1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет6/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
§6.2. Талшықтың ұзындығы

Мақта сапасының маңызды көрсеткіші – мақта талшығының ұзындығы. Мақтаның әрбір шүйкесінде ұзындығы әртүрлі талшықтар (7-40 мм) болады.


Аранйы құралдар көмегімен мақта үлгісін ұзындығы бойынша бірнеше топтарға бөлу арқылы әрбір ұзындықтағы талшықтар санын анықтайды.
Диаграммасының ұшы берілген үлгідегі ең көп кездесетін талшықтар ұзындығын көрсетеді. Оны модальды ұзындығы деп атайды (Lм). Графикте екі мақта үлгісінің диаграммасы көрсетілген: тұтас сызықпен модальды ұзындығы шамамен 28 мм болатын үлгі, пунктир сызықпен модальды ұзындығы 30 мм-ден көп талшық үлгісі. 30 мм-ден көп талшық үлгісінің ұзындығы бойынша біркелкілігі жоғары.
Орташа салмақ ұзындығы - әрбір топтың орташа ұзындықтарының көбейтінділерінің қосындысының барлық топтардағы талшықтардың жалпы салмағына қатынасы.


7-сурет. Мақта талшықтарының ұзындығы бойынша тарату диаграммасы

Штапельді салмақ ұзындығы – барлық талшықтардың модальды ұзындығынан үлкен орташа салмақ ұзындығы.


Мақта талшықтарының ұзындығын штапельді салмақ ұзындығына байланысты белгілейді.
2-кесте


Мақта талшығының ұзындығы



Штапельді салмақ ұзындығы, мм

Мақта талшықтарының ұзындығын белгілеу

28,2-29,1

28-29

29,2-30,1

29-30

30,2-31,1

30-31

31,2-32,1

31-32

Және т.б.




Орташа талшықты мақтаның штапельді салмақ ұзындығы 29-30 мм-ден 36-37 мм-ге дейін, ал жіңішке талшықты мақтанікі – 29-30 мм-ден 38-39 мм-ге дейін болады. Осы ұзындықтар мақта талшықтарының тоқыма өндіріс үшін шикізат бағалауға қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет