1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет17/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   98
§3. Иірімжіпті бағалау әдістері

Мақта-мата фабрикаларында жіптің сапасын бақылау мақсатымен оның қасиеттерін сынақ жүргізу арқылы бағалайды. Ол үшін фабрика лабораториясында арнайы құрал-жабдықтар болуы қажет.


Жіптің сызықтық тығыздығын ұзындығы берілген кесіндінің салмағын таразыда өлшеу арқылы анықтайды. Ол үшін арнайы қондырғы-қалбағайда жіпті тарқатып орайды. Қалбағай дегеніміз скелетті барабан, онда бір уақытта ұзындығы 100 м бірнеше келеп оралып алынады. Қондырғыда метр есептегіш орнатылған. Жіптің аралық алынған келептерін дәл таразыда немесе квадрант атты иінді таразыда өлшейді (13-сурет).
Квадрантттың сызықтық тығыздықты текспен көрсететін шкала болады. Ал жіптің кесіндісін жай таразыда өлшегенде сызықтық тығыздығы төмендегідей есептеледі:

Мұнда:m–кесіндініңсалмағы,г;


L–кесінідінің ұзындығы,км.





13-сурет. Қалбағай.

Жіптің беріктігі үзілгендегі жүктемемен сипатталады. Созылғыштығы созу жүктемесінің әсерінен ұзындығын біршама үлкейтіп көрсетеді.


Жіптің үзу жүктемесін жалаң қабат жіп алу үшін үзу машиналарында анықтайды. Олар жұмыс принципі бойынша динамометр типті болады. 14-суретте көрсетілген үзу жүктемесін анықтау жолдары бірдей, бірақ конструкциялық ерешекшеліктері бар жалаң қабат жіпке, келеп үшін қолданылатын үзу машиналары қолданылады.
Жіп (1) қысқыштарды (4) арасында бекітіледі. Төменгі қысқыш (4) электрлік жетектің көмегімен төмен қарай жылжи бастайды. Жіп созылып (1) қысқышпен байланыстағы секторды (2) жүгімен біршама бұрышқа аытқиды. Қозғалыссыз бекітілген тіл сектордың (2) шкаласында керіліс шамамен көрсетеді. Жіп үзілгендегі сәтте (2) тоқтайды да үзу жүктемесен көрсетеді. Дискінің (6) шкаласында жоғарғы (1) қысқышпен байланысқан тіл жіптің ұзаруын көрсетеді. Сектордың кері қозғалуына дискінің тістеріне (6) тіреліп тұрған итше кедергі жасайды.


14-сурет. Үзу машинасы а-жалаң қабат жіп үшін; б-келеп үшін

Келепті үзу машиналары жалаң қабат жіпті үзу машинасының принципі бойынша жұмыс істейді, бірақ қысқыштардың орнына келепті іліп қою үшін ілгіш тіркелмейді.


Жалаң қабат жіптер үшін РМ-3, 2Т-4 үзу машиналары, ал келеп үшін Рп-30машиналары қолданылады.
Үзу жүктемесін анықтағанда сынақ бірнеше рет орындалады, өйткені жіптің біркелкісіздігі есепке алынуы қажет.
Сызықтық тығыздығы әртүрлі жіптердің беріктігін салыстыру үшін салыстырмалы беріктігін анықтайды (сН/текс).


,

Мұнда: Р0салыстырмалы беріктігі, сН/текс;


Рр – жіптің үзілу жүктемесі, сН;
Т- жіптің сызықтық тығыздығы, текс.

Салыстырмалы беріктігі жіп сапасының маңызды көрсеткішінің бірі, жіп сортын анықтауда міндетті түрде ескеріледі.


өндірісте талшықтарды тиімді қолдану үшін жіптің және мақта талшығының арасында қандай байланыс барын білу қажет.
Жіптің беріктігі талшықтың қасиетінен қандай тәуелділікте болатын А.И.Соловьевтің формуласы бойынша анықтауға болады:



Мұнда:
Р0 – жіптің салыстырмалы үзу жүктемесі, с/текс;


Рв – талшықтың үзу жүктемесі, сН;
Тn - жіптің сызықтық тығыздығы, текс;
Твталшықтың сызықтық тығыздығы, текс;
Н0 – технологиялық үрдіс сипаттайтын жіптің салыстырмалы біркелкісіздігі (тарақты иіру жүйесі үшін 3,4-4, кардтық жүйе үшін 4,5-5), %;
Lш – талшықтың штапельді салмақ ұзындығы, мм;
η – жабдықтың жағдайын сипаттайтын коэффицент, жағдайы қалыпты жабдықтар үшін η = 1;
К – жіптің ширатпасын ескеру коэффиценті (кесте бойынша алынады), К = 0,95 – 1,0.
Мақта жібіне тиісті талаптар қойылады. Олар арнайы стандарттарда келтірілген.
Орташа талшықты мақтадан иірілген жіп І, ІІ және ІІІ сортқа, ал жіңішке талшықты мақтадан иірілген жіп жоғары, І және ІІ сорттарға бөлінеді. Сортқа бөлу жіптің физика-механикалық көрсеткіштеріне байланысты. Әртүрлі сорттар жіптің салыстырмалы үзу жүктемесін, сол бойынша вариациялық коэффицентімен және сызықтық тығыздығымен, сапа көрсеткішімен ерекшеленеді. Сапа көрсеткіші 6-кестеде көрсетілгеннен кем болмауы тиіс. Сапа көрсеткішін салыстырмалы үзу жүктемесінің сол бойынша вариациялық коэффицентіне қатынасымен анықталады.

11-кесте





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет