1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет9/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
Байланысты:
1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін

2.5 Даосизм
Даосизм дүние құрылысы мен тіршілігінің негіздерін және адам, табиғат, космостың байланыс жүйелерін түсіндіруге тырысатын қытайдағы ең ежелгі философиялық ілім.
Негізін қалаушысы - б.д.д. VI ғ. соңы мен V ғ. басында өмір сүрген Лао Цзы («Қарт ұстаз»).
Сонымен даосизм философиясы адам мен табиғат арасындағы қатынасты үйлестіруге бағытталды. Адамның мақсаты - Даоны (жолды) білу және іске асыру. «Даоны» - Жолды іске асыру мына ережелер арқылы өмір сүруді талап етеді.
1) Қарапайым өмір сүру.
2) Жанды, рухты қанағаттандыру.
Осы ережелердің негізінде өмір сүрген адам табиғатпен және басқа адамдармен үйлесімділікте болады, оның іс-қимылдары жемісті нәтиже береді.
Дао жолынан таймау - бұл табиғилыққа қарсы шықпай өмір-өзен ағымымен жүзу. Даоны дәл қолдану - «табиғи күйге сәйкес әрекет жасау» дегенді білдіреді.
Дао болмыс та емес, бейболмыс та емес. Ол - алғашқы себеп. Бұл мағынада даоны үнді философиясындағы шуньята (бос кеңістік) ұғымымен теңестіруге болады. Дао - әмбебап, ол кез келген нәрсеге, құбылысқа ене алады және мәңгі тозбайды.
«Дао-Дэ-Цзиндегі» Дао және Дэ туралы ілімі. Дао әлем қозғалатын Ұлы Жол немесе дүниенің пайда болуын, дамуы және жойылуын реттейтін Ғарыш Заңы болуымен қатар, Дао-субстанция, яғни осы заңның негізі, көрінісі, әрі сақтаушысы. Осыдан келіп Дао - бүкіл тіршілік, мән атаулының субстанцияланған заңдылығы. Даоға игі күш-Дэ (ізгілік) тән.
Метафизика тұрғысынан алғанда, дао- бұл барлық нақтылықтың қайнар көзі, сондай-ақ барлық құбылыстың барар соңғы мақсаты. Оған тиянақты субстанционалдық негіз тән емес, ол тек тіршіліктің тууы мен өшуін қамтамасыз етеді.
Даостықтардың пікірінше бейболмыс - алғашқы, оны атауы жоқ дао деуге болады. Егер оған атау берілетін болса, ол болмысқа айналады. Бейболмыс болмысты тудырады. Болмыс - атауы бар нәрсенің субстанционалдық түп негізі бейболмыс болғандықтан олар тұрақсызданып, жойылып бейболмысқа айналып кетеді. Осы қайта оралу ғана - тұрақтылық, ал өзгенің бәрі өзгермейді. Трактатта былай делінген: «Дао жалғызды жаратады, жалғыз екеуді жаратады, ал екеу үшеуді жаратады, үшеуден бәрі тарайды. Бар тіршілік өз бойында инь және янды ұстайды, цимен толықтырылады және гармонияны түзеді». Үшеу деп аспан мен жер, гармонияның Ұлы заңы айтылып тұр. Ци ұғымы әлемнің қозғаушы күші деп қарастырылды.
Екінші кезең көне Қытайда Конфуциандық пен Даосизм ілімдерінің дамып жетіліп, рухани кеңістікке айтарлықтай ықпал етуімен байланысты. Конфуциандық – б.э.б. 4 ғасырларда Конфуций (Қытайша Кун-Цзы) негізін салған көне Қытайдағы діни-этикалық сипаттағы ілім. Бұнда космогония, онтология, гносеология, логика, метафизикалық мәселелер көп қозғала қоймайды. Негізгі ұстаным мен қағида аспан және аспанның әмірі. «Аспан» - табиғаттың бөлшегі болғанмен, табиғат пен адамды айқындайтын жоғары рухани күш.
Бұндағы «Қайырымды ер» образын жасау «ли» деп аталған этиканың қағидаларын сақтауы тиіс. Олар:
1) даналық;
2) гумандылық;
3) сенімділік пен берілгендік;
4) үлкенді құрметтеу;
5) ер адамдық сапа.
Сонымен қатар «жэнь» деп аталған (адамшылдық) тұжырымдамасында қоғамда, мемлекетте, жанұяда және адамдар арасында сақталатын мүлтіксіз заңдарды орындау орталық түсінікке шығарылған, ол – «Өзіңе ұнамағанды, өзгеге жасама» деген нақыл сөзбен түйінделген. Осы қағида саяси-әлеуметтік сипат алып: «Билеуші билеуші ретінде, бағынышты бағынышты ретінде, әке – әке ретінде, ұл – ұл ретінде болуы тиіс» деген қағиданы туғызды. Конфуций қайтыс болғаннан кейін, бұл ілім сегіз мектепке бөлінгенмен, басты екі мектеп әйгілі болды: Мэн-Цзы мен Сюнъ-Цзының бағыттары. Олар кей жағдайда қайшы пікірлерге келіп те отырды, мәселен, Мэн-Цзы адам тумысынан ізгілікті деп тұжырымдаса, Сюнъ-Цзы адам тумысынан зұлым деп дәйектейді. Сондай-ақ адамсүйгіштік (жэнь), әділеттілік (и), қайырымдылық (ли), білім (чжи) т.б. түсініктерді алға шығарған Мэн-Цзы идеалдылық пен материалдық бастауларды ажыратуға ұмтылды. Сюнъ-Цзы алғашқы материя циді – инь и ян формаларын біріктіретін бастамалармен байланыстырып; әлем өмір сүреді және тануға болатын өзінің заңдылықтарымен өмір сүреді; аспан – әлемнің белсенді табиғи элементі, ол адамдарды билемейді, керісінше, адамдар оны өзінің ыңғайына қарай пайдаланады; адамның бақытты-бақытсыз, бай-кедей, ауру-сау болуы оның өзіне байланысты деген идеяларын тұжырымдап, логикамен шұғылданып, Хуэй Шиді және Гунсунь Лунаны сынайды. Тан дәуірінде (10-11 ғасырларда) неоконфуциандықтың негізі қаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет