1 Көркем мәтін жалпы филологиялық талдау нысаны


Марат Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесіне автор ізімен талдау жасаңыз



бет6/25
Дата25.09.2024
өлшемі112,3 Kb.
#145602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
кмәтә сессия

7.Марат Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесіне автор ізімен талдау жасаңыз.

Марат Қабанбаевтың бұл әңгімесі бауырлар арасындағы қанша жылдық салқындықты көрсетеді. Кезінде қимай, жүрегі қақ айырыла тастап кеткен бауырының 11 жылдан кейін ізбеп келуі, осы уақыт аралығында екеуінің арасында еш байланыстың қалмағанындай сезінуі, інісінің өзінен жатырқауы мен болмысы мен ортасының ауысу нәтижесінде өзгеруі көрсетіледі. Шығарманың басты тақырыбы- соғыс жылдарынан кейінгі жетімдер тағдыры. Сонымен қатар бұл шығармада тек жетім баланың хәлін емес, оның орыс ортада тәрбиеленіп жатқанын, түйсігінің орысша жетіліп, қазақша туыс. туысқан секілді өзінің қандастарын танымауы. тіптен қазақ тілінен жат секілді өскені көсретіледі. 15 жасар баланың ағасынсыз-ақ өмірінің жақсы өтіп жатқандығы, арман-мақсаттарын орындауда бар күшін салып жатқандығын байқауға болады. Ол үшін тек осы жетімдер үйіндегі үлкен аға-әпкелері жақын болып кеткендігін аңғара аламыз. Манаптың кетерінде Қалиге деп арнап тастап кеткен қара дипломатын оның алатындығы не болмаса кәдесыйдың не екенін түсінбей жолдастарына сыйлап жіберетіндігі жайлы автор үнсіз қалады.


Шығарма тақырыбы: Соғыстан кейінгі ұлт тағдыры, жетімдер тағдыры.
Идеясы: Бауырдың орнын ешкім баса алмайтындығын көрсету

Шығарманың композициялық құрылысы: Сақиналық композиция
Оқиғаның басталуы – Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі, Директормен әңгіме.
Оқиғаның дамуы – аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы
Оқиғадағы шиеленіс – Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы үйлесімсіздік, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы.
Шарықтау шегі – Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытта сұрап, жаттығуға асығуы.
Оқиғаның шешімі – Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып вокзалға бағыттаулы.
Шығарамадағы кейіпкердің бейнесі:
Жағымды– Манап, Қали, тәрбиеші,
Тәрбиелік мәні: Оқырманды жетімдер тағдырына қайырымдылықпен қарауға тәрбиелейді, бауырға деген мейірімділік сезімі оятады.
Көтерілген мәселе: Жетімдер үйінде ата-ана мейірімін көрмей, отбасынан алшақ өскен баланың туған жерді, бауырды, туысты, ана тңлңн білмей өсуі- зор қасірет екенін жеткізу.
Кеңістігі: Ашық кеңістікте, орындықтың қасында өрбиді
Уақыт: Соғыс аяқталғаннан кейінгі кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет