Тараптарды таныстыру (презентация) Келіссөздер жүргізу рәсімі келісілгеннен кейін медиацияның келесі
кезеңі - тараптарды таныстыру басталады.
Таныстырудың негізгі мақсаты - тараптарға өздері туралы және
жағдаятты қалай көретіндерін айтуға мүмкіндік беру.
Медиатордың негізгі міндеттері: Тараптардың баяндамасы бойынша кезегін орната отырып, оларды
ынтамен тыңдау;
- Рәсімнің бұзылуын болдырмау;
- Тараптармен таныстыру кезінде айтылғандары дұрыс түсінгендерін
анықтау, яғни, даулы жағдаяттың фактілері мен оларды тараптардың
қабылдауын (олардың интерпретациясы) және туындаған эмоцияларды
(жағдайға қатысты қарым- қатынас) атап өтіп, жағдаятты қалай түсінгендері
туралы кері байланыс орнату;
- Тараптар біріне - бірі беретін бағалаудың агрессивтік деңгейін
төмендету;
- Тараптар бір- бірінің сөзін бөлулеріне жол бермеу;
- Тіл тигізетін сөздердің айтылмауы;
- Тараптар келіссөз барысында қол жеткізгісі келетін нәтижені
анықтап алу.
Медиатор осы кезеңге өткеннен соң бір тарапқа (әдетте, медиацияны
жүргізуге өтініш тапсырған тарапқа) толығымен оның ойынша талқыланатын
мәселе неден тұратынын айтуға кеңес береді.
Медиатор белсенді түрде тыңдап, өзінің жазбаларына маңызды болып
көрінгендерін түртіп алады. Әңгімелеу барысына ол әрине, ереже бойынша
қатыса алмайды, тек түсініксіз болғандарын қайталап сұрайды. Бірінші
тараптың әңгімесі біткен соң, медиатор тараптың айтқанын дұрыс түсінгенін
фактілерді, интерпретациялары мен сезімдерін- «жәбірлеушінің» әрекетінен
тараптарда пайда болған қарым- қатынасты бөліп айта отырып, қайталау
(эхо-қайталау) арқылы анықтап алады.
Мазмұндау кезінде медиатор тек жағдайды құрылымдап, ешқандай
бағаламайды, ештеңені интерпретацияламайды. Мазмұндау «Мен ешқандай
маңызды нәрселерді жіберіп алмадым ба?» деген стандартты сөздермен
аяқталады.
Сонымен қатар медиатор тыңдалған тараптың қайтадан әңгімелеуіне
жол бермеуі тиіс. Тарап барлығын айтпаса да, оның да, медиатордың да оны
анықтап алатын мүмкіндіктері бар. Ереже бойынша, үдерістің басталуы үшін
тараптардың айтқандарының өзі де жеткілікті. Кері жағдайда медиатор
жағдаятты тергеуді тек бір тарапқа сүйеніп жүргізіп бастайды, ал бұл дауды
жағдаятта кінәліні іздеу болып қабылдануы мүмкін. Мұндай жағдайда екінші
тарап жалығып, медиатор оның оппонентінің жағында деп ойлауы мүмкін.
Кейін медиатор екінші тарапқа мәселе бойынша көзқарасын айтуды
ұсынады.
Медиатор мен тараптардың арасында таныстыру
кездесетін мәселе тараптардың агрессия тудыруы және бір- бірінің сөзін
Көп жағдайда бір тарап екінші тараптың әңгімелеуін қызу эмоциямен
қабылдайды, әрдайым сөзге араласып, мысалы «Мен осы жерде нақтылап
кетуім керек» деп, айтылғанды жөндеуге тырысады.
Әдетте, екінші тараптың әңгімелеуінен кейін бірінші тарапта өзі
мәселені қалай көретіні туралы ақталғысы келіп кетеді. Егер ол бастапқыда
дау туралы ештеңе айта алмаса, оған айтуға мүмкіндік беруге болады, бірақ
медиатор таныстырудың өзара айыптауға айналуын болдырмауы тиіс.
Медиатордың міндеті келіссөз кезінде тараптардың уақыт, белсенділік
пен құқығының балансын сақтап қалу.
Егер медиатор бірінші тараппен кері байланыс орнатпай, екінші
тарапқа сөз берсе және екі тарапты тыңдап болған соң кері байланыс
орнатамын деп шешсе, ол жағдай да қателік.
Тараптарды таныстыру кезеңінен кейін медиатор тараптар айтқанды,
дауласушылыр келісе алатын сұрақтарды талқылауға өтеді.
Медиатор медиация сессиясының бірінші
кезеңін қарастырылып
отырған дау бойынша жүргізсе, онда кіріспе сөз бен таныстыру кезеңін
қайталағаны дұрыс. Себебі, сессиялар арасындағы үзіліс кезінде бір немесе
барлық тараптың позияциясы өзгеруі мүмкін, себебі медиация кезінде естіген
ақпаратты түсіну, жақындарымен сөйлесу, даудағы барлық жағдайды қайта
ойлау мәселеге деген көзқарасты өзгертуі мүмкін. Нәтижесінде тараптар
өткен сессияда ұстанған позияцияларынан мүлдем бас тартуы мүмкін.
Сондықтан, тараптар да, медиатор да өткеннің еншісінде қалып қоймай,
келісімге келуі керек.