Байланысты: 1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін
Буддизмдегі «Төрт ақиқат»
Ақиқаттар
Түсіндірмелер
Өмір дегеніміз - азап
«туылу дегеніміз - азап, аурулар мен өлім азап, сүйгеніңнен айырылу азап, сүймегенге қосылу - азап. Өмір дегіннің бәрі - азап»
Азаптың қайнар көзі - біздің өз тілектеріміз
Азаптардың басты себебі - бізге әрдайым бірдеменің керек болуынан және біздің өз қалауымызға еш қол жеткізе алмауымыздан
Азаптан құтылу үшін тілектерден арылу қажет
Тілектерден арылсақ, олардың орындалуынан азап шекпейміз
Тілектерден арылу үшін, Буддалық «Құтылудың сегіз жолын» ұстану қажет
Адам өзін-өзі үгіттеп, молшылықтан бас тартқанмен, тамақ ішу, жеу, жүріп-тұру т.б тілектер сарқылмайды. Өйткені бұл тілектер өмір сүруге деген ұмтылыспен тығыз байланысты
Буддалық «Азаптан құтылудың сегіз жолы».
№
Сатылар
Түсіндірмелер
1
Дұрыс көзқарас
Төрт ақиқатты және Будданың ілімдерін толық білу
2
Дұрыс шешім
Өз өмірін Буддалық ілімге сәйкес өзгертуге деген берік шешім
3
Дұрыс сөз
Өтірік - өсектен, ауыр сөздерден, орынсыз әңгімелерден тартыну
4
Дұрыс тәртіп
Түрлі жаладан, ұрлықтан, өз тілектерін бұрыс жолмен қанағаттандырудан бас тарту
5
Дұрыс өмірсалт
Өмірді адал жолмен қамтамасыз ету: өзін аман алып қалуда харам кірісті пайдаланбау
Заттар мен адал тәннің өткінші екенін ұғыну: менің денем -«Мен» емес. Дене - сүйектен, қаннан, сіңірден құралады, яғни ол ажалды, сондықтан шіритін массаға айналады. Демек оған және жойылып-жоғалатын уақытша заттарға өкіну орынсыз
8
Дұрыс назар (төрт деңгей)
1-деңгей - ақылды қуанышпен, самарқаулықпен және таза ойлаумен рахаттандыру 2-деңгей - қуаныш пен тыныштықты ұғыну 3-деңгей - нағыз мызғымастық, тәндік сезімдерден босау және мызғымастық пен бостандықты ұғыну 4-деңгей - мызғымастық пен бостандық ұғымынан құтылу, еш мызғымастық; азап пен құтылу қажет болмайтын өзін-өзі билеу және жоғарғы селқостық жағдайы
Сансарадан нирванаға өту деп аталатын маңызды философиялық құбылыстағы сансара, мәңгі қайта оралатын жан туралы осы өмірге лайықталған тіршілік болса, нирвана – осылардан азат болған бей-жай, салқын қанды, абсолютті тыныштықтың даналық әлемі болып табылады. Нирванаға жету үшін мынадай кедергілер бар деп есептеледі: тұлғаның алдамшылығы, күдік, көзсіз сенім, тәндік құмарлықтар, жерге деген ынтықтық, рахаттану мен тыныштыққа ұмтылу, тәкаппарлық, өзіне риза болушылық, білімсіздік. Үнді философиясындағы индуистік кезең деп аталған дәуір қазіргі уақыттардағы индуизм сенімінің қалыптасуы мен өркендеп дамуына байланысты. Индуизм брахманизм негізінде дамыған барлық салттарды біріктіретін, діни көзқарастар мен практикалық әрекеттерді орындауды негіздейтін, дәстүр мен мифтерді де қолдайтын Үнді жеріндегі сенім. Негізгі ерекшеліктері: жанның басқаға, тіпті өсімдіктер мен хайуанаттарға да ауысып көшіп жүруі (реинкарнация), бұл дүниеге қызықпау, сиыр мен жылқыларды құрметтеу, касталық бөліну, яғни, қоғамдағы әлеуметтік қабаттарды жоғары-төмендік саты бойынша ажыратып, оның қатаң сақталуын ниеттейді: ең жоғары қабаттарда дінбасылары – брахмандар болса, төменгі қабаттарда құлдар мен шаруалар – шудралар тұрған. Жайнизм Ежелгі Үндіде б.д.д VI-V ғасырларда пайда болып, қазірге дейін тіршілік етіп келе жатқан діни-философиялық ілім. Негізін қалаушы - Вардхамана (б.д.д VI-V ғ) деп саналады. Вардхамана көбіне Махавира («Ұлы батыр») және Джина («Жеңімпаз») деп те аталады. «Жеңімпаз», «Ұлы батыр» есімдері - оның өз құштарлығын жеңіп, рух азаттығына жетуі құрметіне берілген. Жайнизм өз ішінде екі негізгі бағытқа бөлінеді: шветамбарлар («ақ кигендер») және дигамбарлар («жалаңаштанғандар», «ауаны киім еткендер»). Екі бағыт та бірдей философиялық көзқарасты ұстанады, олардың арасындағы айырмашылық діни әрекеттің кейбір сұрақтарына ғана байланысты. Негізгі еңбектері. б.д.д VI- ғасырда жазылған «Шветамбарлар каноны» - (бұл кітапқа Махавираның еңбектері де енген). Дигамбарлар бұл канонның ең ежелгі бөлімдерін ғана мойындайды. Философиялық көзқарастары. Жайнистер құдайдың бар екеніне сенбейді. Олардың ілімінде «Бірегей жан» немесе Құдай жоқ: дүниеде тірі мәнге айналдырылған немесе айналдырылмаған орасан көп және өзгермейтін жан бар. Жанды да, материяны да ешкім жасамаған, олар мәңгі, әуелден бар және әрқашан болады. Жан - барлық заттар мен құбылыстарға ене алатын, тани алатын, бәрінен құдіретті болуы тиіс, әйтсе де жанның мүмкіндігі өзі өмір сүретін денемен шектелген. Олaр сыртқы дүниені және ондағы объектілердің реалды тіршілігін мойындайды. Жайнистер ілімі бойынша, екі мәңгілік бастама және мән бар: жаратылмаған және жойылмайтын тірі джива (жан) және өлі аджива (материя, кеңістік, уақыт, эфир). Жайнизмде жаратылмаған және қиратылмайтын екі мәңгі субстанция қарастырылады: дживы (тірілер, жандар) және аджива (жан емес пен тірі еместер). Оның буддизмнен басты айырмашылығы – дуалистік сипатында. Бұдан да барлық өмір сүретіндердің өзара теңдігі туралы айтылады да, мәңгі рухани монадолар мен материалдық мәнді мойындайды. Осы рухани монадолар мен мәңгі атомдардың өзара әрекеттесуінен мәңгі әлемдік процестер карма заңдары бойынша орындалады деп түсінген. Ал жалпы үнді философиясындағы орталық түсініктердің бірі – карма өмір сүрудің қолайлы және қолайсыз шарттарын анықтайды, шексіз қайта туылуды қолдағанмен, кейде оның шеңберінен шығудың жолын көрсетеді. Жайнизмді қуаттаушылардың пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттардан құралған. Төменгі екі қабатта әзәзілдер, ортаншы қабатта жер, келесі қабатта құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта құдайларға ұқсас джиндар орналасқан деп түсіндіреді.