Құрылымы біркелкі жіп дайындау үшін талшықтар араластырылады. Араластыру арзан мақтаны және өндіріс қалдықтарын қолдануға мүмкіндік туғызады.
Мақта иіру фабрикаларының көп жылдық тәжірибелерінің және ғылыми-зерттеу нәтижелерінің негізінде қоспа дайындау ережелері жасалынған.
Мақта қоспасы ұзақ уақыт тұрақты түрде сақталынуы үшін оны көп компенеттер санынан құрастыру қажет. Марка саны 6-дан кем болмайды, ал буда саны – 24 болуы тиісті. Қопсыту дәрежесі жоғары болса, бір уақытта өңделетінг буда саны 18-ге дейін азайтылады.
Қоспаға жаңа маркалы буданы салу арнайы графикпен біртіндеп орындалады.
Екі жақын сорттан көп емес талшықтарды араластыру ұснылады.
талшық салмағы бойынша қоспаның құрамында 65 % және одан да жоғары базалық компонент кіруі тиіс.
Ұзындығы бойынша айырмашылығы 1 мм-ден жоғары болмауы қажет. Штапельді химиялық талшықтармен араластырылғанда ұзындығы бойынша, егер оның қоспадағы үлесі 30%-тен жоғары болмаса, айырмашылығы 6 мм-ге дейін шектеледі.
Сызықтық тығыздығы бойынша айырмашылығы жоғары сортты мақта үшін 0,3 текстен, төменгі сортты мақта үшін 0,5 текстен аспауы қажет.
Кез келген сызықтық тығыздықпен дайындалатын жіп үшін барлық мақта талшықтарының түріне типтік сұрыптау жасалынған. Штапельді салмақ ұзындығына, салыстырмалы беріктігіне және сызықтық тығыздығына байланысты мақта талшықтарын 8 типке бөледі. Ең жақсы талшық – сызықтық тығыздығы 132-140 мтекс, штапельді ұзындығы 38-39 мм және салыстырмалы беріктігі 34 сН/текс болатын 1-ші типтегі талшық. Әрбір келесі типке ұзындығы және салыстырмалы беріктігі төмен, сызықтық тығыздығы үлкен талшық жатады.
Әрбір итптік сұрыптау цифрлармен белгіленеді: біріншісі (арабша) мақта талшығының типін, екіншісі (римдік) – сортын көрсетеді. Мысалы, 1-І сұрып тау мақта талшығы 1 титі және бір сортты.