1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Құрылым-құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер



бет47/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   86
Байланысты:
лексикология

Құрылым-құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер.
Мысалы: бір қолын екі ете алмады; екі иығынан дем алды; үш ұйықтаса, ойда жоқ; ел бетін көрместей болды; табанын жерге тигізбеді; аузына ақ ит кіріп, қара ит шықты; ішкен асы бойына тарамады; көзіне көк шыбын үймелетті; көрер таңды көзімнен атырды; ашса алақанында, жұмса жұмырығында; ішкен асын жерге қойды; аяқ-қолын бауырына алды; басы ауырып, балтыры сыздады; бұтын бұт, қолын қол қылды; қасынан бір елі тастамады; жеңген иттің желкесінен алды; көңілі су сепкендей басылды; қашпаған қара
қашардың уызына қарайтын; қой үстінде боз торғай жүмыртқалады.
35.Лексикалық мағыналардың түрлерін сипаттаңыз.
1950 жылдардың орта тұсынан бастап кенес тіл білімінде сөз мағыналарын топтастырудың академик В. В. Виноградовұсынған классификациясы кеңінен қолданылды. В. В. Виноградов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көрсетеді: 1) тура немесе номинативті мағына, 2) фразеологиялық байлаулы мағына, 3) синтаксистік шартты мағына. «В. В. Виноградовтың сөз мағыналары және оларды топтастыру туралы пікірі қазақ тіл білімінде қолдау тауып отырды».
К.Аханов тіл білімінде сөз мағыналарын әр тұрғыда қарастыру, соған байланысты оларды түрліше топтастырып саралау тәжірибесі бар екенін ескере отырып, сөз мағыналарының типтерін талдауда В.В.Виноградовтың классификациясына сүйенеді. Сөздің лексикалық мағынасының типтерін анықтауда сөз мағыналарының шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы дегеннен басқа да белгілері бар екені зерттеу тәжірибесінде көрініп жүр. Мәселен, Н. М. Шанский сөздің лексикалық мағынасының қалыптасуын оның ұғымды білдіру сипаты мен белгілі бір лексика-грамматикалық топтарға қатыстылығымен байланыстырып карайды! М. И. Фомина лексикалық мағыналардың типологиясын ұғымдық-заттық қатынастан басқа сөздердің бір-бірімен байланыстылығы, мағыналардың мотивтілігі, қалыптасуының тарихи себептері және сөз мағыналарының атқаратын кызметі (номинативті және экспрессивті-семантикалық мағыналары) тұрғысынан қарастырады”
1. Сөздің атауыш (номинатив) мағынасы, ол тура мағына деп те аталады. Лексикалық мағынаның бұл түрі сөздердің шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға, олардың белгілеріне қатыстылығымен байланысты пайда болған.Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы атауыш (номинатив) мағына деп аталады. Атауыш мағына әр заттың өз алдына дербес мағынасы болып табылады, сол арқылы біз заттарды бір-бірінен айыра білеміз. Мысалы, тау, тас,өзен, көл, боран, жел деген заттық ұғымдар жеке-жеке аталып, бірден атауыштық мағыналарға ие болып тұр.Сөздің атауыш мағынасы заттар мен құбылыстарға жанама түрде емес, тікелей бағытталатындықтан, тура мағына деп аталады, Сөздің тура мағынасы деген ұғымға заттар мен құбылыстардың ауыс я басқадай туынды қосымша мағыналары кірмейді.Тура мағына заттар мен құбылыстардың қазіргі кездегі тұрақты негізгі мағынасы ретінде танылады. Мысалы, жоғарыда
келтірілген атауыш мағынадағы сөздер әрі заттардың тура мағыналары болып саналады. Сонымен бірге әрбір атауыш сөздің жеке тұрып білдіретін мағынасында еркіндік сипат бар, яғни оның мағынасы еркін мағына болып танылады. Сол себепті атауыш тура мағынадағы сөздер басқа көптеген сөздермен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп отырады. Мысалы, жақсы сөзінің атауыш мағынасы жақсы қасиет туралы қалыптасқан ұғымы бар сөздердің қай-қайсысымен де байланысқа түсе алады: жақсы адам, жақсы жер, жақсы қылық, жақсы қасиет т.б.
Сөздің атауыш (номинатив) немесе тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің бәріне де қатысты. Тек есімдіктердің атауыштық (атау болу) қызметінің өзіндік ерекшелігі бар. Есімдіктер зат, құбылысты, олардың белгілерін, сыр-сипатын тікелей атап білдірмейді, тек толык мағыналы сөздердің орнына жұмсалып, оларды алмастырып, меңзеп білдіріп тұрады. Сол себепті есімдіктердің лексикалық мағынасын меңзеу мағына деп атауға болады. Мысалы, біз, олар, кім, не, қалай, қайсы, ештеме деген есімдіктер нақты затты не оның белгілерін атап тұрған жоқ, тек оларды атап білдіретін сөздердің орынбасар көрсеткіші ретінде қолданы- лып тұр. Сол себепті есімдіктердің меңзеу мағынасы олардың негізгі сөздік мағынасы ретінде сөздіктерде беріліп отырады.
Сөздің атауыш я тура мағынасы негізгі сөздік мағына болып табылатындықтан, сөздіктерде сөз мағыналарын талдаудың алғы шарты болып табылады, сөз мағынасын талдау қашанда негізгі мағынадан басталады. Мысалы, түсіңдірме сөздікте қобалжу сөзінің мағыналарын талдау алдымен оның «көнілі бұзылу, қатты Толқу» (Үсті-басы малмандай су балықшы ағалар есіме түсіп, қобалжып кеттім-Б. Тоғысбаев) деген негізгі мағынасынан басталады, сонан кейін оның «алаң болу, тынышы кету», «қорқу, зәресі қалмау, үрейлену» сияқты ауыс мағыналары, соңыңда «жүрегі қобалжу», «көңілі қобалжу» сияқты тіркестік мағыналары талданады.
Сөз мағынасы дамып, жетіліп отыратын кұбылыс, сондықтан сөздің негізгі мағынасы (лексикалық мағынасы) атауыш немесе тура мағынамен шектеліп қоймайды. Сөз әркашан тек атауыш я тура мағынада айтыла бермейді. Сөздің атауыш тура мағынасының негізінде туып ербіген, бір тілде сөйлейтін адамдарға түсінікті, қауым таныған ауыс, накты, абстракты (дерексіз) мензеу мағыналары болады. Сайып келген- де, бұлардың бәрі (атауыш я тура мағынамен бірге) сөздің негізгі лексикалық мағыналарының түрлері болып табылады. Лексикалық мағынаның бұл сияқты түрлерін В. В. Виноградов туынды номинатив мағына деп атаған!
Тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей бір атауыш лексикалық мағынаны білдіріп қоймайды. Олардың ішіңде бірнеше атауыш мағынаға ие болатындары аз емес. Мысалы, көз деген сөздің адамның немесе жан-жануардың көру мүшесін білдіретін бастапқы мағынасы да, күннің көзін, терезенің көзін, бұлақтың көзін білдіретін ауыс мағыналары да лексикалық мағыналарға жатады. Бірак көз сөзінің аталған лексикалық мағыналарының ара-қатынасы бірдей емес. Алғашқы көру мүшесін білдіретін мағынасы негізгі, бастапқы атауыш мағына да, соңғыларысоның негізінде жасалған кейінгі атауыш мағыналары болып табылады. Бет, құлақ, қабырға, арқа, аяқ, мүше, дүние,кіт, қалың, ақ, ыстық, терең, өту, келу т.б. сөздердің де осы сияқты алғашқы және кейінгі лексикалық мағыналары бар. Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздердің алғашқы, бастапқы мағыналары тура мағыналары болса, кейінгі мағыналары тура емес, ауыс мағыналары болып табылады. Сөйтіп, ауыс мағына деген ұғым бұл арада кейінгі лексикалық атауыш мағынаны білдіріп тұр. Оны сөздің поэтикалық қолданысынан немесе сөйлеу үстінде туатын ауыс мағынасымен шатастырмау қажет. Мысалы, асау сөзінің тура атауыш мағынасы «жүген-құрық тимеген, үйретілмеген, бас білгі емес», ауыс атауыш мағыналары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет