1 Көркем мәтін жалпы филологиялық талдау нысаны


М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романына сюжеттік-композициялық талдау жасаңыз



бет4/25
Дата25.09.2024
өлшемі112,3 Kb.
#145602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
кмәтә сессия

4.М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романына сюжеттік-композициялық талдау жасаңыз
II Шығарманың тақырыбы: Шығармаға арқау болған оқиғалар ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесінде жиі кездесетін жас қыздардың қалың малға сатылып, сүймеген адамдарына ұзатылуы, олардың теңдік үшін күрес мәселелері суреттеледі. 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» романы Қазанда басылып шықты
V Шығарманың идеясы: Сол кездегі шындық өмірді көрсету, сол шындық арқылы оқырманына ой салу. Қазақ қыздарының тағдырын көрсету.
VI Шығарманың композициялық құрылысы.
VI.1. Шығарманың басталуы: Сәрсенбайдың тоқал алуы, қызды болуы
Көктал қыстаған Құрман атаның ауылы жайлауға қонып, көптен көріспеген ел мәре-сәре болып жатқанда ауылға екі адам келіп түседі. Ертесіне ауылға крестьянский начальник келеді. Бәрі соның келуін тамашалап отырғанда топ ішінде Сәрсенбайдан біреу Шолпан жеңешем «тақия тігіп беретін» тапты деп сүйінші сұрайды. Бірінші көрген баласы болған соң Сәрсенбай үлкен той жасайды.
VI.2. Шығарманың дамуы: Жамалдың Жұманмен атастырылып, Сәрсенбайдың болыстыққа таласып
VI.3. Шығарманың байланысы: Ғали мен Жамалдың танысуы
VI.4. Шығарманың шиеленісі: Ғали мен Жамалдың қашуы
VI.5. Шығарманың шарықтау шегі: Галидың өлімі, Жұманның үйі
VI.6. Шығарманың шешімі: Жамалдың қайтыс болуы
VII Кейіпкерлер келбеті.
VII. 1. Басты кейіпкер Жамал - өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты, саналы қыз. Бақыт жолында қандай қиышылық болса да күресуге дайын.
VII.2. Ғали – медресе бітірген, мұғалім болып қызмет атқарған. Саудамен айналысады. Ынталы жігіт. Сүйгені үшін жанын құрбан етуге дайын.
VII. 3. Сәрсенбай – жүздеген жылқысы, үш жүздей қойы бар бай, момын адам. Байлықтың буы басын айналдырып, болыстыққа таласады. Байлығын босқа шашып, сайланбай қалады. Өзіне жақтас іздеп, болыстың інісі Байжанмен құда болуды ойлайды.
VII. 4. Байжан – құбылмалы, қатаң адам.
5.Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романының композициясына уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау жасаңыз.
Ақбілек романы- реалды уақыт пен кеңістікке жатады. Ақбілектің кешкен тағдыры мен қиыншылықтарын сол кездегі соғыспен ұштастырады. Бұл арқылы ол тек Ақбілектің өмірін ғана емес, қазақ халқының тағдырына балта шауып жатқандығын көрсетеді.
Тарихи-реалды уақыт: ақтар пен қызылдар соғысы.
Кеңістік: Ақбілекті үңгірге апаруы жабық кеңістікте өтеді; Бекболаттың орыс офицерлерін қууы ашық кеңістікте өтеді.
Жалпы, шығарма сюжетіне орай ашық және жабық кеңістік орын алмасып келеді. Шекара: үңгірдің есігі. Егер Ақбілек үңгірден қашып шықпаса, шығарма соңындағы бал өміріне жете алмайтын еді.
Динамикалық: жол, өзен, ағаш, тас
Статикалық: төбе, үңгір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет