§8. Қопсыту және түту
Таза иірім жіп алу үшін иіру фабрикаларына қабылданған мақта будаларындағы әртүрлі қоқыс қалдықтарын, ақауларды ажырату қажет. Сондықтан алғашқы өңдеу кезеңдерінен бастап мақта талшықтары қарқынды түрдек қопсытылады.
Қопсыту үрдісінің мәні талшықты материалдың тығыздығын азайту және оны ұсақ шүйкелерге бөлу болып табылады. Ал мақсаты – талшықтар қоспасын қоқыс қалодықтардан және ақаулардан тазарту үшін мүмкіндік жасау және қоспаның барлық компоненттерін жақсылап араластыру. Қазіргі уақыттағы қопсыту-түту агрегаттарында қопсыту үрдістері біріктірілген. Олар талшықты материалды алғашқы өңдеу кезеңдері болып саналады. Алғашқыда талшықты салмақты шүйкелерге бөлу машинаның инелі торларының дөрекі инелерімен суырып алу арқылы орындалады. Одан кейін машинаның жұмыс органдарының қағып-соғу әсерінен қопсытылады, әрі тазартылады. Талшықты салмақты араластыру машинаға қоспаның компоненттерін біркелкі беріп тұрумен, машинаның камераларында бірнеше рет аударып салумен немесе қабаттарды бірінен соң бірінің үстінен салу арқылы орындалады.
Қопсытқанда бөлініп шығатын қоқыс қалдықтар арнайы темір шілтердің тесіктеріне түседі, ал шаң-тозаң торлы барабан арқылы желдеткіш көмегімен сорылады.
§9. Қопсыту және түту

Достарыңызбен бөлісу: |