1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§3. Мақта өсімдігінің агротехникалық элементтері және пісіп-жетілуі



бет4/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§3. Мақта өсімдігінің агротехникалық элементтері және пісіп-жетілуі

Мақта өсімдігін ауа-райы жылығанан кейін, топырақтың температурасы шамамен 13-15 0С жеткенде егеді. 1-2 аптада қылтиып көрініп, 60-70 күнде мақта талы өсіп-қалыптасып, гүлдей бастайды. Гүл бір күннен кейін солып, жатыннан жеміс яғни қауашақ өсіп дамиды. Гүлдеу, жатынның және жемістің пайда болуы біріндеп, талдың төменгі бұтақтарынан басталып, шамамен 45 күнде жетіледі. Қауашақ іштей 3-5 бөлікке бөлініп, дәндерінен талшықтар қсіп шығады. Протоплазмалы талшықтар толтырылған жұқа қабықты түтікше түрінде қалыптасады.


30-40 күнде талшық ұзына бойы өсіп, енінің өлшемі бірнеше күнде ең жоғары дәрежесіне жетіп, өзгеріссіз қалады. Талшықтың пісіп жетілуі осыдан кейін басталады. Пісу мерзімінде талшықтың ішкі қабаты целлюлозаның түзілуіне байланыстыұлғайып, талшықтың тығыздығы мен беріктігінің жоғарылауына әкеледі. Гүлденгеннен бастап талшықтың толық дамуы 50-80 күнде аяқталады. Осыдан кейін талшықтың шырыны кеуіп, өзінің бойлық өсімен ширатылып, жазық таспа түрге келеді. Бір қауашақтағы шиті мақтаның салмағы 3-7,5 г-ға жетеді. 3-5 бөліктен тұратын қауашақтың әрбіреуінде 6-9 дәннен тұратын бөлекшелер бар.





2-сурет. Мақта өсімдігі.


§4. Шитті мақтаны жинау

Шитті мақтаны қауашақтардың пісіп жетілуіне қарай бірнеше рет жинайды. Жақсы жетіліп ашылған қауашақтардан алғашқы суыққа дейін жиналған шитті мақта жалпы жалпы жиналған егіннің шамамен 60%-н құрайды. Суық түскеннен кейін ашылған қауашақтардан жиналған, жетілуі төмен шитті мақтаның үлесі 20-25%-ке жетеді. Пісіп жетіле қоймаған, жартылай ашылған қауашақтардан жиналған мақтаға 10-15% келеді. Ашылмаған қауашақтардағы (қурак) жетілмеген шитті мақта үлесі 2-5%.


Мақтаны қолмен және техникамен жинайды.
Қолмен жинаған шитті мақтаның сапасы жоғары болғанымен, жинау жылдамдығы төмен болады.
Машинамен жинау екі қайтара жүргізіледі. Ол үшін шпиндельді машиналар қолданылады. Шпиндельдер орналасуына қарай тік (СХМ-48, СХМ-48М, ХВС-1,2, ХИ-3,6) және көлбеу (СХС-1,2) шпиндель машиналарға бөлінеді.
Аталған машиналар мақтаны 2 қатардан бірден жинайды. Қазіргі уақытта төрт қатарлы Хи-3,6 машинасы қолданылады.


3-І



3-сурет. Тікшпиндельдік машинаның сұлбасы.

Олардың негізі жұмыс органдары (3-сурет) болып шпиндельдермен (3) жабдықталған барабандар (1 және 2) саналады. Барабандардың бетінде шитті мақтаны қауашақтардан жұлып алу тістер қатарымен (а) орындалады. Машина АВ бұталар қатарының бойымен қысып жылжығанда бағыттағыштар (4 және 5) бұталарды қысып алады. Олар шпиндельдердің арасындағы СД тар қуыс кеңістікке түседі. Сд зонасында шпиндельдер үшкір тістер жағына қарай айналады да, шитті мақтадан өзіне орап алып, оларды қауашақтардан шығарып алады. Одан ДЕ зонасында шпиндельдер тоқтайды, ЕF зонасында олар қарама-қарсы бағытқа айналады, сондықтан шитті мақта айналып тұратын шөткелерден (6) шпиндельдердің тістерінен жеңіл босатылады. Шитті мақта құбырмен бункерге ауамен сорылады. Жерге түсіп қалған шитті мақта жинап алғыштың қақпағы арқылы сорылып жеке бункерге түсіріледі. Машинаның өнімділігі 1-2 га/сағ.


Жіңішке талшықты мақтадан жинауға трактормен тіркестірілген ХВН-1,2 А екі қатарлы машина қолданылады (4-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет