1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Омонимдердің есебінен жасалған синонимдер



бет81/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
лексикология

79. Омонимдердің есебінен жасалған синонимдер.
Өнімсіз болса да, омонимдердің есебінен де синонимдік қатар жасалады.
І. Арық. Су ағызу үшін арнайы қазылған су жолы. II. Арық. Семіз емес, еті қашқан жүдеу. Осы омонимдік қатардың екінші сыңары «көкбақа» деген тіркеспен синонимдес. І. Арман. Көксеген мақсат, тілек. II. Арман. Сөйлеу тілінде әрмен вариантымен жарыса қолданылады. Әрірек деген мағынада жұмсалады.
Осы қатардың бірінші сыңарының синонимі - қиял.
Туынды омонимдерден де синонимдік қатар жасалады.
I. Тартпа. Столға орнатылған ұсақ-түйек зат салып қоятын жылжымалы кішкене жәшік. II. Тартпа. Ердің үстін бастыра аттың бауырынан байланатын ұзын белдік сияқты бау. Бірінші сыңардан тартпа - суырма; екінші сыңардан тартпа - төс айыл - алдыңғы айыл синонимдік қатарлары түзіледі.

Синонимдердің қолданыстық реңктері.


Қарт, кәрі сын есімдері бір-біріне синоним. Кәрі кісі, кәрі сиыр деп қолдануға болғанымен, қарт сиыр деп айта алмаймыз. Бұлай болуы неліктен?
Тура мағыналы (номинативті) сөздер сан алуан сөздермен еркін тіркесе береді десек те, олардың қолдану шегі, логикалық үйлесімі болады. Мұны сездердің тіркесімділік қабілеті (валенттілігі) деп атайды. Бұл закдылықтың синонимдік қатарға енген сөздерге де қатысы бар. Олай болса, синонимдердің сан алуан реңктері, үстеме мағыналары қолданыс кезінде ғана анықталады. Ат пен есім бір-біріне синоним болғанымен, барлық уақытта бірінің орнына бірі жүре алмайды. Себебі, есім адамға ғана қолданылады: таудың есімі десек, ерсі. Әзіл, қалжың, қылжақ, ыржақ бір ұғымды білдіргенімен екі түрлі мағынада жұмсалады: әзіл, қалжың - жағымды, қылжақ, ыржақ - жағымсыз. Осы себепті әзіл дегеннің орнына қылжақ деген жағдайда сөйлемнің логикасына нұқсан келеді. Синонимдердің белгілі бір контексте - сөз тіркестерінде, сөйлемдерде ашылатын мағыналарын қолданыстық реңктер деп атайды.
Алайда, әңгімеленген үш түрлі реңк бір-бірінен алшақ жатқан дүниелер емес, іштей өзара қарым-қатынаста, бірлікте болатын тілдік белгілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет