1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет5/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Дүниеге көзқарас дегеніміз не?
2. Мифологияның дүниеге деген көзқарас ретіндегі айырмашылығы неде?
3. Діни көзқарастың ерекшеліктері неде?
4. Философия мен ғылымның арақатынасы қандай?
5. Философия қандай рухани құндылықтарды зерттейді?
6. Философияның қандай функциялары бар?
Әдебиеттер тізімі
1. Әл – Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973. – 425 б.
2. Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: «Бастау», 2008. – 644 б.
3. Мамардашвили М. К. Как я понимаю философию. – М., 1990. – 385 с.
4. Философия: жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық //Құрастырған Т. Ғабитов. - Алматы, 2002. – 441 б.
5. Философиялық сөздік. Редкол: Р.Н.Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов ж.б. – Алматы, 1996. – 480 б.
6. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии. – М., 2001. – 374с.
7. Таранов П.С. Анатомия мудрости: 120 философов: в 2 – х т. – Симферополь, 1996.
2 Ежелгі шығыс философиясының тарихы 
1. Ежелгі Үнді философиясының даму кезеңдері, онтологиясы және гносеологиясы.
2. Үнді философиялық мектептерінің жалпы сипаты.
3. Ортодоксалды мектептер және Бейортодоксалды мектептер.
4. Ежелгі Қытай философияның жалпы сипаты, өзекті ұғымдары және даму кезеңдері.
5. Қытай философиясындағы өзекті ұғымдар.
6. Даосизм.
7. Конфуций философиясы.
2.1 Ежелгі Үнді философиясының даму кезеңдері, онтологиясы және гносеологиясы
Ведалар б.д.д II-мыңжылдықтың екінші жартысында - I-мыңжылдықтың бас кезінде қалыптасып, бастапқыда ауызша таралды. (Жазу өнері Үндіде б.д.д I-мыңжылдықтың ортасында ғана пайда болды, яғни көптеген ғасырлар бойына Ведалар ауызша түрде тіршілік етіп, ғасырдан-ғасырға беріліп отырды).
Үнділік философия ведалық мифологияның негізінде туып, Қасиетті Кітаптарда - Ведаларда жазылды.
Белгілі дерек көздеріне сүйене отырып, Ежелгі Үнді философиясын негізгі үш кезеңге бөлу қабылданған:
1) б.д.д XV - б.д.д VI ғ.ғ. аралығы- ведалық кезең; 
2) б.д.д VI - б.д.д II-эпикалық кезең
3) б.д.д II - біздің дәуіріміздің VII ғ.ғ. аралығы-сутралық кезең.
Ежелгі Үнді философиясындағы екінші (эпикалық) кезеңнің (б.д.д VI-II ғ.ғ.) әйгілі поэзиялық деректері «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостарында сол дәуірдің көптеген философиялық мәселелері қарастырылады.
Ежелгі Үнді философиясының кезеңдері сутралық кезеңмен (б.д.д II - б.д VII ғ.ғ.) - жеке мәселелерді қарастыратын нақты тақырыпқа арналған қысқа философиялық трактаттар кезеңімен аяқталады.
Бастапқы ведалық кезең шамамен б.э.б. 1500 жылдары көне үнді жерінде жазылған «Ведалар» (санскрит тілінде – «білім» деген мағынада) деп аталатын мәтіндер атауымен байланысты айтылған. Ол дінбасы Брахмандардың түсінігі бойынша жоғары күштер жіберген қасиетті кітаптар. Ведалардың негізгі төрт түрі бар:
1) Ригведа – гимндер;
2) Самаведа – құрбан шалу әндері;
3) Яджур-веда (нақыл сөздер);
4) Атхарва-веда (жалбарыну әндері).
Бұл б.э.б. бұрынғы 10 ғасырдан бастап, араньяктармен (құрбандық шалу туралы жазылған «орман кітаптары») және упанишадалармен (құпия философиялық оқулар) толықтырылды.
Ведаларда әлемнің жаратылуы, құдайлардың әрекеттері туралы нақты мәселелер де қозғалады. Мәселен, Ригведадағы космогониялық гимнде жырланғандай: «бастапқыда қараңғылық қараңғылықпен бүркемеленген, күн мен түннің айырмашылығы болмаған, өлім де, өлімсіздік те жоқ, алғашқы қараңғы бостық негізгі мән болып табылады. «Нағыз емес жоқ еді, ол кезде нағыз да жоқ еді»,-деген түсініктер немесе: «Кейбіреулер айтады: алдымен мәнсіздік болды, екінші тек жалқы болды. Жоқтан мән пайда болды». «Атхарваведада» болу мен болмау кәсіби философиялық арнада көрсетіледі: «Асат» - Бейболмыс, өмір сүрмейтіндер, «сат» - болмыс, өмір сүретіндер түрінде ажыратылып, басты екі матрица ретінде қарастырылып, олар – адамның рухани даму эволюциясындағы бірінші сатыдан екіншісіне өтудің буындары болып айшықталады.
Ведалардың жазылып аяқталуының кезеңі веданта деп аталады да, бұл упанишадалардың тууына сәйкес уақыт болып табылады. Упанишадалар (ақиқатты тану мақсатында ұстаздың айналасына келіп шоғырлану деген мағынаға келіп тоғысады) ведалардың құпия идеяларын түсіндіруге бағытталған көне үнділік философиялық ілімдердің жиынтығы. Упанишадалар 108 мәтіндерден құралған. Оларды көне упанишадалар (б.э.б. 8 –б.э.б. 3 ғғ) және соңғы упанишадалар (б.э. 14-15 ғасырлары) деп екіге бөледі. Көне Упанишадада «Брихадараньяка», «Чхандогья», «Таиттирия», «Айтрея» сияқты ілімдер жинақталған. Упанишадалардың ведалардан айырмашылығы білім жолындағы ішкі ритуалдар, адамды жоғары орынға шығару, үстем шынайылық брахманмен тоғысу т.б. мәселелердің қозғалуы және мынадай нақты сауалдар қоюы: «Біз қайдан пайда болдық, біз қайда өмір сүреміз және қайда кетіп бара жатырмыз, кімнің жарылқауымен біресе азап шегумен, біресе жан рахатымен өмір сүреміз, бұған не себеп болады; уақыт па, табиғат па, қажеттілік пе, кездейсоқтық па?». Упанишаданың орталық түсінігінде – әлемдік жанның табиғаты туралы ілім, брахман (жалпы заңдылық, жалпы рух деген мағынада) мен атманның (жеке адамның ішкі орталығы, дара жаны) бірлігі, азат болудың жолдарын таңдау туралы, жанның көшіп жүруі, аскеттік өмір т.б. мәселелер тұрған.
Сондай-ақ эпикалық кезеңде «Махабхарата», «Рамаяна» т.б. дастандар таза философиялық шығармалар болмаса да, Үнді халықтарының рухани-мәдени дамуында идеялық көздері ретінде қалыптасып қалған.
Жоғарыда атап өткеніміздей, Үнді философиясының дамуының екінші кезеңі брахманизммен қатар, веда ілімдерінің беделін мойындай бермейтін буддизм және жайнизм сенімдерінің пайда болып өркендеуімен байланысты. Бірақ бұл кезеңде де ведалық дәстүрді қолдайтын брахманизм өзіндік жүйесімен дамып отырда да 6 «даршанды» (көзқарас тәсілі) туғызды:
а) Миманса.
ә) Веданта.
б) Санкхья.
в) Иога.
г) Няя.
ғ) Вайшешика.
Миманса – құрбандық шалу мәтіндерін түсіндіру және ритуалдарды талдауды басшылыққа алса, Веданта – Брахманнан пайда болған әлем, құдайды тану, бірлікте болу идеясын ұсынады. Санкхья – атеистік плюрализмді ұстанғандай болады, Иога – практикалық жаттығулар арқылы рухани өрлеудің жоғары деңгейіне жетудің ілімі, ал Няя – ойлаудың жүйесі мен формалары туралы логикалық ілімдерді негіздесе, Вайшешика – жалпы болмыс туралы, материалдық дүниенің атомдардан құралғандығы туралы сөз қозғайды. Мәселен, «вайшешика» саласында реалдылықтың мынадай жеті категориясы – субстанция (дравья), сапа (гуна), қимыл-әрекет (карма), ұқсастық (саманья), ерекшелік (вишеша), тәндікке қатыстылық (самавая), болмыссыздық (абхава) арнайы қарастырылады. Алдыңғы алты категорияны жағымды реалдыққа, ал соңғысын, болмыссыздықты – теріс реалдыққа жатқызады.
Сонымен қатар вайшешика болу мен болмаудың логикалық жүйесін былайша жіктейді: Абхава (болмыс емес): сансарг-абхава мен аньйонья-абхаваға бөлінеді. Сансарг-абхава бірдеңенің өзгеде қатынаспайтындығын білдірсе, аньйонья-абхава бір нәрсе екінші нәрсе емес екендігін білдіреді. Сансарг-абхава, келесі кезекте, праг-абхаваға, дхванса-абхаваға және атьянта-абхаваға бөлінеді. Праг-абхава заттардың өзінің пайда болғанға дейінгі өмір сүрмейтіндігі. Дхванса-абхава – қалай жаратылғандығының жойылуы нәтижесіндегі заттардың бейболмысы. Атьянта-абхава абсолюттік бейболмыс. Егер праг-абхава заттардың жасалуы мен пайда болуына дейінгі бейболмыс болса, дхванса-абхава – оның қиратылғаннан кейінгі бейболмысы, ал атьянта-абхава заттардың уақыт ағымындағы бейболмысы. Егер сансарг-абхава екі заттың арасындағы байланыстың болмауын білдірсе, аньйонья-абхава бір заттың екіншісінен айырмашылығын білдіреді. Атьянта-абхаваға ұқсас немесе абсолютті бейболмыс сияқты, аньйонья-абхава басталмаған, соңы да жоқ, яғни, ол мәңгілік екендігін атап көрсетеді.
Ежелгі Үнді гносеологиясының (таным туралы ілімінің) ерекшелігі - заттар мен құбылыстардың сыртқы, көрінетін белгілерін (европалық таным түрінің сипатын) емес, сананың нәрселер-құбылыстар дүниесімен қатынасы барысындағы процестерін зерттеу. Осыған байланысты үнді философиясында сана үш түрге жіктеледі: «пракрити» - материалды сана; «пуруша» - таза сана (әлем және адамдар пайда болған бастапқы энергия); «майя» - түстер, елестер.
Үнді философиясында жан екі бастамадан тұрады:
1) атман;
2) манас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет