1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны


Антикалық философия қалыптасуының алғышарттары және даму кезеңдері



бет12/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
3.1 Антикалық философия қалыптасуының алғышарттары және даму кезеңдері
Ежелгі грек философиясы (ілімі, мектептері) деп қазіргі Греция мен Кіші Азиядағы грек полистерінде (қала-мемлекеттерде), Жерорта жағалауларында, Қырымда, Азия мен Африканың эллиндік мемлекеттерінде және Рим империясында өмір сүрген грек философтары жасаған рухани философиялық қазына аталады. (Ежелгі Рим философиясы ежелгі грек философиясымен тікелей «Ежелгі грек-рим» немесе «Антикалық философия» деген атпен бірігеді).
Ежелгі Грек (антика) философиясы өз дамуында 4 негізгі кезеңнен өтті:
1) демократиялық (Сократқа дейінгі)-б.д.д VII-V ғ.ғ; 
2) классикалық (Сократтық) - б.д.д. V-IV ғ. соңы;
3) эллиндік - б.д.д.IV ғ. соңынан - б.д.д. II ғ.ғ; 
4) римдік - б.д.д. I-б.д. Vғ. аралығы.
Демократияық немесе Натурфилософиялық кезеңге «Сократқа дейінгі» философтардың шығармашылығы жатады:
1) Милет мектебі - «физиктер» (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен).
2) Эфестік Гераклит.
3) Элей мектебі.
4) Атомистер (Демокрит, Левкипп) т.б кейбір философтар.
«Сократқа дейінгі» натурфилософтар айналысқан негізгі мәселелер:
1) табиғат құбылыстарын түсіндіру;
2) космос мәні;
3) айналадағы дүние;
4) «түп негіз» мәнін түсіндіру.
Ежелгі грек (антикалық) философиясының ерекшеліктері:
1) полистердің экономикалық көркеюі - антикалық философияның көркеюінің материалды негізі болды;
2) ежелгі грек философиясы - материалды өндіріс процесінен қол үзді, ал философтар - дене еңбегінен азат, қоғамның рухани және саяси жетекшілігіне ұмтылысы бар дербес қоғамдық әлеуметтік ақсүйектер тобына айналды;
3) ежелгі грек философиясының негізгі идеясы - космоцентризм (Космос алдындағы қорқыныш, Космосқа табыну, материалды дүние мәселелерін: материалды дүние құбылыстарын түсіндіруге қызығушылықтың басымдылығы);
4) кейінгі кезеңдерде космоцентризм мен антропоцентризмнің (адам мәселесінің) бірігіп кетуі; 
5) құдайлар тіршілігі мойындалады;
6) ежелгі грек құдайларының - табиғат бөлшегі ретінде қарастырылуы және адамдарға жақтас болуы
7) адамның - табиғат бөлшегі ретінде қабылдануы, қоршаған дүниеден бөлінбеуі;
8) философиядағы екі бағыттың - идеализм («Платон бағыты») мен материализмнің (Демокрит бағыты) пайда болып, өзара басымдығының алмасып отыруы: Сократқа дейінгі кезеңде - материализм, классикалық кезеңде - бірдей ықпал, эллиндік кезеңде - материализм, ал римдік кезеңде - идеалистік.
Антикалық грек-рим философиясы. Ежелгі Грецияда философия б.д.д V-IV ғасырларда пайда болды. Басқа елдердегі сияқты, Ежелгі Грек философиясы да мифология негізінде пайда болды және өзінің онымен байланысын ұзақ уақыт бойы сақтады.
Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері:
1) Милет мектебі; 
2) пифагорлік мектептер
3) Элей мектебі;
4) Атомистер мектебі.
«Сократқа дейінгі» кезеңдегі философиялық мектептердің жалпы сипаты:
1) космоцентризм;
2) табиғат, дүние құбылыстарын түсіндіруге ұмтылыс;
3) дүние негізін, жаратушы мәнді іздеу;
4) гилозоизм (өлі табиғатқа да жан тән деп санау);
5) философиялық ілімдердің доктринерлік (талдауға жатпайтын) сипаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет