Мақта талшықтарының ақаулары және қоқыстар мақта тазарту зауыттарының шитті мақтаны бірінші өңдеу үрдісінде кейбір ақаулар мақтаны қопсыту, түту және тарау кезінде пайда болады.
Топырақ, құм, тас сияқты қоқыстар қопсыту-түту және тарау машиналарында жеңіл бөлініп шығады.
Алғашқы өңдеу кезінде ұсақ бөліктерге ыдыраған өсімдік қоқыстары жабысқақ қиындатады. Мақта талшықтарының ақаулары мен қоқыстары:
- талшық және түбіт жабысқан қабық талшықпен бірге тұқым қабығының кішкентай бөліктері. Талшықтарды тұқымнан бөлгенде, қопсыту және тарау кездерінде тұқымдардың улюктардың үгітілкуінен пайда болады. Өте жабысқақ болғандықтан зиянды ақаулардың бірі болып табылады;
- түйіншектер – ұйысқан талшықтардың кішкене топтары. Талшықтарды бөліп алу үрдісінде, түту және тарау кездерінде машиналардың дұрыс жұмыс жасамауынан пайда болады.
Иіру үрдісінде ажырату және тарац өте қиын, жіптің сапасын, түрін нашарлатады;
- ширақшылар – формасы және сипаты әртүрлі тығыз ұйысқан, түйінделген кішкене талшық топтар;
- бұралаңдар – жұмсақ, жеңіл ширатылып байланысқан талшықтар. Тарау машиналарында жеңіл таралады;
- жетілмеген тұқымдар (улюк) – джиндарда тор арасынан құлап түсетін жетілмеген кішкене тұқымдар;
- өлі талшықтар - әбден жетілмеген талшықтар, көбінесе жылтыр пласт түрінде жиналады. Олар боялмайды. Қопсыту және тарау кезеңдерінде үгітіліп, жіпке және мақтаға өтіп сыртқы түрін бұзады;
- қоқыстар – жапырақтардың, қауыздардың, сабақтардың бөліктері. Үгітілгенде талшыққа жабысып қиын тазартылады.
Аталған қоқыстар мен ақаулар мақтаның алымын қолмен талдағанда немес арнайы қондырғы-таңдағыш арқылы өткізгенде анықталады.
§8. Мақта талшығын стандарттау Мақта ГОСТ 3279-76 стандартында сәйкес орташа талшықты және жіңішке талшықты мақта, аралы және білікті тазарту әдісімен алынған мақта түрлеріне бөлінеді.
Мақта талшығын жетілу дәрежесі және үзу жүктемесі бойынша 7 сортқа бөледі: 0 (іріктелген), I, II, III, IV, V және VI.
Физика-механикалық көрсеткіштері және ақаулар мен қоқыстардың мөлшеріне қарай әрбір сорттың талшығы 2-кестеде келтірілген нормаларға сәйкес болуы қажет.
V және VI сорттан басқа мақта талшықтары штапеьді салмақ-ұзындығына және салыстырмалы үзу жүктемесіне байланысты 8 типке бөлінеді.