1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Номинативті мағына,фразеологиялық байлаулы мағына,синтаксистік шартты мағына анықтамаларын түсіндіріңіз



бет84/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
лексикология

92. Номинативті мағына,фразеологиялық байлаулы мағына,синтаксистік шартты мағына анықтамаларын түсіндіріңіз.
Жауап: Фразеологиялық байлаулы мағына - сездің белгілі ғана сөздермен тіркесуі арқылы, яғни фразеологиялык тіркестерде берілетін лексикалык мағынасы. Сөз өзінің тура атауыштық мағынасында заттар мен қубылыстарға тікелей бағытталып, қыруар сөздермен тіркесіп айтылуға өте-мөте бейім келсе, фразеологиялық байлаулы мағынада кез келген сөзбен емес, санамалы арнаулы сездермен гана тіркесіп колданады. Маселен, қысыр деген соз төлдемейтін, бойдак деген өзінін тура
мағынасында қысыр бие, қысыр сиыр, қысыр мал деп бірқыдыру
сөзбен емін-еркін айтыла береді. Ал қысыр сөз деген турақты тіркестің құрамындағы қысыр деген сөз бос, менсіз деген магынаны білдіріп, атауыш (еркін) мағынада емес, Фразеоло-
гиялык байлаулы мағынада қолданылып тұр. Оның байлаулы
мағынасы тек сөз деген сөзбен тіркескенде айқындалады.
Қазақ тілінде құлқын деген сездін тура магынасы ындын деген ұғымды білдіреді. Осыған құлқыны құрыды, құлкынның құлы деген фразеологиялық тіркестер жасалған. Ал құлқын сәрі деген тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы құлқын сөзі тура Мағынасынан біржола ажырап, өте, тым ерте деген фразеологиялык байлаулы мағынада жұмсалынып отыр. Құлқын сөзі фразеологиялык байлаулы мағынага тек сәрі деген сөзбен
тіркескенде ғана ие болады. Қасқа жол, қасқа бұлақ деген
тұрақты сөз тіркесінің құрамында қасқа деген сөз түс мағынасына емес, анық, айқын, сонадан көрінетін деген Фразеологиялық байлаулы мағынада жумсалады. Бұл мағына
өзге сөздермен тіркескенде емес, тек жол, бұлақ сөздерімен тіркескенде ғана көрінеді. Демек, фразеологиялық байлаулы мағына тіркесіп айтылған сөздерге тікелей бағынышты болып
тұрады.
Солардың лексика-грамматикалық тұрғыда өзара
тығыз байланысуынан көрінеді. Сондықтан да бұлар тура (еркін) мағынадан ажыратылып, сөздің фразеологиялық байлаулы мағынасы деп аталады. Фразеологиялық байлаулы
мағынаға ие болған тұрақты сөз тіркестерінің көбінесе синонимдік баламалары болады. Меселен, бала жігіт, бала бүркіт дегендегі бала сөзін жас дегенмен ауыстыруға келеді.
Аталы сөз дегендегі аталы сөзін орынды, орнын тапқан жүйелі сөз деуге болады. Су жорға, судай жорға дегенді су төгілмес
жорға, торт аяғын тең басқан жорға, шайқалған жорңа деуге
келеді. Ата қоныс, ата дәулет дегендегі ата деген сөзді
Байыргы, ежелгі деген синонимдермен
алмастыруға
әбден
болады. Алайда, бұлар басқадай сөзбен сол мағынаны
айқындап түсіндіріп бергенімен, Фразеологиялык байлаулы мағынадағы көрінген сез тіркесінің бейнелілігінен үзілді-кесілді қол үзеді. Бұлай еткенде өзгерген түрі тұрақты тіркес болу қабілетін мүлдем жояды. Тура мағынадағы сөздердің қолдану шеңбері соншалықты кең, ал фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздерді қолдану өрісі соншалықты тар шектеулі деп бір-біріне қарама-қарсы қойып айту, лексикалық мағыналардың өзара кереғарлығынан, алшақтыңынан шыққан

Синтаксистік шартты мағына. Сөздер сөйлеу үстінде, сөйлемінде, контексте қолданылу жүйесіне қарай әдеттегіден тыс басқадай ерекше ұстеме мағына жамап алуы ықтимал. Создің сөйлемде өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туатын ауыс мағынасы синтаксистік шартты мағына деп аталады. Синтаксистік шартты мағына сөздің ауыс мағынасының бір түрі, бірақ ол лексикалық ауыс маңынадай бір заттың тура мағынасын басқа бір затқа атау етіп ауыстырудан туған мағына емес, сөздің сойлемде белгілі бір синтаксистік құрылымда колданылуынан


туған магынасы Мысалы, Жәрмеңке жастық уақыт өтіп кетіп,
бұл күнде тоқталып тұр сол базарым (Акан сері). Айтып айтпай немене Исатайды өлтіріп, серкесінен айырылып, Сергелден болған біздің ел (Махамбет). Осындағы жәрмеңке, базар деген сөздер өзінің тура мағынасында емес, белгілі контексте қолданылып қызық, думан мағынасында айтылып тұр. Серке
тартылған еркек ешкі мағынасында емес, қолбасшы, жетекші деген мағынада жұмсалған. Сөйтіп олар әр турлі экспрессивти-эмоциялық мән тудырып отыр. Бұл сиякты ауыспалы тиянақсыз
мағыналар белгілі контексте сөйлем ішінде көрінетін
болғандықтан, синтаксистк шартты мағына деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет