қойылып қаралады.
Сөйтіп, атауыш (тура) мағынадағы сөздердің басқа сөздермен тіркесімділігі кең болған жағдайда туатын мағынасы еркін мағына деп аталады. Мысалы, жас сын есімі жас адам, жас мал, жас ағаш, жас бала, жас иіс, жас ет т.б; үлкен сөзі үлкен үй, үлкен адам, үлкен бала, үлкен кітап, үлкен сөз, үлкен қылмыс, үлкен кінә т.б. тіркестерде еркін мағынада колданылып түр. Бірақ сөздің тура мағынада басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі мол болғанымен, сөз кез келген сөзбен байланысқа түсе бермейді. Мысалы, жас сөзі
жоғарыдағыдай сөздермен тіркесіп айтылғанымен, бас, көз,қарындаш, үстел, хабар, газет т.б. сөздермен тіркесе алмайды.
Сол сияқты ал-етістігінің тікелей обьектіні білдіретін тамақ, қалам, қол т.б. зат есімдермен тіркесу сипаты оның етістікке тіркесу сипатынан мүлде бөлек. Мұңдай ерекшелік сөздердің өзара заттық-логикалық, Лексика-семантикалық қатынастарынан туады.
Сөздің басқа сөздермен тіркесімділігі тек заттық-логикалық қатынастармен шектеліп қоймайды. Сонымен бірге қазақ тілінің ішкі заңдары арқылы да белгіленіп отырады. Міне осыдан барып сөздің еркін емес, байлаулы мағыналары пайда болады. Байлаулы мағынадағы сөздер шындық болмыстағы заттармен тікелей емес, жанама түрде байланысады. Байлаулы мағынаға әдетте фразеологизмдердің мағынасы жатқызылады,
шын мәнінде синтаксистік шартты мағынада да белгілі дәрежеде байлаулы сипат бар.
Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалык мағыналары. Оларға сөздердің битарап және бейнелі мағыналары, терминдік (кәсіби) мағыналары жатады. Бұл топка кіретін лексикалық Мағыналар сөздердің әр түрлі стилисти- калық қызметіне байланысты болғандықтан, олардың бұдан бұрын талданған лексикалық мағыналардан сипаты мүлде бөлек Битарап мағына зат, құбылыстар мен сапалық белгілерді,
әрекет-қимылды атап білдіретін жалпылама лексикаға тән. Мысалы, дала, орман, адам, мемлекет, қазына, қанат. жақсы,жаман, үлкен, кіші, жату, тұру, оқу, жүзу, намыс, науқас, жеті, тоғыз, бүгін, ертең т. б. Зат, құбылыстарды жағымды-жағымсыз түрде бағалау, сезімнен туған бейнелі түсініктер би-тарап мағынаға жатпайды. Бірақ сөздің кейінгі колданылу ба- рысында ондай қасиеттер пайда болуы мүмкін. Мысалы, қүс қанатымен ұшады, ұшақтың сол қанаты дегенде қанат сөзі өзінің атауыштық битарап мағынасында қолданылып тұр. Ал
Достарыңызбен бөлісу: |