43.Борпылдақ дәнекер ұлпаларының ерекшелігін түсіндіріңіз.
Борпылдақ дәнекер ұлпасы адам мен сүтқоректілердің организмінде кеңінен тараған.Терінің астында жатып,органдардың,ұлпалардың және клеткалардың арасын толтырады.Борпылдақ дәнекер ұлпада түрлі бағытта тәртіпсіз орналасқан,коллагендік және эластиндік талшықтар болады.Олардың арасында клеткалар орналасады.Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткалары:фибробластар,гистиоциттер,адвентициялық клеткалар,толық клеткалар,май және пигменттік клеткалар,сонымен бірге қанның клеткалары да кездеседі-лимфоциттер,плазмоциттер және макрофагтар.Борпылдақ дәнекер ұлпасының ең маңызды клеткаларының бірі фибробластар болып табылады.Фибробластар ірі,ұзынша келген және өсінділері болады.Цитоплазмасының сыртқы бөлігін эктоплазма, ал органоидтарға бай ішкі бөлігін эндоплазма деп атайды.Жетілген фибробластарда эндоплазма аймағы азаяды.Эндоплазмада митохондрия,түйіршікті эндоплазмалық тор,Гольджи аппараты және клетка орталығы орналасады.Фибробласттың цитоплазмасында көптеген микрофибрилдер орналасады,солардың арқасында фибробласт қозғала алады.Фибробласттың негізгі қызметі клеткааралық затты түзу.Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткааралық заты талшықтар мен аморфты заттан тұрады.Талшықтар ұлпаларға мықтылық пен серпінділікті қамтамасыз ететін қасиет береді.Талшықтардың 3түрін ажыратамыз:коллагендік,эластикалық және ретикулалық.Коллагендік талшық берік келеді және тармақталмайды.Пісірген кезде алдымен ісінеді,содан кейін еріп,желімге айналады.Осы қасиетіне байланысты коллагендік деп аталады.Эластинді талшықтар эластин белогынан түзіледі,физикалық қасиетіне байланысты бұларды эластикалық немесе серпінді талшықтар деп атайды.Серпінді талшықтардың қасиеті коллагенді талшықтарға қарама-қарсы,яғни олар өте созылмалы және оңай үзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |