1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Эндоплазмалық тордың қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз



бет56/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72
Байланысты:
Клеткалар мен ұлпалар биологиясы

44.Эндоплазмалық тордың қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Эндоплазмалық торды 1945-жылы Портер тауық балапанының фибробластарынан тапқан.Цитоплазманың мембраналарымен шектелген әр түрлі түтікшелер мен қапшықтардан тұратын көлемді жүйені эндоплазмалық тор деп атаған.Түтікшелер мен қапшықшалар бір-бірімен байланысып,бүкіл цитоплазмаға жайылған күрделі торды жасайды.Әр түрлі клеткаларда эндоплазмалық тордың құрылысы мен даму деңгейі әр түрлі болатыны анықталған.Эндоплазмалық тор көп мөлшерде белок,липид,гликоген синтездейтін клеткаларда өте жақсы дамыған.Сонымен,эндоплазмалық тордың негізгі қызметтерінің бірі клеткада тасымалдау қызметін атқарады.Әр түрлі заттардың сыртқы ортадан клетка ішіне түсуін және органоидтардың бір-бірімен байланысуын қамтамасыз етеді.Эндоплазмалық тордың екі түрі-түйіршікті және тегіс болады.Эндоплазмалық торда белок синтездейтін клеткалардың өте жақсы жетілуіне байланысты, түйіршікті эндоплазмалық тордың негізгі қызметі-белок синтездеуге қатысу.Түйіршікті эндоплазмалық тордың  бетінде синтезделген белок гиалоплазмаға түспей,мембранадан өтіп эндоплазмалық тордың ішкі қуыстарына жиналады.Одан кейін синтезделген заттар Гольджи аппаратына түседі де сыртқа шығарылады.Түйіршікті эндоплазмалық тордың тағы да бір өте маңызды қызметі-клеткалық мембраналарды өңдеу.Түйіршікті эндоплазмалық торда барлық мембраналық белоктар,мембрананың липидтері синтезделеді және липопротеид мембраналары осы торда жинақталып құрылады.Сондықтан түйіршікті эндоплазмалық торды клеткалық мембрана фабрикасы деп атайды.Ал тегіс эндоплазмалық тор болса белок синтезіне қатыспайды.Бұл торда триглицеридтер,липидтер және көмірсулар синтезделеді.Жазық эндоплазмалық тор стероид өңдейтін клеткаларда жақсы дамыған.Және де бауырдағы эндоплазмалық тор улы заттарды залалсыздандырады.Сонымен,түйіршіксіз эндоплазмалық тор клеткада бірнеше қызмет атқарады:липидтер мен стероидты гормондарды синтездеу; дәрі препараттарды және улы заттарды детоксикациялау;гликогенді синтездеу; кальцийді жинап сақтау.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет