1. Машиналардың бөлшектері мен тораптарына қойылатын негізгі талаптар. Машиналардың жұмыс қабілеттілігі мен бөлшектерін есептеу критерийлері


) Белдік берілістер. Артықшылықтары, кемшіліктері. Геометриялық және кинематикалық параметрлер



бет10/13
Дата19.12.2022
өлшемі10,05 Mb.
#58050
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
машина құрастыру

13) Белдік берілістер. Артықшылықтары, кемшіліктері. Геометриялық және кинематикалық параметрлер.






14) Кілттік қосылыстар. Призмалық кілттерді беріктікке есептеу
Кілтекті қосылыстарды білік, кілтек және бөлшектің күпшегі (доңғалақтар, шкив, жұлдызшалар және т.б.) құрайды. Кілтек болат діңгектен, ойықтарға орнатылған білік пен күпшектен тұрады.
Кілтекті қосылыстардың мақсаты – білік пен күпшектің арасындағы айналмалы моменттің берілісі.
Кілтекті қосылыстардың артықшылықтары:
- конструкциясының қарапайымдылығы мен дайындаудың салыстырмалы төмен бағасы;
- құрастыру мен бөлшектеудің жеңілдігі, сондықтан оларды машина жасаудың барлық саласында қолданады.
Кілтекті қосылыстардың кемшіліктері:
- шамалы жүктемелік қабілетті;
- көп жағдайда шпонканы біліктің ойығына орнату үшін қолмен қиыстырып келтіру керек;
- кілтекті ойықтар бөлшектердің білігіне қондырылған білік пен күпшекті әлсіретеді;
- біліктің әлсіреуі оның қимадағы кішіреюін ғана ескертпейді, бірақ бастысы, буатты ойықтан туындайтын иілу мен айналым кернеуінің айтарлықтай шоғырлануы.
Қолданылуы. Кілтекті қосылыстар біліктер мен оларға орнатылған тісті және бұрамдықты доңғалақтардың, тегершіктердің, жұлдызшалардың, жарты муфталардың арасындағы айналмалы моменттың берілісі үшін қолданылады. Жылжымайтындар ретінде, тартылған білікке орнатылған күпшекпен үйлесетін, біліктегі күпшекті орталықтандыру жақсы қамтамасыз ететін және түйіспелі коррозияны болдырмайтын ең ұтымдысы кілтекті қосылыстар.
Кейде бағыттаушы және жылжымалы кілтекті осьтік бағыттағы күпшіктің білікпен қозғалмалы қосылысында пайдаланылады (мысалы, жылдамдықтар қорабының қозғалмалы блок тістегеріші). Төмен көтергіштік қабілеттің салдарынан бұл қосылыстар жаңа жобалау кезінде қозғалмалы шлицті қосылыстармен ауыстырылады.
Призмалық кілтекті қосылыстар. Призмалық кілтек тікбұрышты призманы көрсетеді (7.5-сурет, а). Басқа орындалулардың бір немесе екі бүйіржақтарының жұмырлануы болады (7.5-сурет, б). Кілтектің жұмырланған бүйіржақтары бөлшектің саңылауындағы шпонка мен ойықтың үстіңгі бүйірлері болар-болмас сәйкес келмеген кезде бөлшектің күпшегінің білікке орнауын жеңілдетеді.
Күпшектегі ойықты тартажоңғышпен немесе тісқашауышпен орындайды. Біліктегі кілтектің астындағы ойықты бірлі-жарым және ұсақ сериялы өндірістерде саусақты жоңғышпен (7.6-сурет, а), ірі сериялы өндірісте және жаппай өндіруде дөңгелекше жоңғышпен орындайды (7.6-сурет, б). Саусақты жоңғышпен орындалған ойық үшін қолмен қиылыстыру керек. Дөңгелекше жоңғышпен тілу неғұрлым өндірімді, ал ойықтың дәл орындалуы жоғары. Бірақ ойықтың көлбеу бөлімі болады. Білікке орнатылатын бөлшек кілтекті қамтып, оны көлбеу бөлімге дейін жылжытуы мүмкін. Сыналану туындайды. Сондықтан кілтекті ойыққа бекіту керек, мысалы бұрамамен. Мұндай бекітуді ұзындығы үлкен бағыттауыш кілтектер үшін қолданады.
Біліктегі ойыққа кілтекті тарту арқылы орындайды. Ойықтың тереңдігі – 0,6 буаттың һ ұзындығынан. Кілтектің шығыңқы бөлігі бөлшектің білігіне орнатылған ойықтағы күпшекке кіреді.
Призматикалық кілтек бөлшектің білік бойына осьтік орын ауыстыруын ұстап тұрмайды. Кілтекті қосылыстардың жұмысқа жарамдылығының негізгі критерийі беріктік болып табылады. Білтекті біліктің диаметріне байланысты стандарт кестесі бойынша таңдайды. Кілтек пен ойықтың өлшемінің таңдалғаны сонша, кілтектердің қиық пен иілімге беріктігі қамтамасыз етілген, егер беріктіктің жаншылу шарты орындалса, онда кілтекті қосылыстардың негізгі есебі – жаншылуға есептеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет