1. Клиникалық фармакология пәні. Міндеті, бөлімдері. Клиникалық фармакокинетика. Балалардағы ерекшелікері


Дәрілік препараттарды балаларға тағайындау ерекшеліктері (мөлшерлеу, жас ерекшелігіне қарай шектеулер)



бет6/26
Дата11.04.2023
өлшемі1,91 Mb.
#81661
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
фарма 2

7. Дәрілік препараттарды балаларға тағайындау ерекшеліктері (мөлшерлеу, жас ерекшелігіне қарай шектеулер).


Препараттың адекватты дозасын белгілеу педиатриядағы дәрілік терапияның негізгі мәселесі болып табылады. Дұрыс доза емдеудің тиімділігі мен қауіпсіздігін анықтайды. Балаларға дәрілік препараттарды науқас балалалрға жүргізілген клиникалық зерттеу нәтижесіне негізделе отырып мөлшерлеу керек. Егер ем барысында педиатрияда қолдануға рұқсат дәрілік препарат қажет болса, бірақ арнайы балаларға арналған мөлшерлеу болмаған жағдайда, педиатриялық дозаны(мөлшерлеуді) баланың жасын, салмағын және де баланың дене бетінің ауданына қарай есептейді.


1. Дене массасы бойынша:


Балалар дозасы = ересек адам дозасы * баланың дене массасы(кг) / 70


2. салмақ бойынша - препараттың мөлшерін 1кг дене массасына мг/кг - ға және т.б


(мысалы, бір реттік доза 2мг/кг. Баланың салмағы 10кг болса, бір ішкенде 20мг қажет)


3. Жасына қарай:


Балалар дозасы = ересек дозасы * баланың жасы(год) / баланың жасы(в годах) + 12


4. Седативті және наркотикалық препараттар үшін балалар дозасы:


Балалар дозасы = Ересек дозасы(4*баланың жасы(в годах) + 20 / 100


5. Дене бетінің ауданы бойынша балалар дозасын анықтау:


Балалар дозасы = (дене ауданы в кв.м : 1,73) * ересек дозасына.


Балаларға жиі түрде препараттарды свеча, сироп, гранула немесе суспензия дайындауға арналған порошок ретінде тағайындайды.


Есептеу мысалдары: - егер доза (мысалы, әсер ететін заттың 40мг) дайын ерітіндінің 100,0 берілетін болса, онда бұл дозаны 20-ға бөлу керек; осыдан әсер ететін заттың дозасы чайный ложка ерітіндісінде шығады (40мг/20 =2мг чайный ложкада, яғни 5 мл)


Сонымен қатар балаға дәрілік препараттың дозасын анықтағанда, ол препараттың терапевтік әсері оның енгізу жолына байланысты өзгеріп отыруын да есептеу қажет.


Егер препараттың дозасын ішке қабылдаса, онда ректальды түрде сол препарат дозасы ішке қабылдаған дозаның 2/3 шығады, ал теріасты 1/3-½ қатынасындай, венаішілік енгізуде де 1/5-1/3 қатынастағы дозада шығады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет