1. Клиникалық фармакология пәні. Міндеті, бөлімдері. Клиникалық фармакокинетика. Балалардағы ерекшелікері


Фармакоэкономика Фармакогенетика Фармакоэпидемиология түсініктері



бет9/26
Дата11.04.2023
өлшемі1,91 Mb.
#81661
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
фарма 2

13. Фармакоэкономика Фармакогенетика Фармакоэпидемиология түсініктері.


Фармакоэкономика деп денсаулық сақтауда қорлар мен заттарды
тиімді қолдану мүмкіндіктерін анықтайтын медициналық ғылымды
айтады. Оның негізгі аспабы болып фармакоэкономикалық талдау
табылады, яғни – медициналық шараларды қолдану нәтижелерінің
кешенді клиникалық-экономикалық талдауы.
Сапалық стандартына берілген анықтама бойынша клиникалықэкономикалық талдау – бұл медициналық шараларды қолдану және орындауға жұмсалған шығындар нәтижелерінің кешенді өзара байланысқан есебі негізінде сақтандыру, диагностикалау, дәрімен және дәрісіз емдеудің екі не оданда көп әдістерін салыстырмалы бағалау әдіснамасы. Клиникалық-экономикалық әдіснамасы кез-келген медициналық әрекетке қолданылады: дәрімен (фармакоэкономика) және дәрісіз емдеу тәсілдеріне, диагностикалау, сақтандыру және оңалту әдістеріне.
Фармакоэкономиканың зерттеу объектілері медициналық
әрекеттердің қауіпсіздігі мен тиімділігі, сондай-ақ оларды жүргізуге
жұмсалған экономикалық шығындар болып табылады.
Фармакоэкономикалық зерттеулерді (ФЗ) жүргізудің жобаны
құрастырудан кейін бірінші сатысы ақпаратты жинақтау және талдау болып саналады. Осы мақсатты іске асыру үшін ғылыми-статистикамен және оның құрамы биостатистикамен ұсынылған құралдар қолданылады

. Фармакоэпидемиология • адамдардың денсаулығын жақсартуға бағытталған,тұрғындар арасында дәрілік затты рационалды және тиімді қолдануды қамтамасыз ететін,дәрілік заттың көптеген адамдарда көрінетін жағымсыз әсерлері мен қолданылуын зерттейтін медициналық дисциплина. • Фармакоэпидемиолгия клиникалық фармакология мен эпидемиологияның тоғысуынан туындаған:біріншісінен- мақсатын,екіншісінен-әдістемелерін алған.




14. Дәлелді медицина, оның кезеңдері.


Дәлелді медицина - бұл денсаулық сақтауды ұйымдастыру және ауруды емдеу, диагностикасы, алдын алу шаралары бойынша ғылыми-дәлелденген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін медициналық ақпараттық технология. • Дәлелді медицинаны қолданудың алгоритімінің мәні келесі:
Шешім қабылдаудың 4 қадамы Мәселені құру Ақпараттарды іздеу - осы мәселе бойынша әдебиеттер мәліметі Ақпараттың пайдалылығы және ғылыми дәлелділігін бағалау Тәжрибеде қолдану және\ немесе алынған нәтижелердің таралуы (публикациялар) негізгі үш бағыт бойынша: 1. клиникалық ұсынылымдарды жасау, 2. рандомизирленген бақыланатын зерттеулердің жүйелі шолулар базасын жасау, 3. арнайы оқытатын анықтама қағаз және электронды журналдар, жетекшіліктер, кітаптар және интернет ресурс шыгару

КЕЗЕҢДЕРІ


Дәлелді медицина бес деңгейі бар:


1. жауап алу мүмкіндігі бар болып табылатын Сұрақты жіберу.


2. Ең жақсы тексеру табыңыз.
3. сыни деректерді бағалау.
4. клиникалық сараптама және науқастың мүдделері негізінде дәлелдерді қарастырайық.
5. қалай жүзеге асырылуын технологияларды қолдау пайдалануын бағалау.

Дәлелдік деңгейін бағалау


Диагностикалау және емдеу бойынша практикалық ұсынымдар зеттеу мәліметтеріне де, экстраполяцияға да сүйене алады
А – дәлелдер сенімді: осы әдісті қолдануға қатысты негізді дәлелдер бар;
В – дәлелдердің салыстырмалы сенімділігі: осы ұсынысқа кеңес беру үшін дәлелдер жеткілікті.
С – жеткілікті дәлелдер жоқ: қолда бар дәлелдер ұсыныс шығару үшін жеткіліксіз, бірақ өзге жағдайлар ескеріліп ұсыныстар берілуі мүмкін;
D – теріс дәлелдер жеткілікті: белгілі бір жағдайда бұл әдісті қолданудан бас тартуды ұсыну үшін жеткілікті дәлелдер бар;
Е – негізделген теріс дәлелдер: бұл әдісті ұсынымдардан шығарып тастауға сенімді дәлелдер жеткілікті.
Жоғарыда сипатталған зерттеудің мәліметтері бойынша ЖРВИ диагнозы қойылған пациенттерге амбулаториялық деңгейде препараттардың келесі топтары жиірек тағайындалған: вирусқа қарсы препараттар, СЕҚҚП, иммуномодуляторлар, антибиотиктер, ББЗ.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет