1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет10/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
Байланысты:
1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін

2.6 Конфуций философиясы

Конфуций ілімі - адамды бірінші кезекте әлеуметтік өмірдің мүшесі ретінде қарастыратын ежелгі философиялық мектеп.
Конфуциандық философия қарастыратын негізгі сұрақтар:
1) Адамдарды қалай басқару керек?
2) Қоғамда өзін қалай ұстау керек?
Конфуций ілімі қоғамды жұмсақ басқару үлгісін ұсынады. Оған мысал ретінде басшының өз қоластындағыларға - әкенің өз ұлдарына қарағанындай мейірім - қамқорлыққа немесе бағыныштылардың өз бастығына – інілердің өз ағасына қарым - қатынасындағыдай сенім - құрметке, адалдыққа, жауапкершілікке толы болу керектігін уағыздайды.
Конфуций іліміндегі негізгі орын алатын ереже (жэнь - адамсүйгіштік):
- «Өзіңе тілемейтінді басқаға жасама».
Конфуций ілімінің басты қағидалары:
1) қоғамда және қоғам үшін өмір сүру;
2) императорға бағыну;
3) жасы мен жағдайы үлкен, атағы жоғарыларды сыйлау; 
4) адамгершілікті сақтау
5) ұстамды болу, шектен шықпау, ұшқарылыққа салынбау;
6) бір-біріне жол беру, өзара ізет-ілтипат.
Конфуций ілімі басшы, жетекші қандай болу керек деген сұраққа мән береді, көп тоқталады.
Басшы, жетекші:
1) императорға бағынады;
2) конфуциандық қағидаларды сақтайды;
3) қажетті білімдерді игерген;
4) еліне қызмет ететін патриот;
5) биікті көксейтін, жоғары мақсаттарға ұмтылатын;
6) ізгілікті;
7) мемлекетке, айналадағыларға тек жақсылық жасайтын;
8) мәжбүр ету емес, үлгі көрсету, түсіндіру арқылы ықпал ету;
9) қол астындағылардың және мемлекеттің қамын ойлау;
Бағыныштылар:
1) басшыға, жетекшіге құрмет көрсетуге;
2) жұмыста тыңғылықты болуға;
3) үздіксіз оқу және өзін-өзі жетілдіруге тиіс.
Ежелгі грек философы Сократ сияқты Конфуций де ештеңе жазбаған, оның ойлары айтқан нақыл сөздері, пікірлері шәкірттерінің арқасында «Лунь Юй» («Кеңес пен толғам») кітабында жинақталған.
Осы кезеңде Қытайда Фацзя, яғни, заңшылдар мектебі қалыптасты. Оны кейде Легистер (заңгерлер) деп те атайды. Негізгі өкілдері: Шан Ян (б.э.б. 4 ғ.), Хань-Фэй-Цзы (шамамен б.э.б. 3 ғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» - қылмысқа апаратын бірден-бір жол деген қағиданы ұстанады. Олардың басты ұстанымдары: жазалау көбірек болуы тиіс; аяусыз жазалау арқылы халық арасында үрей тудыруға болады; ұсақ қылмыскерлерді аямай жазаласа, олар үлкен қылмыс жасамайтын болады т.б. Конфуцийшылдардың «Мемлекет – үлкен отбасы, оның басшысы – халықтың әкесі» деген ілімінің орнына легистер: Мемлекет – өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші – өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, Аспаннан да жоғары қоятын деспот» деген сияқты ұстанымдарын енгізеді.
Үшінші кезең буддизм, конфуциандық, даосизм ілімдерінің өзара пікірталасқа түсуімен айрықшаланады. Конфуциандық мемлекеттік дін ретінде, этикалық ілім ретінде алдыңғы орынға шығарылады: Хан Уди б.э.б. 2 ғасырда өмір сүрген болса, Ян Сюн, Го Хун даосизмнің жақтастары ретінде қалыптасты. Б.э.б. 1 ғасырда материалист Ван Чун өмір сүрді, ол бастапқы материя «циді» орталық түсінік ретінде таниды. «Пікірлерді салмақтау» деген еңбегінде жер мен аспан денелік, сондықтан қозғалыста болады деп түсіндірді. Алдын-ала айқындалған тағдыр туралы фаталистік түсінік жағында болып, қоғамның дәстүршілдікпен дамуын қолдады.
Төртінші кезеңде Конфуциандық ілім жоғары діни сенім ретінде құрметтеліп, даосизм қудалауға ұшырайды. Кейіннен Қытайда буддизмнің ықпалы күшейе түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет