1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§6.4. Талшықтың механикалық қасиеттері



бет8/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   98
§6.4. Талшықтың механикалық қасиеттері

Талшықтың механикалық қасиеттері оның беріктігін, тозуға төзімділігін, созылуын сипаттайды.


Талшықтың беріктігі деп дененің созу күштеріне қарсыласу қабілетін айтады. Беріктігін бағалауға үзу жүктемесінің шамасы қолданылады.
Үзу жүктемесі – талшықтың үзілуге дейінгі ең жоғарғы шыдамдылығы. Талшықтың үзу жүктемесін ДШ-3М2 типті динамометрлерде анықтайды. Онда бірден штапель түрінде дайындалатын талшықтар тобы үзіледі. Ал бір талшықтың үзу жүктемесін анықтау үшін жалпы жүктемені штапельдің құрамындағы талшықтар санынан бөледі. Сызықтық тығыздығы әртүрлі талшықтардың беріктігін салыстыру үшін салыстырмалы беріктігін анықтайды. Ол үшін үзу жүктемесінің талшықтық көлденең қимасының аудан бірлігіне немес сызықтық тығыздығының бірлігіне қатынасын табады. Талшықтардың салыстырмалы беріктігін бағалауға талшықтың үзілу ұзындығы шамасын қолданады. Үзу ұзындығы – талшық салмағының үзу жүктемесінің санынан тең болатындығы ұзындығы. Қазіргі уақытты үзілу ұзындығы R (км) талшықтың үзу жүктемесінің Р (сН) сызықтық тығыздығына Т (текс) қатынасы арқылы анықтауға болады, яғни 1 тексте қанша сантиньютон болатынын анықтауға болады:

Белгілі бір жағдайда үзілу ұзындығы салыстырмалы үзілу жүктемесіне тең болады.


Мақта талшығының үзілу ұзындығы біршама жоғары. Жетілген орташа талшықта матаның үзілу ұзындығы 21-30 км, ал жіңішке талшықты матанікі 29-38 км. Бұл көрсеткіш бойынша мақта талшығы жүн талшығынан жоғары, табиғи жібектің көрсеткішіне жуық.
Иірімжіп өндіруге қажетті шикізат ретінде мақта талшығының сапасын бағалау үшін оның негізгі қасиеттерінің біркелкі болуы маңызды.
Мақта талшықтарының ұзындығы бойынша біркелкілігі базамен бағаланады (7-сурет). База көрсеткіші берілген мпартиясында ұзындығы 5 мм-ден артық болмайтындай талшықтардың максималды пайызын көрсетеді. Әдетте ұзын мақта кіші базалы болады. Ұзындығы әртүрлі мақтаның біркелкілігін салыстыру үшін талшықтың біркелкілік көрсеткіші енгшізжілген. Ол база шамасын мақтаның модальды ұзындығының көбейтіндісіне тең. Егер талшықтың біркелкілігі 1000-нан жоғары болса, онда мақта ұзындығы бойынша біркелкі деп есептеледі.
Мақта талшықтарының сызықтық тығыздықтары, беріктігі және ұзындығы бойынша біркелкілігі осы қасиеттердің орташа квадратты ауытқуымен (8) және вариациялық коэффициентімен (С) бағаланады:


Мұнда: хt – көрсеткіш шамасы;


- көрсеткіш шамасының орташа мәні;
n - сынақ саны.

Талшықтардың біркелкілігін қолмен, органолептикалық тәсілмен анықтайды.


Талшықтардың біркелкілігінің иірімжіп өндіруде маңызы зор, өйткені біркелкілігі жоғары болса, соғұрлым біркелкі жіп иіруге болады. Біркелкі жіп кейінгі үрдістермен өнімділігін көтеріп, тоқылатын матаның сапасын жоғалтады.
Талшықтардың маңызды қасиеттерінің бірі ұзартқыштығы мен серпімділігі. Талшықты күшпен созғанда ұзарады, яғни деформацияланады.
Мұндай деформацияның екі түрі болады: қайтымды және қайтымсыз немесе пластикалық. Қайтымды деформацияның құрамына серпімді және (эластикалық) созылымдық бөліктері кіреді.
Серпімді ұзаруы (серпімділігі) талшық түзетін полимерлер бөлшектерінің ара қашықтығы аз ғана өзгеруімен байланысты және жүктемеден босатқаннан кейін тез жоғалады. Созылымдық ұзаруы жүктемеден ұзартқаннан кейін бірден емес, уақыт өткеннен соң жоғалады.
Пластикалық (қалдық) ұзаруы жүктемені алып тастағаннан кейін жоғалмайды. Созылымдық деформация талшықтар полимерлердің макромолекулалары қайтадан топтасуымен және конфигурациясының өзгеруімен байланысты.
Макромлекулалардың звенолары арасында салыстырмалы түрде үлкен қашықтыққа қайтымсыз ығысу нәтижесінде пластикалық ұзару өте бағалы қасиеттеріне жатады. Талшық берілген жүктемеден неғұрлым көп ұзарса, соғұрлым кездейсоқ соққы әсерінен төзімсіз болады. Талшықтың серпімді ұзаруы үлкен болса, талшық көп қайталанатын жүктемелерге төзеді. Сондықтан өзінің түрін, одан жасалған бұйым қасиеттерін сақтайды.
Мақта талшықтарының үлгісіндегі жалпы ұзаруы 4-8% жетеді (сортына байланысты). Оның жартысы серпімді және созылымды ұзарулардың үлесіне тиеді. Мақта серпімді ұзаруы бойынша зығыр талшықтарынан басым болғанымен жүн және жібек талшықтарынан төменде тұрады.
Сонымен қатар талшықтардың келесі механикалық қасиеттерінің маңызы үлкен: үйкеуге, қысуға, бүгуге және бір талшықтың басқа талшық бойымен жылжуына қарсыласуы. Талшықтардың үйкеу әсерлеріне қарсыласуы екі себеппен маңызды:

  1. үйкеуге қарсыласуы жоғары талшықтардан өндірілген иірімжіп тоқыма станогында жіп көптеген үйкеу әсерлеріне тап болады;

  2. талшықтардан дайындалатын мата т.б. тоқыма материалдардың пайдалану мерзімі ұзақ болады.

Мақтаны тасымалдау үшін қысуға төзімділігі маңызды, өйткені оны жұмсақ бос күйде будаға престейді. 9*107-108 Па арасындағы қысым мақта талшықтарының сапасын төмендетпейді және де салмағы үлкен тығыз буда жасауға мүмкіндік туғызады.
Талшықтардың жылжуға қарсыласуы олардың бетімен және талшықтардың формасымен анықталады. Жылжуға қарсыласуын талшықтардың үйкелу коэффицентіне және тұтқырлығына байланысты. Осы шамалар неғұрлым үлкен болса, соғұрлым иірім жіптегі талшықтарды айыруға көп күш жұмасалады. Сондықтан иірімжіпті созғанда, талшықтар үзілгеннен кейін жіптің өзі үзіледі. Егер талшықтар мүлдем біртегіс болатын болса, яғни олардың арасында үйкеліс күштері пайда болмаса, олардан жіп иіру мүмкін емес болар еді.
Мақта талшығының үйкелу коэффиценті және тұтқырлығы біршама үлкен. Сондықтан мақтадан сызықтық тығыздығы әртүрлі жоғары сапалы иірімжіп алынады. Мақта талшықтарының өзара байланысуы олардың ирелеңдігіне байланысты. Жетілген талшықтардың ирелеңдігі 1 см-де 70-100 ирелеңдердің болуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет