1. Лекциялар кешені: лекция жоспары, тезистері 1-лекция. Синтаксис және оның зерттеу нысандары



бет18/20
Дата27.11.2023
өлшемі106,03 Kb.
#128945
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
лекция жай сөйлем

12-лекция. Сөйлемдегі оқшау сөздер
1. Қаратпа сөз
2. Қыстырма сөз
3. Одағай сөз
Тіліміздегі бірқатар сөздер мен сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, оның мағынасын дәлелдеуге қатысты болғанымен, сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланыста бола алмайды. Сондықтан олар сөйлем мүшесі қызметін атқармай, сөйлемдегі басқа мүшелерден оқшауланып айтылады. Мысалы: Кел, балалар, оқылық! Тыңда, дала, Жамбылды! Бұл сөйлемдердегі балалар, дала сөздері басқа сөздермен жалпы мағыналық байланыста болғанмен, синтаксистік байланыста болмайды.
Сөйлемдегі сөздермен синтаксистік байланысқа енбей, олардан дауыс ырғағы арқылы бөлектеніп айтылатын сөздер сөйлемдегі оқшау сөздер болып табылады. Оқшау сөздер қаратпа, қыстырма және одағай сөздер болып үшке бөлінеді.
Қаратпа сөз дегеніміз – айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру үшін және оған басқаның көңілін аудару үшін жұмсалатын оқшау сөз. Қаратпа сөздер диалогта, шешендік сөзде, үндеуде, поэзияда, түрлі хаттар мен іс қағаздарында қолданылады. Сөйлеушінің көңіл-күйін, модальдылықты және оның сезімін де білдіріп отырады. Мысалы: Шырағым, сен абыржыма. Қарағым-ай, сен бе едің?
Қаратпа қызметінде жұмсалатын сөздер, көбіне, кісінің аты, тегі, әкесінің атымен қатар нағашы, апа, жолдастар, балалар сияқты зат есімдер. Қазақ тілінде біреуді жақсы көріп, жылы лебіз білдіру үшін қаратпа орнына күнім, қалқам, жарығым, ботам сынды сөздер қолданылады. Қарағым, бермен кел, бізге де көңіл бөл.
Көркем әдебиетте не? сұрағы қойылатын жансыз зат есімдер де жанды заттың баламасы ретінде қаратпа сөз қызметінде жұмсала береді: Сайра да, зарла, қызыл тіл, қара көңілім оянсын!
Қаратпа сөз сөйлемнің басында келгенде, одан кейін үтір не леп белгісі қойылады. Жан серігім – домбырам! Жанымдай сені сүйемін. Сөйлем ортасындағы қаратпа сөздің екі жағынан, ал сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады: Ризамын, балам, ризамын! Бері келші, қалқам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет