1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§6.3. Талшықтың сызықтық тығыздығыъ



бет7/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§6.3. Талшықтың сызықтық тығыздығыъ

Сызықтық тығыздығы талшықтың маңызды қасиеттерінің бірі. Оны текс немесе миллитекспен белгілейді. Текс 1 км болатын жіптің, созбаның, талшықтың салмағын көрсетеді.


Талшықтың сызықтық тығыздығын миллитекспен көрсету ыңғайлы:



Мұнда Т – сызықтық тығыздығы, текс.
g – талшықтың салмағы, г, мг.
l – талшықтың ұзындығы, км, м.
Өте жіңішке талшықтарды өлшеу үшін кейде миллитекс шамасын қолданады. Ол 1 км талшықтың салмағы қанша миллиграмм миллитекс (мтекс), өлшеуіші текстен 1000 есе кіші. Талшықтың сызықтық тығыздығы оның көлденең өлшемдерін анықтайды. Бірақ талшықтың диаметрін немесе көлденең қимасының ауданын анықтау қиын. Біріншіден талшық сияқты жіңішке дененің диаметрін өлшеу оңай емес. Екіншіден, оның диаметрі ұзындығы бойынша тұрақсыз. Үшіншіден, талшықтың көлденең қимасы ұзындығы бойымен құрылымы және өлшемдері бойынша әртүрлі. Сондықтан, тоқыма талшықтардың көлденең өлшемдерін салыстырмалы өлшемдермен өлшейді.
Соны бірі талшықтың өмері, Нөмер (№) – бұл талшық ұзындығының салмағына қатынасы. Бұл шама қазіргі уақытта қолданбайды. Нөмер мен сызықтық тығыздықтың арасында төмендегідей байланыс бар:



Талшықтың көлденең өлшемдері неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның сызықтық тығыздығы немес тексі үлкен болады.
Ал, нөмер – көлденең өлшемдеріне кері шама: неғұрлым көлденең өлшемдері жоғары болса, соғұрлым оның нөмері кіші болады.
Егер де мақта талшығының ұзындығын 1 мм, көлденең қимасының ауданын F, мм2, ал мақтаның тығыздығын γ, г/см3 болатын болса, оның көлемі мына формуламен анықталады:



Талшықтың сызықтық тығыздығы бойынша.





Талшықтың көлденең қимасының ауданы үлкен болған сайын, сызықтық тығыздығы үлкейе түседі. Мақта талшығы үшін у = 1,5 г/см3. Талшықтық сызықтық тығыздығының маңызы өте үлкен. Талшықтардан дайындалған иіріжіптердің беріктігі сол талшықтардың беріктігіне және олардың арасындағы үйкеліс күштеріне байланысты. Бұл күштер көлденең қимадағы талшықтар арасындағы түйісу көп болса, жоғары болады. Ал талшықтар арасындағы түйісу олардың санына байланысты.


Сондықтан талшықтар неғұрлым жіңішке болса, яғни олардың сызықтық тығыздығы кіш болса, жіптің көлденең қимасында талшықтардың саны көп болады да, жіп мықты, берік болады. Сонымен қатр, жіңішке талшықтардан берік, жіңішке жіп өндіруге болады.
Орташа талшықты мақтаның сызықтық тығыздығы 0,167-0,222 текс немес 167-222 мтекс, ал жіңішке талшықты мақтанікі 0,128-0,167 текс немес 128-167 мтекс. Сондықтан орташа талшықты матаддан сызықтық тығыздықтары орташа иірімжіптерді өндіреді. Соңғылары жұқа немес өте берік жіптер, мата және трикотаж шығаруға қолданылады.
Жіптің көлденең қимасындағы талшықтардың орташа санын m анықтау үшін жіптің сызықтық тығыздығына бөлу керек (Tm):



Мысалы, сызықтық тығыздығы 0,19-0,20 текс-тен орташа талшықты мақтадан өндірілген 18,5 текс көлденең қимасындағы талшықтардың саны мынадай:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет