Жағымсыз дәрілік реакцияларға (жағымсыз әсерлерге) дәрілік препараттың барлық жағымсыз әсерлері жатады.
Бірнеше түрлері бар:
- Дозаға тәуелді
- Аллергиялық
- Идиосинкратикалық
Дозаға тәуелді жағымсыз дәрілік реакциялар препараттың шамадан тыс айқын емдік әсерін білдіреді. Мысалы, жоғары қан қысымын төмендету үшін дәрі қабылдаған науқас, егер препарат қан қысымын тым артық төмендетсе, басы айналуы, жағдайы нашарлауы мүмкін.
Аллергиялық реакциялар ағзаның иммундық жүйесінде препаратқа қалыпты емес реакция пайда болған кезде пайда болады. Мысалы, анафилактикалық шок, есекжем, Квинке ісінуі.
Идиосинкратикалық жағымсыз дәрілік реакциялар қазіргі уақытта белгісіз механизмдерге байланысты. Бұл түрдегі жағымсыз дәрілік реакциялар көбінесе болжау мүмкін емес. Мұндай жағымсыз дәрілік реакциялардың мысалдарына бөртпе, сарғаю, анемия, лейкоциттер санының төмендеуі сияқты реакциялар жатады.
Фармакологиялық қадағалау (фарм надзор) - дәрілік препараттарды қолданудың жағымсыз салдарын анықтауға, талдауға, бағалауға және алдын алуға бағытталған қызмет түрі. Фармакологиялық қадағалаудың мақсаты - айналымдағы дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың барлық кезеңінде пайда мен тәуекелдердің арақатынасын үздіксіз бағалау.
Жанама әсерлердің тип бойынша жіктелуі. (А, В, С, D)
А (болжамды реакциялар) - ДЗ фармакологиялық әсерінің нәтижесі. Әр науқас үшін жеке дозаны таңдау арқылы болдырмауға болады
В (болжанбайтын реакциялар) - препараттың дозасына тәуелді емес пациенттердің аз санында болатын реакциялар. А типті реакцияларға қарағанда сирек кездеседі, болжау мүмкін емес, көбінесе ауыр реакциялар қатарына жатады және оларды зерттеу қиын. В типті жағымсыз реакциялар көбінесе иммунологиялық сипатқа ие және бейімділік факторлары бар науқастарда кездеседі.
С ("химиялық" реакциялар) - ДЗ ұзақ уақыт қабылдаған кезде пайда болатын реакциялар. Көбінесе олар толеранттылықтың, тәуелділіктің және тоқтату синдромының (синдром отмены) дамуымен көрінеді.
D - бұл дәрі-дәрмек тоқтатылғаннан кейін бірнеше айдан бірнеше жылға дейін пайда болатын кешіктірілген жағымсыз реакциялар. Олардың негізінде мутагенділік, канцерогенділік, репродуктивті функцияның бұзылуы, тератогенділік жатыр.