1. Клиникалық фармакология пәні. Міндеті, бөлімдері. Клиникалық фармакокинетика. Балалардағы ерекшелікері


Клиникалық фармакология пәні. Міндеті, бөлімдері



бет2/26
Дата11.04.2023
өлшемі1,91 Mb.
#81661
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
фарма 2

1.Клиникалық фармакология пәні. Міндеті, бөлімдері.


Клиникалық фарм- бұл адам ағзасы мен дәрілік заттардың қарым қатынасын зерттейтін дисциплина. Әртүрлі аурулар мен патологиялық жағдайларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын дәрілік заттарды оқытады. Сонымен қатар тиімді және қауіпсіз жаңа дәрілік заттарды тауып, ұсынады.
Міндеті:
1.Жаңа дәрілік заттарды зерттеу.
2.Ескі препараттарды фарм тиімділігн бағалау және зерттеу.
3. Дәрілік заттардың эффективті және қауіпсіз қабылдаудың жаңа әдістерін табу.
4. Ақпаратталған организациялық ұйымдар мен әртүрлі мамандарға консультативті көмек жүргізу.
5. Студенттер мен дәрігерлерді оқыту
Клиникалық фармокология бөлімдері:
Фармакокинетика- бұл дәрілік заттардың сіңуі, ағзада таралуы, қорға жиналуы, метаболизмі және шығарылуы жөніндегі фармакологияның бөлімі. Фармакодинамиканың негізгі мазмұны - бұл дәрілік заттардың биологиялық әсерлері, сонымен қатар олардың әсер ету орны мен механизмі.
Фармаконадзор- дәрілік заттардың жанама әсерлерін бақылап, анализ жасау мен алдын алуын қарастыратын сала болып табылады. Оның негізгі мақсаты дәрілік затты қабылдау кезінде барлық қауіп қатер факторлар мен тиімді әсерледі бақылап, баға беру.

2. Клиникалық фармакокинетика. Балалардағы ерекшелікері.


Фармакокинетика- Дәрілік заттарды сіңіру, бөлу, байланыстыру, биотрансформация және организмнен шығару процестерін зерттеу болып табылатын клиникалық фармакология бөлімі.
Дәрілік заттарды сіңірілуі– бұл препараттың енгізілген жерден қанға ену процесі. Ішке қабылдаған кезде препараттың сіңуінің сипаты мен қарқындылығы фармацевтикалық факторларға да (дәрілік нысаны, ерігіштігі және т.б.), асқазан-ішек жолдарының анатомиялық және физиологиялық факторларына да байланысты.
Дәрілік форма препараттың емдік әсерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Балаларға арналған препараттарды таңдауда және тағайындауда дәрілік форманың рөлі ерекше.
Асқазан-ішек жолында дәрілік заттардың сіңуіне әсер ететін фармацевтикалық факторлар.
1. Дәрілік нысаны және агрегация күйі
2. Дәрілік заттардың химиялық және физикалық құрылысы.

Таралуы. Сіңгеннен кейін дәрілік заттар, әдетте, қанға түседі, содан кейін олар әртүрлі органдар мен тіндерге тасымалданады. Бұған мыналар әсер етеді:


1) жасушадан тыс сұйықтықтың көлемі;
2) препараттың суда немесе липидтерде ерігіштігі;
3) плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі;
4) аймақтық қан ағымының қарқындылығы;
5) белгілі бір тіндерге препараттың жақындығы

Жүйелік қанайналымға түскеннен кейін дәрілік


Заттар организмнің түрлі тіндеріне таралады.
Дәрілік заттардың таралуы сипаты анықталады:
• ерігіштігімен (суда, майда);
• қан сарысуының ақуыздарымен байланысуы
Дәрежесімен;
• аймақтық қанайналымның қарқындылығымен;
•биологиялық тосқауылдардың жағдайымен Дәрілік заттардың биотрансформациясы (зат алмасуы) негізінен бауырда жүреді, сонымен қатар бүйрек үсті бездерінде, бүйректе, ішекте, теріде де жүреді.
Балаларда баланың дамуы кезінде бірте-бірте жетілетін бауыр ферменттік жүйелерінің баяу жетілуіне байланысты дәрілік заттардың баяу метаболизмімен сипатталады. Осы себептерге байланысты жаңа туған нәрестелерде дәрілік заттардың метаболизмі екі есе азаяды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет