30. Бір қабатты эпителийге морфофункционалдық тұрғыда сипаттама беріңіз.
Бір қабатты бір қатарлы жалпақ эпителийдің барлық клеткаларының көлемі мен пішіні бірдей болады. Олар аласа, көп бұрышты, жалпақ. Бір қабатты жалпақ эпителий барлық ішкі мүшелердің серозалық қабықшаларын түзеді, ішперде, жүрекқап, плевраны астарлап жатады. Клеткалардың плазмалеммалары иректеліп «құлып» деген клеткааралық байланыстарды құрады. Сондықтан, мезотелий жұқа қабат болса да, айтарлықтай берік болады. Мезотелий сұйықтықтарды сіңіру және бөліп шығару қызметіне қатысып, ішкі мүшелердің бір біріне жабыспай, оңай жыжымалы болуына жағдай жасайды.