1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


-сурет. ХВН-1,2А тік шпиндельді машина



бет5/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
4-сурет. ХВН-1,2А тік шпиндельді машина.

Машина жүргенде мақта бұтақтары барабандардың шпиндельдерінің (1) арасындағы жұмыс тесіктеріне қарай бағытталады. Шпиндельдер ашылған қауашақтардан шитті мақтаны тістермен жұлып орап алады. Барабандар айналып тұрып шпиндельдерді шитті мақтасымен шөткелік түсіргіштерге жеткізіп тұрады. Шпиндельдер түсіргіш алдында айналу бағытын өзгертеді, сондықтан шитті мақта түсіргіштен қабылдау камерасына (1) түседі. Камераның төменгі жағына (2) вентилятор (5) ауа жүретін түтік (3) арқылы ауаны қысып топтайды және шитті мақтаны құбыр (4) арқылы тазартқыштың аралы барабанына (7) түсіреді. Ауа ұсақ қоқыс қалдықтарымен бірге құбыр (9) арқылы машинадан шығарылады.


Барабанның (7) аралы дискілері шитті мақтаны шөткенің (6) үстінен жылжытып тұрады. Шөтке араларда талшық бөлшектері ұсталынып қалуына мүмкіндігін туғызып тұрады және талшықпен әлсіз байланысқан ірі қоқыстарды бөледі. Одан мақта қопарғыштардың (8) үстінен өтіп қоқыс қалдықтардан тазартылады. Олар қоқыс әкеткіш (10) арқылы жерге түседі. Тазарған шитті мақта аралы барабаннан түсіргіш (10) арқылы түсіріліп бункерге (12) тасымалданады.
ХВН-1,2А машинасының өнімділігі 0,5-0,6 га/сағ, ал жинау дәрежесі 81-85 %.


§5. Алғашқы өңдеу негіздері 5-c
§6. Мақта талшығының қасиеттері


§6.1. Талшықтың жетілуі

Мақта талшығының қасиеттері оның құрылымымен анықталады. Құрылымы талшықтың өсіп жетілу дәрежесіне байланысты. Барлық өсімдіктекті талшықтар сияқты мақта талшығының да түтікшесі болады. Мүлдем жетілмеген талшық жұқа қабырғалы түтікше түрінде көрінеді. Сондықтан ол беріктігі төмен, иіруге жарамсыз және нашлар боялады. Талшық жетілген сайын түтікше кішірейе түседі. Түтікшенің ішкі қабырғасына целлюлозаның қабаттары бөлініп шығуына байланысты сыртқы қабаты қалыңдайды. Мұндай талшық қабаттары кпкен кезде бір жазықтықта емес, күрделі бұрандалы бет бойымен орналасады. Құрғаған талшық бұралаң, майысқақ болып келеді, оның бағыты талшықтың ұзындығы бойынша өзгеріп тұрады. Мұндай құрылым иіру үрдісінде талшықтардың өзара ілінісуіне себеп болады. Жетілген талшықтың иректілігі 1 см-де орташа есеппен 70-тен 100-ге дейін жетеді.


Аса жетілген талшықтардың қабаттары қалың болғандықтан иректелмей тым қатты болады. Талшықтың жетілуін көбінесе микроскоппен қарағандағы жетілу дәрежесі әртүрлі талшықтарды салыстыру арқылы анықтайды (6-сурет).
Талшықтың жетілу дәрежесі шартты түрде жетілу коэффицентімен сипатталады. Ол мүлдем жетілмеген талшық үшін нөлден бастап беске дейін (жетілу шегі) 0,5-ке тең интервал сайын өзгереді, мысалы, 0; 0,5; 1; 1,5 және т.б. Жетілу коэффициентін түтікше енінің талшық қабатының екі есе қалыңдығына қатынасымен анықталады. Бұл қатынас неғұрлым кіші болса жетілу коэффициенті соғұрлым жоғары болады. Сортына қарай мақтаның орташа жетілу коэффициенті 1,2-2,2 аралығында тербеледі.


6-сурет. Жетілу дәрежесі әртүрлі мақта талшықтары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет