І.Бауыр.зат. Адам,жануардың ас қорыту,қан тарату қызметін атқаратын ішкі мүшесі. ІІ.Бауыр. Бірге туған ағайын,әпке,іні,сіңілі. Бұлардың бәрі,бір үлгіде көптеледі,тәуелденеді,септеледі,жіктеледі.Демек,түбірі де,қосымшалары да омонимдес болады.Басқаша айтқанда,дыбысталуы жағынан барлық формалары бірдей болып тұрады. Осы себепті,мұндай омонимдік қатарды лексикалық омонимдер немесе,толық омонимдер деп атайды. Бір ғана сөз табынан жасалған омонимдерді – лексикалық омонимдер деп атаймыз. 38 Қарсы мәндес сөздер мен қайшы мәндес сөздердің айырмашылығы қандай? Антонимдердің қандай түрлері бар? Қайшы мәндес ұғымдар –сыз, –сіз, –ма, –ме, –ба, –бе, –па, –пе жұрнақтары және емес жоқ сөздері арқылы жасалады: 1) Фактіні теріске шығарады (теңіз –теңіз емес, ақ –ақ емес,т.б) 2) заттың құбылыстың сапасын жоққа шығарады (орманды –ормансыз,сабырлы –сабырсыз, т.б) 3) іске,қимылға тыйым салады(бар –барма, айт –айтпа т.б) Осылайша бір –бірін жоққа шығарады.Бұлардың арасында ешқандай аралық мүше болмайды.Бір –бірін жоққа шығарғанымен,жаңа бағыт бере алмайды;
Қарсы мәндес сөздердің қатар мәндес,қайшы мәндес сөздерден жасалу жолы басқа:қарама –қарсы қатар затқа,құбылысқа жаңа бағыт береді; Антонимдер түрлері: Шығу тегіне,пайда болу сипатына қарай антонимдер : 1. Обьективті қарама –қарсылықты білдіретін.- Ақиқат өмірден алынып,тікелей қарама-қарсы қойылатын лексикалық мағыналар объективті қарама-қарсылықты білдіретін антонимдер деп аталады. 2. Субьективті –прагматикалық қарама -қарсылықты білдіретін антонимдер –Адам санасында жанаама , бейнелі түрде қарама-қарсы қойылатын лексикалық мағыналар субъективті – прагматикалық қарама-қарсылықты білдіретін антонимдер деп аталады; Объективті қарама-қарсылық өзімізді қоршаған ортадағы шындық өмірмен шарттас болғандықтан,адамның санасы арқылы жасалмайды,бірақ қабылдау объектісі бола алады.Антонимдік қатынас бір заттың бойында да,қатар алынған екі заттың бойында да бола береді.Осы сипатына қарай антонимдік қарама-қарсылық екі түрлі болады: