1. Лекциялар кешені: лекция жоспары, тезистері 1-лекция. Синтаксис және оның зерттеу нысандары


-лекция. Сөйлем мүшесі туралы түсінік. Тұрлаулы мүшелер



бет12/20
Дата27.11.2023
өлшемі106,03 Kb.
#128945
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
лекция жай сөйлем

8-лекция. Сөйлем мүшесі туралы түсінік. Тұрлаулы мүшелер
1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
2. Бастауыш, оның жасалу жолдары мен тұлғасы.
3. Баяндауыш, оның жасалу жолдары мен түрлері
Сөйлем мүшесі туралы түсінік. Сөйлемде белгілі бір грамматикалық мағыналарға ие болып синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері деп атаймыз. Бір сөздің сөйлем мүшесі болуына тіркесетін басқа бір сөз себепкер болады. Мәселен, бастауыштың баяндауышпен байланысына қарап, анықтауышты анықталатын сөзге қатысына қарап сөйлем мүшесі деп танимыз. Сөйтіп, сөйлемдерді бөлшектегенде, олардың ішіндегі сөздердің лексикалық мағыналарына қарамай, тіркесу нәтижесінде пайда болған грамматикалық мағыналарына қараймыз. Ол мағыналар бастауыш-баяндауыштық, толықтауыштық, анықтауыштық, пысықтауыштық болуы мүмкін.
М.Серғалиев: “Сөйлем ішінде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа түсіп, бір сұрауға жауап беріп, бір ұғымды білдіретін сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем мүшесі” десе, Р.Әміров: “Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауда қалыптасатын қатынастардың компоненті. Сөйлем мүшелері ретінде толық мағыналы сөздер қолданылады” дейді.
Сонымен, сөйлем мүшесі деп сөйлемде бір сөздің немесе сөздер тобының басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа түсу арқылы арнайы сұраққа жауап беріп, грамматикалық мағынаны білдіретін түрін айтамыз.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері – бастауыш пен баяндауыш. Бұлар – сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелер. Ал тұрлаусыз мүшелер (пысықтауыш, анықтауыш, толықтауыш) тұрлаулы мүшелердің маңына топтанып, соларды не бірін-бірі анықтап, пысықтап тұрады. Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ал баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. С.Аманжолов “Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы” деген еңбегінде сөйлемнің негізгі қазығы бастауыш, ал баяндауыш оған тәуелді дейді. Ал Мәулен Балақаев бастауыш пен баяндауыш арасына үзілді-кесілді жік айтпай, бастауыштың сөйлемде ой иесі болумен ерекшеленетінін, ал баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтауымен ерекшеленетінін айтып, екеуі де бір-біріне бағынышты категориялар деп қарастырады.
Бастауыш, оның жасалу жолдары мен тұлғасы. Бастауыш – сөйлемде баяндауышпен грамматикалық байланыста тұрып, негізгі ойдың иесі білдіретін сөйлем мүшесі.
Сөйлемнің бастауышына тән негізгі белгілер: бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі; сөйлемде кім? не? деген сұрақтарға жауап береді, зат есімнен басқа сөз таптары да субстантивтеніп, сөйлемде бастауыш қызметінде жұмсалғанда осы сұраққа жауап береді; бастауыштың грамматикалық көрсеткіші – атау септігі; баяндауыш арқылы іс-әрекеттің кімге, неге қатыстылығы айқындалады; бастауыш сөйлемдегі басқа сөздермен (баяндауыш, анықтауыш) синтаксистік қатынасқа түсіп жұмсалады.
Бастауыш негізінен зат есім, есімдіктерден жасалады, сондай-ақ басқа сөз таптарынан да жасалады.
1) заттық мағынада қолданылып, субстантивтенген сын есім сөздер атау тұлғада тұрып бастауыш болады, мысалы: Жақсы жүрген жеріне кент, жаман жүрген жеріне өрт.
2) заттық мағынада қолданылып тұрған сан есімдер де бастауыш болады, мысалы: Үшінші бүгін алда келеді.
3) заттық мағынада атау тұлғада тұрған есімше тұлғалы етістіктер бастауыш болады, мысалы: Бұйырған кетпес, жүгірген жетпес.
4) сөйлемдегі орнына қарай бастауыштың сұрағына жауап беріп, заттық ұғымда жұмсалған үстеулер, одағайлар да бастауыш болады. Мысалы: Еріншектің ертеңі таусылмас. Інімнің алақайы үйді басына көтерді.
Қазақ тілінде бастауыштар құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болып жіктеледі. Дара бастауыштар тек бір сөзден болады. Мысалы: Қатты жел сары ала жапырақтарды шашудай шашып жатыр.
Күрделі не үйірлі бастауыштар екі не одан да көп сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Бірнеше сөз күрделі бастауыш болу үшін, олар өзара синтаксистік тығыз байланыста болулары керек те, сөйлемнің баяндауышы сол сөз тіркесіндегі сөздермен байланысқан болуы керек. Мысалы: Жолдасы екеуі сабаққа дайындалды.
Үйірлі бастауыштар да бірнеше сөзден құралады. Оның күрделі бастауыштан айырмашылығы бар. Егер күрделі бастауыштың құрамы түйдекті болса, үйірлі бастауыштардың құрамында бастауыш-баяндауыш ыңғайындағы сөздер тобы болады. Мысалы: Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар. Бүгін сенің туған күнің екені тарс есімнен шығып кетіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет