үрдісіне дейін талшықтарды араластырады. Көбіне боялған талшықтарды шуда мақтамен араластырады. Кейде екі қайтара тараудан өткізеді. Сонымен қатар бұл өндірістің бояу бөлімдері болады. Меланж жіптер қымбат болады.




§6. Мақтаны қабылдау және сұрыптау


Мақта талшықтарын қабылдау және сақтау

Жіп иіру фабрикасында мақта салмағы 200-220 кг болатын буып түйілген буда түрінде келіп түседі. Будадағы мақтаның тығыздалған деңгейі 600-650 кг/м3 дейін жетеді. Бір уақытта жиналған, бірдей селекциялық сорттан және бір мезгілде мақта тазарту зауытынан жіберілген мақта будаларын партия деп атаймыз. Ал бір вагонда комплекттелген будалар санын мақтаның маркасы ретінде құжатпен, яғни, сертификатпен келіп түседі. Онда зауыттың нөмері, мекенжайы, партияның, буданың нөмері, буда саны және мақта талшығының сипаттамасы (сорты, ұзындығы, ылғалдылығы, беріктігі, сызықтық тығыздығы) көрсетіледі.


Фабрикаға келіп түскен әрбір мақта будасын таразыда өлшеп, яғни, брутто салмағын анықтап, талшықтың нақтылы салмағын белгілейді. Ол үшін таразыда өлшенгеннен кейін буып-түйген материалдардың (матаның, сымның, таспаның) салмағын таразыда бөлек өлшейді. Брутто салмағынан буып-түйген материалдардың салмағын алып таза мақтаның (нетто) салмағын есептейді.
Үлгілерді алу ережелеріне сәйкес будалардан арнайы үлгілерді мақтаның сапасын және ылғалдылығын анықтау үшін жинап алады. Нақтылық ылғалдылығын анықтағаннан кейін кондициялық ылғалдылыққа есептегендегі мақтаның салмағын шығарады. Ол үшін мына фурмула қолданылады:



Мұнда: mф – мақтаның нақты салмағы, кг;


Wф мақтаның нақты ылғалдылығы, %;
Wф - мақтаның кондициялық ылғалдылығы, %.

Мақта иіру фабрикасында 3 айлық қор болуы қажет. Мақта жабық қоймаларда сақталады. Қоймада будалар маркалары бойынша орналастырылады. Әдетте 6-7 қатармен орналастырылады да арасынан жол қалдырылады. Қоймада сығымдалған қалдық мақта тозаңдары да сақталады.


Мақта қоймалары өртке қауіпсіз, кірпіштен немесе темір бетоннан салынған, құрғақ, жақсы желдетілгендей болуы қажет. Мақта будаларын вагоннан түсіру, қоймаға салу және фабрикаға жіберу техника көмегімен орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет