1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Ерке, тентек, бетімен бұла боп өскен (Біреудің ерке өскен, тұрмыстың ашы дәмін татпаған асау баласы гой, ақылы журе толығар -- 3. Шашкин)



бет48/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   86
Байланысты:
лексикология

1.Ерке, тентек, бетімен бұла боп өскен (Біреудің ерке өскен, тұрмыстың ашы дәмін татпаған асау баласы гой, ақылы журе толығар -- 3. Шашкин).
2.Тиымсыз, бетімен кеткен, еркінсіп кеткен (Арыныбасылмаған, асау жігіттер өзімізден де жас екен-газеттен). Ал, «Асау жүрек аяғын шалыс басқан» (Абай) дегендегіасау сөзі поэтикалық ауыс мағынада қолданылып тұр.
Сөздің ауыс мағынасы бір заттың негізгі атауыш (тура)мағынасын басқа бір затқа атау етіп ауыстырып қолданудан барып туады. (Ср. адамның аяғы -- үстелдің аяғы, төсектің аяғы;судан өту, емтиханнан өту, сынақтан өту т.б.). Оған әдетте бір затты, оның белгілерін басқа бір затпен салыстыру, ұқсастыру себеп болады. Сөйтіп, сөздің ауыс мағынасынан жанама түрде қашанда онын тура Мағынасы сезіліп тұрады. Сөздің ауыс
мағынада қолданылуы көп мағыналы сөздердің (полисемия) тууына себеп болады.
Ал нақты және абстракты мағыналардың бір-бірінен айырмашылығына келсек, ол сөздің затты қандай дәрежедембілдіре алатындығына байланысты. Егер сөз затты, оның белгілері мен іс-әрекетін дәл қалпында айқын түрде білдірсе, онда оның мағынасы нақты мағына болып табылады. Мысалы, қағаз, қалам, барды (үйге), әкелді (сүт), ақ (мата), көк (шөп). Егер сөз затты оның нақты белгілерінен, қасиеттерінен ажыратып, ойша дерексіздендіріп білдірсе, онда абстракты (дерексіз) мағына туады. Мысалы, адамгершілік дегенде нақты адам туралы айтылып тұрған жоқ, адамның әр түрлі ізгі қасиеттері жинақталып, дерексіздендіріп беріліп тұр. Адалдық, жақсылық, басқару, игеру, бағыттау т.б. сөздер де дерексіз мағынаға ие болып тұр.
2.Фразеологиялық байлаулы мағына -- сөздің белгілі ғана сөздермен тіркесуі арқылы, яғни фразеологиялық тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы. Сөз өзінің тура атауыштық мағынасында заттар Мен құбылыстарға тікелей бағытталып, ҡыруар сөздермен тіркесіп айтылуға өте-мөте бейім келсе, фразеологиялық байлаулы мағынада кез келген сөзбен емес, сана-малы арнаулы сөздермен ғана тіркесіп қолданады... Мәселен, қысыр деген сөз төлдемейтін, бойдақ деген өзінің тура мағынасында қысыр бие, қысыр сиыр, қысыр мал деп бірқыдыру сөзбен емін-еркін айтыла береді. Ал қысыр сөз деген тұрақты тіркестің құрамындағы қысыр деген сөз бос, мәнсіз деген мағынаны білдіріп, атауыш (еркін) мағынада емес, фразеологиялық байлаулы мағынада қолданылып тұр. Оның байлаулы кесілді кол үзеді. Бұлай еткенде өзгерген түрі тұрақты тіркес болу қабілетін мүлдем жояды. Тура мағынадағы сөздердің қолдану шеңбері соншалықты кең, ал фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздердің “қолдану өрісі соншалықты тар,шектеулі деп бір-біріне қарама-қарсы қойып айту, лексикалық мағыналардың өзара кереғарлығынан, алшақтығынан шыққан.
Синтаксистік шартты мағына. Сөздер сөйлеу үстінде, сөйлем ішінде, контексте колданылу жүйесіне қарай әдеттегіден тыс басқадай ерекше үстеме мағына жамап алуы ықтимал. Сөздің сөйлемде өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туатын ауыс мағынасы синтаксистік шартты мағына деп аталады. Синтаксистік шартты мағына сөздің ауыс мағынасының бір түрі,бірақ ол лексикалық ауыс мағынадай бір заттың тура мағынасын
басқа бір затқа атау етіп ауыстырудан туған мағына емес, сөздің сөйлемде белгілі бір синтаксистік құрылымда колданылуынан туған мағынасы. Мысалы, Жәрмеңке жастық уақыт өтіп кетіп, Бұл күнде тоқталып тұр сал базарым (Ақан сері). Айтып-айт-пай немене Исатайды өлтіріп, серкесінен айырылып, Сергелдең болған біздің ел (Махамбет). Осындағы жәрмеңке, базар деген сөздер өзінің тура мағынасында емес, белгілі контексте қолда-
нылып, қызық, думан мағынасында айтылып тұр. Серке тартылған еркек ешкі мағынасыңда емес, қолбасшы, жетекші деген мағынада жұмсалған. Сөйтіп олар әр түрлі экспрессивті- эмоциялық мән тудырып отыр. Бұл сияқты ауыспалы тиянақсыз мағыналар белгілі контексте сөйлем ішінде көрінетін болғандықтан, синтаксистік шартты мағына деп аталады.
Қазақ тіліндегі сөздер бұл тәрізді ауыс мағынаға өте-мөтебай. Олар жағымды мағынада да, жағымсыз мағынада да екі жақты колданыла береді. Мәселен, сөйлеу тілінде киім дегеннің орнына үстімде қабығым жоқ, үстіңнен жабуың бір түспейді береді. Ауызекі тілде омырау, көкірек, кеуде дегендер орынсыз
өжеттікті, өзін жоғары санаушылықты білдірсе, құлқын, өңеш дегендер өзінің қара басының қамынан басқаны білмейтін жемкор, парақорларды көрсетеді. Сөйлеу тілінде артында қоңырауы бар дегеннен әрдайым өсек, әнгімеге ілігіп жүретін жағымсыз адамды түсінеміз. Құдық деген сөздің контекстегі шартты Мағынасынан жалмауыз, мешкей дегенді ұғынуға болады. Шымылдық дегеннен жасырын сыр, бүкпе дегенді түсінеміз. Тілдегі кейбір сөздердің әрі тура мағынасы, әрі фра- зеологиялық байлаулы мағынасы, әрі синтаксистік шартты мағынасы да болуы мүмкін. Мәселен, ауыз деген сөздің тура мағынасы «жан-жануардың тамактанатын дене мүшесі» екендігі, контекстік шартты мағынасы кісі, адам деген ұғымда (Көп ауыз біріксе, бір ауыз жоқ болады) қолданылуы. Ал ауыз үй, ауыз омыртқа дегендегі ауыз алдынғы, бірінші деген мағынаны, ауыз тйл деген ауызша сөйлеу деген мағынаны білдіріп, фразеологиялық байлаулы мағынада жұмсалып тұр. Сөздің ауыс мағынасы затқа тікелей бағытталмайды, басқадай заттар арқылы соған салыстырма ретінде қолданылады. Бір адамның надандығын, бассыздығын айтқымыз келсе, айуан (хайуан) дейміз, пысықтығын айтқымыз келсе, қасқыр дейміз, оңбағандығын айтқымыз келсе, ит дейміз: айлакерлігі мен қулығын айтқымыз келсе, /лулкі дейміз, әзәзілдігін айтқымыз келсе, шайтан дейміз, суға жүзгіштігін айтқымыз келсе, балық дейміз, мейірімсіздігін, қатыгездігін айтқымыз келсе, тас дейміз, қаһарлығын айтқымыз келсе, айдаһар не жылан дейміз, көлгірлігі мен қайарлығын айтқымыз келсе, маймыл дейміз, жеңілтектігін айтқымыз келсе, көбелек не ешкі дейміз, мықтылығын айтқымыз келсе, тарамыс дейміз, әншілігін айтқымыз келсе, бұлбұл дейміз, көрегендігін айтқымыз келсе, қыран дейміз. Осының бәрі сөйлеу үстінде туған шартты мағыналар. Адам баласы жан-жануарлардың әркайсысының өзіне тән жағымды-жағымсыз қылықтарын бір-біріне ауыстырып айту арқылы сан килы экспрессивті-эмоциялы мән тудырған. Бара- бара сол мағыналар әбден қалыптасып, сөздің контекстік мағыналарына айналған. Сөздің лексикалық мағыналарының бәрі де сөздіктен белгілі дәрежеде орын алады. Әуелі сөздің тура (еркін) мағынасы, онан соң оның туынды (қосымша) мағыналары келеді. Соңынан сөздің контекстік шартты Мағыналары келеді. Соңынан сөздің контекстік шартты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет