1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет6/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Атман - Брахманнан адам бойына берілетін бөлшек, ұшқын. Атман бірінші, тұрақты, мәңгі.
Манас - өмір барысында қалыптасатын адам жаны. Манас адам тәртібі мен әрекетіне, тәжірибесіне, тағдырына байланысты жоғарылап, жетіледі немесе төмендеп, нашарлауы да мүмкін.
Сансара - жанның тән мен космостық Брахман (Құдай) арасындағы тоқтаусыз, мәңгілік қозғалысы.
Карма - адамнаң келесі өмірде қандай бейнеде туылуы осы өмірдегі іс-әрекетіне байланыстылығы. Адам өмірлік сынақтар арқылы өз жанын жетілдіріп, жоғары адамшылық дамуға - мокшаға жетуге ұмтылуы тиіс. (Бұл мақсат жолында жан ондаған, жүздеген өмір сүруі мүмкін).
Мокша - карма тоқтайтын, жан эволюциясы, космостық Брахман мен жердегі тіршілік арасындағы үздіксіз қозғалыс аяқталатын адамшылық жетілудің жоғарғы шыңы. Мокшаға жету кез келген жанның мақсаты. Мокшаға жеткен жандар шексіз өмірлер тізбегінен босап, махатмаға - Ұлы жандарға айналады.
Ахимса - жер бетіндегі тіршілік формаларының (адамның, жануарлардың және табиғаттың) өзара байланыстылығы, біртұтастығы. Ахимсаның басты қағидасы - «Кіші бауырларға, тірі табиғатқа қиянат жасамау».
2.2 Үндідегі философиялық мектептердің жалпы сипаты
Б.д.д. VI-ғасыр шамасында Ежелгі философияның дамуы, түрлі бағыттарының, Ежелгі Үнді философиялық мектептерінің қалыптасу процесі басталды.
Ведалық түсініктерді мойындау-мойындамауына байланысты Ежелгі Үнді философиясының мектептері (даршандар) екі топқа бөлінеді:
1) «Астика», «ортодоксалды», «негізгі», «ведалық» - Ведалық ілімді жалғастырушы мектептер.
2) «Настика», «бейортодоксалды», «бейведалық» - Ведалық ілімге оппозициялық мектептер.
Ежелгі Үндідегі философиялық мектептер



Ведалық ортодоксалды мектептер:

Бейведалық, бейортодоксалды мектептер:

1

Веданта(б.д.д. IV-II ғ. ) - Вьяса, Бадараяна

Жайнизм( б.д.д. VI ғ.) - Махавира

2

Вайшешика(б.д.д. VI-V ғ.) - Кананда

Буддизм (б.д.д. VII-VIғ.) - Будда

3

Миманса(б.д.д. VI ғ.) - Джаймини

Чарвака - локаята - Брихаспати

4

Санкхья(б.д.д. VI ғ.) - Капила

Адживика - Макхали Госали

5

Ньяя (б.д.д III ғ.) -Готам




6

Йога(б.д.д. II ғ.) - Патанджали




Буддизм ілімі
Будданың 5 қағидасы:
1) өлтірме!; 
2) ұрлама!; 
3) ізгілікті, иманды бол; 
4) өтірік айтпа!;
5) естен адастыратын, масайтатын нәрселерді қабылдама.
Буддизмнің шығуы - касталық жүйенің төменгі әлеуметтік сатысындағылардың брахмандардың үстемдік етуіне наразылық білдіруінің көрінісі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет