6.О.Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесіне детальдық талдау жасаңыз. «Апамның астауы» әңгімесі Әжесінің қолында өскен жазушының ішкі сыры десек болады.Мен бұл шығармадан деталь ретінде астауды алғым келді.Астау арқылы апасына деген сағынышын,махаббатын,ерекше бір сезімін сездіргісі келген жазушыны байқаймыз.
«Апама торқадан көйлек кигізіп, менің қолыма он сом ақша (қазірше бір сом) ұстатты. Мен мәз болдым. Өзім-өз болып қолыма ақша тигені сол еді, ышқырымдағы асық салатын қалтаға жымқырып жүгіртіп жібердім де, үйге Апамды тастап жаяу қашып кеттім. Апам кештетіп өзі келді. Сол күні түнде мен Апамнан мүлде бөлініп шығып, қойнына жатпай, шалбарымды жамбасыма басып жеке ұйықтадым. Ондағы жымсыма ойым - Апам құдалар берген он сом ақшаны сұрап алып қояды деген қауіп. Сонда маған "Әпкеңді үйге қайтарамыз, он сом ақшаны бер" десе, азар да безер қарсы болар едім-ау, сонда мен әпкемді он сомға сатып жібергендей едім. Апам ләм деген жоқ. Қойныма жат деп айтпады да, он сом ақшаны тақуалап сұрамады да. Сол күннен бастап қулық сауып, ер жеткенімді білдім. Сол он сом ақша Апам екеуміздің арамызды аша түскендей болды. Мен бөлек жатып жүрдім. Бір ай жамбасыма басып сақтаған қағаз ақша сары тап болып тозуға айналғанда, жоғалтып-ақ алғаным. Әрине, Апамнан көрдім»
Сонымен қатар «Шынымды айтсам, бізді, тіпті бізді ғана емес, ертеректе әкемізді, оның іні-қарындастарын асыраған Апамның теректен ойып жасаған келісі мен ескі астауы еді. Осы келі мен астау тіпті әкемнен де үлкен, Апам Алтайдың арғы беті - төркінінен ала келген аса қымбат заттары болатын»
«Енді, міне, бұзауы өлген сиырдай тұлыпқа мөңіреп, жыртық астаудан Апамның алақанын, Апамның қауыздаған талқан-тарысын іздеп тамсанып отырғанымыз»
«Ертеңінде ескі қораның бұрышында төңкерулі жатқан Апамның астауын алып, Алматыға қайттым. Апам менің... Сенен не қалды? Жарық астау ма? Иә, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау...» деген жолдарда,үзіндіде Апасы өмірден өткеннен кейінгі қалған астауды «апамның көзі» деп өзімен алып кетуі,сол астау секілді өмірдіңде қаңырап калар ма деген ішкі ойларын байқаймыз. Жазушы астау арқылы апасына сағынышын,қимастық,махаббат сезімдерін білдіруіндегі белгілі бір деталь деп қарастыруымызға болады